Баяндама: Т?уелсіздікті? 25 жылында ал?ан мектеп жетістіктері туралы баяндама


Мектеп мерейі
/ Тәуелсіздіктің 25 жылында алған мектеп жетістіктері туралы баяндалады./
Тулепова Аманкул Рахатовна
М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2016 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.
Ал 2015 жылғы 15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында халқымызға арнаған құттықтау сөзінде Елбасы: «Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды», - дей келіп, халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрғанын атап өтті.
 Бұл жыл Мәңгілік Ел болуға бекінген мемлекетіміздің көркеюіне Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылының алғашында медресе,одан кейін жеті жылдық,сегіз жылдық,Ералиев атындағы орта мектеп,М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі, бүгінгі таңда М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы болып қалыптасуында үлкен белестердің сыры мен тарихы, кешегісі мен бүгіні туралы ой толғайтын есепті жылы десек, қателеспейміз.
25 жылда жеткен жетістіктеріміз қандай?
1991 жыл. Қазақстанның тәуелсіздік алып,азаттықтың таңы атып,елімізде тәуелсіз бетбұрыстардың белең алған шағы болатын. Тәуелсіздік ата-бабалардың сан ғасырлық қанымен,ұлтарақтай жері болса да,сыртқа таптатпай,жаны мен өмірін шүберекке түйіп, елі үшін қан кешу арқылы жеткен азаттық еді бұл.Халықтың әлеуметтік ақуалы төмендеп,жұмыссыздық белең алып,жасаған жұмысының айлығын ала алмау,айлық табыс ақшалай емес,заттай берілген, қиын сәттер белең алды.Алайда бұл қиындықтар Ш.Ералиев мектебінің білім сапасына,ондағы жасалып жатқан білім үрдісіне еш нұқсан келтірмеді.Қайта мектеп оқушыларында қоғамдық еңбекке деген белсенділік жоғары болды. Мектепте өткізілетін шараның барлығы дерлік клубта өткізіліп,ауылдың мәдени тұрмысын мектеп мұғалімдері мен оқушылары көтерді.
Тәуелсіздік алған жылдарда мектепті Маткеров Әзендей талапшыл ұстаз басқарып отырған мектебіміз облыс көлемінде «Сенім» мектебі атанды.Осы жылы жекелеген пәндер бойынша ұдайы үздіксіз сапалы білім көрсеткені үшін мектеп аудан көлемінде «Тірек» мектебі атанды.
1993 жылдың елеулі сәті білім ордасына ауылымыздың төл перзенті, жазушы, аудармашы, драматург Маршал Әміржанұлы Әбдіхалықовтың есімі берілді.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі 1994 жылы Ербақиева Үміт,Мырзатаева Алтын сынды түлектер мектепті үздік аттестатпен аяқтап, жоғарғы оқу орнына түсті.
1998 жылы мектебіміздің озат оқушысы,үш мәрте республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жеңімпазы Қазиева Айгерім Шапағатқызы Маңғыстау облысы бойынша тұңғыш «Алтын белгі» иегері атануда үлкен жетістік болды.
2000 жылы ОКИОК компаниясының демеушілігімен 624 балаға арналған екі қабатты жаңа мектеп ғимараты қолданысқа берілді.Және де осы жылы мектебімізде Маршал Әбдіхалықовтың мұражайы ашылды, 2007 жылы Мұражай европалық стильде жаңартылып,бүгінгі заман талабына сай жасақталған.
2001 жылы облыстың «Үздік ауыл мектебі» сайысынан бірінші орынды жеіп алса,
2002 жылдан бастап мектептің басшылық қызметін Әбдірахманов Оңайбай Рахиұлы атқарып келеді. Оңайбай Рахиұлы Түпқараған ауданының «Құрметті азаматы» атағы, «Білім беру үздігі» төсбелгісі, «А.Байтұрсынов атындағы» төсбелгі, «Жыл көшбасшысы» ордені иегері, «Янь Амос Каменский» атындағы медалінің иегері,ХЭжИҒА Профессоры, Аль-Фараби атындағы медаль иегері.
2003 жылы ҚРбілм және ғылым министрлігінің «12 жылдық оқыту бойынша эксперимнттің басталуы туралы»№538 бұйрығынегізінде мектепте сынақ алаңы ашылды.
