Б?рын?ы ?ткен ша? 7 сынып


Пәні: Қазақ тілі
Класс: 7 «в» классУақыты: 11.02.15ж
Сабақтың тақырыбы: Бұрынғы өткен шақ
Мақсат-міндеттері:
А) ақпараттық құзыреттілік
Ә) коммуникативтік құзыреттілік
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі Оқушылардың бастауышта алған білімдерін пайдалана отырып өткен шақтың мағынасы мен жасалу жолына қарай нешеге бөлінетіндігін түсіндіріп, бұрынғы өткен шақтың жасалуын меңгерту.
Бұрынғы өткен шақтың жұрнақтарын III жақтағы жіктік жалғауынан ажырата білуін қалыптастыру.
Берілген жаттығулар мен тапсырмаларды өз бетімен орындай білуге дағдыландыру;
Сабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық, морфологиялық талдау әдісі
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Дамыта оқыту технологиясы, СТО, АКТ
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Оқулық, топшама, кесте
Сабақтың барысы: Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасып,сынып бөлмесінің тазалығын қадағалайды. оқу құралдарының толықтығына көңіл бөледі, зейіндерін сабаққа аударады.
Мұғаліммен амандасып, кезекші қызметін атқарады. Құрал-жабдықтарын шығарады, зейіндерін сабаққа аударады. Амандасу арқылы мұғалім мен оқушы арасында сыйластық, ізеттілік қарым-қатынас орнайды.
IIҮй тапсырмасын тексеру 147-жаттығу.
Оқып шығып, өткен шақ мағынасын білдіріп тұрған етістіктерді табыңдар.
Біраз оқушы жазғы демалыс кезінде тауға серуендеуге шықты.Олар таудың етегіндегі шоқ ағашқа келіп, біраз демалып отырды.Осы кезде Мұқан мен Кәкімтай ағаш ішін аралап кетіп еді.Екеуі сәл ілгері жүгіріп келе жатып, бір мөлдір бұлақтың үстінен шықты.Екі бала бұлақтың бойын қуалай жоғары өрледі.Көп ұзамай-ақ олар бұлақтың көзін тапты.Бұлақтың басында серуендеп жүрген балалар түгел жиналды.Судың дәмін бәрі де татып көріп, түрлі-түрлі пікірлер айтты.Оның суы асқазан ауруын емдейтін аса қадірлі, шипалы су болып шықты.Бұл суды ішіп, талай адам жазылды.Олар әр уақытта сол бұлақты тапқан оқушыларды құрметпен еске алатын болды. 147-жаттығу.
Біраз оқушы жазғы демалыс кезінде тауға серуендеуге шықты.Олар таудың етегіндегі шоқ ағашқа келіп, біраз демалып отырды.Осы кезде Мұқан мен Кәкімтай ағаш ішін аралап кетіп еді.Екеуі сәл ілгері жүгіріп келе жатып, бір мөлдір бұлақтың үстінен шықты.Екі бала бұлақтың бойын қуалай жоғары өрледі.Көп ұзамай-ақ олар бұлақтың көзін тапты.Бұлақтың басында серуендеп жүрген балалар түгел жиналды.Судың дәмін бәрі де татып көріп, түрлі-түрлі пікірлер айтты.Оның суы асқазан ауруын емдейтін аса қадірлі, шипалы су болып шықты.Бұл суды ішіп, талай адам жазылды.Олар әр уақытта сол бұлақты тапқан оқушыларды құрметпен еске алатын болды. Оқушылар үй тапсырмасын орындап келіп, өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін көрсетеді.
II.Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық
Жедел өткен шақ
Ол ауылға барды.
Бұрынғы өткен шақ
Ол ауылға барған еді. Жедел өткен шақ
Ол ауылға барды.
Бұрынғы өткен шақ
Ол ауылға барған еді. Оқушылар сөйлемді түрлендіріп, талдап бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.
IІІ.Жаңа материалды меңгерту Өткен шақ
Өткен шақ қыймылдың сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткендігін білдіреді.Мысалы: Ол оқуды бітірді.Шалдың бір баласы болыпты.

Өткен шақ
Бұрынғы өткен шақ
Жедел өткен шақ
Ауыспалы өткен шақ
Бұрынғы өткен шақ
Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді.
а) Бұрынғы өткен шақ – ып, - іп, - п тұлғалы
Жақ Жекеше Көпше
I кел-ді-м
келдік
II кел-ді-ң
Кел-ді -ңіз
Келдіңдер
Келдіңіздер
III келді келді
Ескерту: Жедел өткен шақтың жұрнағы (ды, ді, ты, ті) мен III жақтың жалғауын (ды, ді, ті, ті) шатастырмау керек.Бұл қосымшалардың тұлғасы бірдей болғанмен, мағынасы мен қызметі басқа.III жақ жіктік жалғауы шақ мағынасын білдірмейді, ал жедел өткен шақ жұрнағы жақ мағынасын білдірмейді.