2004 жылы алғашқы Ұлттық бірыңғай тестте облыстағы «Алтын белгі» алған 7 түлектің екеуі біздің шәкірттеріміз болды. Ауыл мектептері арасында біздің түлектерімізден «Алтын белгі» иегері шыққаны үлкен мақтаныш! Осы жетістікке байланысты мектепке облыстық деңгейде «Өрлеу» номинациясы берілді.
2005 жылы ауыл жылы қорытындысымен өткен «ХХІ ғасырдың таңдаулы ауыл мектебі» республикалық сайысында 1-орын алып, облыстың атағын білім сапасы бойынша бірінші рет Қазақстанға танытты.
-2006 жылы облыстық «2006/2007 оқу жылына үздік дайындалған мектеп» байқауынан ІІ орынды иеленді;
2006 жылы біздің мектебімізде қонақта болған Білім және ғылым министрі Б.Әйтімова:
«Ауыл мектебі осындай болуы керек!»- деп жоғары бағалады
2007 жылы мектебіміз облыстық «Жаңа оқу жылына үздік дайындалған мектеп» байқауында ІІ орын иеленді.
2011-2012 оқу жылы әдістемелік жұмыстар қорытындысына жасалған мониторинг нәтижесінде аудан бойынша ІІ орынды иеленді;
2012 жылы толықтай электронды оқыту жүйесіне қосылды, жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етілді.
2013 жылы облыста бірінші рет облыс әкімі мен білім басқармасы тағайындаған 14 979 000 теңге көлемінде «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын жеңіп алды.
2013,2016 жылы Англияның Кембридж Университеті профессоры,психология ғылымдарының докторы Лиз Уинтер мен Назарбаев университеті өкілдері Дархан Билялов,Арайлым Солтанбекқызы «Білім беру реформаларын халықаралықтандыру» ғылыми зерттеу жобасы аясында мектебімізде іс-сапарда болып, семинарлар, фокус-топтармен жұмыстар жүргізді.Білім ордасының 24 педагог қызметкері халықаралық деңгейдегі сертификаттар алды.
2014-2015 оқу жылының қорытындысына жасалған мониторинг нәтижесінде аудан бойынша І орынды иеленуі,2015 жылдың мамыр айында республикалық «Ең үздік мектеп» сайысына қатысып, Бас жүлдені иеленуі,2015 жылы аудан мектептері арасында өткен «Салюті Ұлы Жеңістің, Нұрландырды Жер үстін!» атты фестивальде бас жүлде иеленуі, 2016 жылы облыстық «Құқық бұзушылыққа жол» байқауынан І орын алуы – мектеп мұғалімдерінің қажырлы да табанды еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз.
Тәуелсіздік алған жылдардағы білім ордасының тағы бір үлкен жетістігі, Маршал мұражайының заманға сай жасақталып,оқушыларды елжандылыққа баулуда таптырмас рухани құндылық екендігін айта кеткен жөн.
2016 жылы өткен «Үздік мұражай» байқауында бас жүлде иеленді. Мұражай меңгерушісі Бимағанбетова Ақерке.
Сонымен қатар 2015-2016 оқу жылы өз жаңалығымен ауыл жұртшылығын, мектеп оқытушылары мен қызметкерлерін де үлкен қуанышқа бөледі. Ұзақ жылдарғы нәтижелі еңбек, талмай іздену – мектептің гимназия мәртебесін иеленуіне алып келді.
2016 жылы облыстық «Кәсіптік бағдар» бойынша «Үздік мектеп» байқауында І орын иеленді.
Бүгінгі таңда мектеп ұстаздарының саны 96-ы құраса, оның ішінде «Ерен еңбегі үшін медалі» иегері -1, «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» төс белгісі-1, «Халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісі - 1, «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері-12, ҚР «Озық қызметкері»- 1, Аға оқытушы -1, «Д.Қонаев атындағы орден» иегері -1, «А.Байтұрсынов атындағы орден» иегері- 6, «Қ.Сәтбаев атындағы орден» иегері – 1,«Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі – 9, «Үздік кітапханашы» төсбелгісі иегері- 1, «Халықаралық Ақтөбе Экология және Инженерия Ғылым академиясының Профессоры» ғылыми атағы иегері -1, Түпқараған ауданының «Құрметті азаматы» атағы иегері -1, «Алтын канат» төс белгісі иегері -1, «Жас сұңқар» жастар премиясының иегері – 4 болса, Республикалық ғылыми жобалар бойынша «Алтын медаль» иегері-2, «Қола медаль»иегері -1,
Облыстық мұғалімдер арасында өткізілетін жекелеген сайыстарда жүлделі орындар алған Бекова Күлән, Есенкөбекова Гүлсағия, Арапаева Гүлсім, Әділханова Насіп, Бимағанбетова Ақерке, Байманова Роза, Қалиева Ақжарқын,Көшербай Тілектес, Қозыбақ Айгерім,Ерғалы Гүлжамал, Дүйішова Гүлбаршын, Нұртаева Шолпан, Әлдекова Жанар, Абдіғалиева Салтанат, Бітімова Роза, Бишенова Ажар,Сабутаев Қайырғали,Әлібекова Алия,Шағанова Гүлім,Тұрғанбаева Гүлшарипа, Сәрсенбаева Гүлжамила,Тулепова Аманкул, Бекова Гүлмира, Қойшина Айсауле,Амантаев Қамбар, Төлеубаева Санибаш, Қабақова Гүлима, Қаражанова Жанна, Аққұлова Айнұр, Бөлеубаева Гүлбану, Құлмырзаева Айгүл, Оңдағанова Жұмагүл,Хасанов Райымбек, Қадірова Гүлбануларды ерекше атап өтуге болады. Мұғалімдер мен оқушылардың олимпиададағы, ғылыми жобалардағы жетістіктері,өнер,спорт саңлақтары жетістіктері жылдан-жылға артып отырды. Тәуелсіздіктің 25 жылында жүздеген оқушылар мектеп мерейін асырса, Ғылыми жобалар байқауында алғаш рет 2005 жылы Республикалық кезеңнен Бекова Күләннің жетекшілігімен Көшербай Ақжүніс ІҮ орын алса, 2009 жылы Тулепова Аманкулдің жетекшілігімен Қожанай Шынар Кіші ғылым академиясы ғылыми жобалар байқауынан 2 орынды иеленді.2011 жылы Қуанышов Ғазіреталі Республикалық Кіші ғылым академиясынан «Сандардың бөлінгіштігі» жобосымен 3 орынды алды. Жетекшісі Дүйішова Гүлбаршын. 2011 жылы республикалық ғылыми жобалар байқауынан алғаш рет «Алтын медалды» қанжығасына байлаған Амантаев Қамбардың шәкірті Макенов Ержан болса, осы ізбен қадам басқан Аязханов Сұңқар2016 жылы халықаралық байқаудан 3 орынды жеңіп алып,ҰБТ- сыз грант иегері атанды. 2014 жылы Амалова Сымбат республикалық байқауда «Әлихан Бөкейхан және Маңғыстау» тақырыбымен ғылыми жоба қорғап, 2 орын алды. Жетекшісі Тұрғанбаева Гүлшарипа. Сонымен қатар республикалық ғылыми жоба сайысында қатысып, ынталандыру алған оқушылар: Қайырғалиқызы Жайна,Сиражова Гүлфайруз,Байсенова Гаухар,Дүйішова Перизат.
2016 жылы Бүркіталиев Абылай «Аққу шоқ жұлдызы» тақырыбымен , Құрамыс Ади «Су ресурстары проблемаларын шешу жолдары» тақырыбымен халықаралық ғылыми жобалар сайысына қатысып,жүлделі орындарға ие болды. Жетекшісі Рахиева Айжан.
2016 жылы 9 сынып оқушысы Дүйсекенова Арай «Қаламқас батыр» тақырыбында ғылыми жоба қорғап, республикалық кезеңнен «Қола медальды»,2017 жылы «Күміс медалды» жеңіп алды. Жетекшісі Көшербай Тілектес. Тілектес дайындаған тағы бір дарынды оқушы Амангельді Данияр «Әбіш Кекілбаев қазақ әдебиетінің ұлы талант иесі» тақырыбымен рсепубликалық сайыста ғылыми жоба қорғап,жүлделі 3орын Қола медальді иеленді. 2017 жылы 1-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңнен Оңайбай Бекнияз ІІ орын /Жетекшісі Құлмырзаева А /, Жұмағали Бақтыгүл І орын /Жетекші Абдикаримова М/. Жақында Халықаралық ғылыми жобалар байқауынан Бүркіталиев Айберік пен Шакиров Бекарыс «Аққу шоқ жұлдызы» тақырыбымен қатысып, ІІ жүлделі орын алып, «Күміс медаль» иеленді. Жетекшісі Рахиева Айжан.,Амантаев Қамбар.
Олимпиада жеңімпаздарына тоқталсақ,Айтуаров Мұхит,Нөкенов Амандық,Нөкенова Нүргүл,Ізтілеуов Қалдыбек,Досбаева,Ербақиева Алтын,Қорашова, Ізтүрова Нағима,Қойлыбаева Әдемі,Әйкешов Нұржан,Көшербаева Тілектес, Мырзақұлов Арнұр, Қазиева Айгерім,Бекбосынова Арайлым,Өтегенова, Қабақова Индира,Шығысова Фариза, Амалова Ақжүніс,Өмірзақ Акерке, Дүйішова Перизат,Оңайбаев Жалғас,Есенова Нұргүл,Айладырова Меруерт,Оқубаев Байбол, Жазбаев Дауіт,Жаңбырбай Сағындық, Дүйсекенова Арай, Шакиров Бекарыс, Надирханов Жарасхан, Орынжанова Сәуле.Бөрібай Аружан.
Өнер көгінде жұлдыздай жарқыраған эстрада әншісі Тамара Асар мектебіміздің 1993 жылғы түлегі. Тамарадан басқа Айдарбаева Назгүл, Латипова Айгүл,Барғанаева Гүлзипа,Құлтумаев Ербол,Жүсіпхан Гүлназ, Оразғалиева Сандуғаш,Борашов Салауат сынды талантты шәкірттер өнердің дүбірлі додаларында бірнеше дүркін жеңімпаздар атанып, мектеп мақтаныштарына айналды.2015 жылы Біріккен Араб әмірлігі,Дубай қаласында өткен халықаралық әншілер байқауынан шәкіртіміз Өтешова Іңкәр І орынды жеңіп алды. Республикалық «Ақ көгершін», «Таланттарды іздейміз», «Мұқағали оқулары», «Абай оқулары» байқауларынан Мерекеқызы Ақмаржан, Борашов Айтбек,Мырзабек Мерейлім,Жаңбырбай Айкүнім жүлделі орындар алып мектеп абыройын асқақтата түсті. Би өнерінен алғаш рет республикалық сайыста Жарылғасқызы Айжан бас жүлде алса, мың бұралған бишілердің «Гүлдерай» тобы да облыс деңгейде өз репертуарымен таныла бастады.
Мәнерлеп оқу сайысы,жас ақындар мүшайраларынан Жандос Демесін, Әлібекова Майрамгүл, Мөңке Сұңғат, Жылғалиев Жанболат, Шығысова Фариза, Қаниев Марат, Аманқос Самат,Алпанова Фариза, Сираж Айбек, Алпанов Мейрамбек, Тәжімағамбет Ернар,Төлепберген Ернар,Мұханбедиева Лаура бірнеше дүркін республикалық сайыстың жеңімпаздары атанды. 2012 жылы Әбетова Шолпанның шәкірті Шығысова Фариза «Жарқын болашақ» республикалық байқауында С.Демирел университетінің грант иегері атанса, 2015 жылы Өтесова Алтынның шәкірті Қаниев Марат республикалық «Ақберен» шығармашылық сайысынан А.Яссауи университетінің грантын жеңіп алды.
Шәкірттеріміз білімділік, өнер байқауларынан басқа спорттық сайыстарда да жоғары жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Әдеков Нұрлыбек, Ізбасаров Абай, Беков Берік, Қосжанов Қанат, Есенғұлов Данияр,Темірханов Қалмұрат, Орысбаев Ануар, Амангелді Ануар, Амангелді Дамир, Амангелді Данияр,Диас,Бөкенбаев Ернар,Мырзахан Дәурен облыстық,республикалық,халықаралық спорттық жеңімпаздары.
Мектебіміздің бір ерекшелігі түлек ұшқан шәкірттерімен 10,20 жылдық кездесулер тұрақты өткізіледі. Шәкірттеріміз өз ұстаздарын , алтын ұя мектебін ұмытпайды. Былғы жылы 1996 ,2006 жылғы түлектеп мектеп ауласын көгалдандыруға,гүлдендіруге көп көмегін тигізді.
ҰБТ нәтижесі бойынша 2004жылы -6,2005 жылы-8, 2006 жылы-8,2007жылы -11,2008жылы-13,2009жылы-11,2010жылы-12,2011жылы-15,2013жылы-8,2014жылы-1, 2015жылы-6, 2016жылы-16 түлек мемлекеттік грант иеленді.
Білім ордасының аталған жетістіктері мектептің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында шығарылған «Білім ордасына 60жыл», 70 жылдығына орай баспадан шыққан «Білім байтерегі» жинақтарында кеңінен жарияланды.
Тәуелсіздіктің 24,25 жылдары біз үшін табысты жыл болды. Мектебіміз «ГИМНАЗИЯ» мәртебесін алды. Яғни 2015-2016 оқу жылында мектеп оқушылары алғаш рет халықаралық ғылыми жобалар байқауына қатысып,жүлдемен оралды. Осы жылы Ғылыми жобалар бағыты бойынша 16 оқушы халықаралық деңгейді бағындырса, Респубикалық деңгейде 23 оқушы ән , би, мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпаздары атанды. облыстық «Дарынды балаға талантты -ұстаз» байқауы, «Қазақстан- елім менің», «Қазақстан- менің алтын бесігім», «Робототехника» «Абай оқулары», Махамбет окулары,Маңғыстаунама,Әбіштану байқауларының жеңімпаздары атанды.Қазақстан интернет олимпиадасына 380 оқушы қатысып, 28 оқушы алтын,күміс ,қола медаль иегерлері атанды. Мектеп- гимназиямыз интернет олимпиададан аудан бойынша І орын, облыс бойынша ІІІ жүлделі орынды иеленді.Бұл орайда Дарынды оқушылармен жұмыстың қарқынды дамуы Рахиева Айжанның,Амантаев Қамбардың, Құлмырзаева Айгүлдің,Бимағанбетова Ақеркенің, Тулепова Аманкулдің,Құрмашова Жұмагүлдің,Қойша Алмагүлдің,Өтесова Алтынның, Көшербай Тілектестің,Хасанов Райымбектің,Қошанова Айнұрдың,Тұрғанбаева Гүлшарипаның өлшеусіз еңбегі деп білеміз..
Мектеп мұғалімдері мен оқушылары қайырымдылық шараларға «Мектепке жол», «Туған елге тағзым», «Жолашар» акцияларына белсене қатысады. Оқушылардың жазғы демалысын саяхаттарға,демалыс орындарға ұйымдастыруы жоғары деңгейде.
Ұстаздарымызға құрмет белгісі ретінде,олардың есімдерінің мәңгі өлмейтіндігі,халық аузында айтылып,көшелерінің тарихын білуге қызушылығын әрбір жас буын үшін қызықты,әріөнеге,әрі ұлықтау, Мектеп тарихындағы мұғалімдерінің ішінде көше есімі берілген бір туар тұлғалар: Балсұлу Сахиева ,Шахатов Тасқынбай, Кезбаев Тәжіғұл, Елубаев Мақаш, Шахшабасов Жолбай, Қазиев Жалау. Киелі білім ордасы-М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының ғимараты Балсұлу Сахиева көшесінде орналасуы біз үшін мерей,мақтаныш!
Ұстаздарымыз мектеп тарихында алтын әріптермен жазулы.Олардың бейнелері мәңгі жадымызда, мектеп мұражайының бірінші бөлімі ұлағатты ұстаздарға арналған.
Ұстаз ұлы есім. Ұлағатты ұстазды құрметтеу,олардың еңбектерін елеу,шығармашылығын шыңдау мақсатында мұғалімдерге арналған кештер өткізіліп тұрады.2005 жылы Қабылұлы Сүйіндік,Жанашова Дина,Абдирахманов Оңайбайдың «Ұлылық ұстаздан» тақырыбында,2008 жылы Әбетова Шолпанның,Қалиева Қаламқастың,Бекова Күләннің «Ауыл,Ұстаз,Ана» атты,Майшаева Ақбалалның,Тасқынбаева Ибаштың Бүркітбаева Алтынның шығармашылық кештері,2011 жылы Арапаева Рахиманың, Есенкөбекова Гүлсағияның, Хасанова Күләнданың, Қараманова Ақсұлудың «Санасын сан шәкірттің зерлеткендер» тақырыбында шығармашылық кештері,2015 жылы Шебер басшы,Шынайы тұлға» атты Маткеров Азен Маткерұлының 80 жылдық мерей тойына арналған кеш өткізілді.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойы құтты болсын!!! 25 жылдықтағы жетістіктіктерімізбен таныстыңыздар!!! Мектеп ұжымының асар аулары мен шығар биіктері,толағай табыстары арта берсін!!! Мәңгілік елдің рухы биік ұрпақтарын тәрбиелеуде еңбектеріңіз жана берсін!!!