III жақтың жіктік жалғауы тек көсемшенің (ып, іп, п )және (а, е, й) жұрнағынан кейін ғана жалғанады: келіпті, қарапты, келеді, қарайды.Ал жедел өткен шақ жұрнағы етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне және етіс, болымсыз етістік тұлғаларына тікелей жалғанады. Өткен шақтың ережесін, түрлерін, Жедел өткен шақтың жұрнақтарын кесте, тірек-сызба арқылы меңгереді.
Оқушылар III жақ жіктік жалғау мен жедел өткен шақ жұрнақтарының бір-бірінен айырмашылығын,жасалу жолдарындағы ерекшеліктерін жазып алады.
IV.Жаңа білімді бекіту тапсырмалары
148-жаттығу
Оқып шығып, қазақ елі түрлі ұлттардың Отаны бола білгендігін түсіндір.Мәтіннен жедел өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, қалай жасалғандығын түсіндір.
Соғыс қарсаңында және соғыс кезінде «сатқындық пиғылда» деген жөн – жосықсыз айып тағылған тұтас халықтарға қарсы қатаң қуғындау шаралары қолға алынды.Бейбіт жатқан бейкүнә жандарды тығыз-таяң жүк вагондарына тиеп, біздің далаға жөнелтіп жатты.Ондаған мың қоныс аударған адамдар осындай тағылық айдаудың салдарынан аштықтан, суықтан және дерттен дүние салды.
Сол кезде Қазақстанға 100 мыңға жуық Қиыр Шығыс корейлері, 800 мыңдай Еділ бойының немістері, КСРО-ның Батыс аймақтарынан 100 мыңнан аса поляк, Терістік Кавказдан 500 мыңнан астам тұрғыны күштеп қоныстандырылды.Қазақстанға күштеп көшірудің қара дауылын Қырым татарларының, гректердің, қалмақтардың ондаған мың отбасылары, басқа да кеңес халықтарының өкілдері бастан кешті.
1-тапсырма
Шығармашылық жұмыс
Берілген етістіктерді орнына қойп, өлеңді тұтас оқыңыз.
Тындырдым, алдым, жаттадым, жардым, салдым, оқыдым
Дүйсенбі-алғашқы күн аптаның
Сейсенбіге дейін тақпақ ...
Сәрсенбіде сурет ...
Бейсенбіде екі «бестік» баға ...
Жұма күні жаңа кітап ...
Сенбі күні отын ...
Жексенбіде біраз істі ...
2-тапсырма
Берілген жаңылтпаштардан жедел өткен шақ етістіктерін табыңыз.
1) Шынтемір
Шықпен шыланған шөпке
Шындалған шалғысын шық еткізді.
2) Ізшілер іздесті,
Түз кезді, із кесті.
3) Қанат қанағаттанарлық баға алды,
Қанағат қанағаттанарлықсыз баға алды.
4) Бір қыз кесте тікті,
Кестесін түсте тікті, кеште тікті.
5) Жапалақтап, қаптап ақ қар жауды,
Алқапты аппақ қар жапты.
3-тапсырма
Берілген жұмбақтарды шешіп, құрамындағы жедел өткен шақты табыңыз.
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл, сары, жасылды.
Көкте бір зат асылды. (кемпірқосақ)
Есімінде екі сөз бірігіпті,
Балалар бірін ұқпай, бірін ұқты.
Ақпанда Арқа жақтан барған кісі,
Бұл қала тұрған маңда жылыныпты. (Шымкент)
Екі аяқты, бір ізді,
Үстіне мені мінгізді.
Мінгізгенмен, ол менің
Аяғымды жүргізді. (велосипед)
Киіміммен суға түстім,
Бірақ әлі құрғақ үстім. (судағы бейне)
Аспан көгі жамылды,
Қара мақпал бүркеніп.
«Т» орнына «К» қойсаң.
Жылытып жон, шағылды,
Тұтам елге нұр төгіп. (Күн, түн) 148-жаттығу
Соғыс қарсаңында және соғыс кезінде «сатқындық пиғылда» деген жөн – жосықсыз айып тағылған тұтас халықтарға қарсы қатаң қуғындау шаралары қолға алынды.Бейбіт жатқан бейкүнә жандарды тығыз-таяң жүк вагондарына тиеп, біздің далаға жөнелтіп жатты.Ондаған мың қоныс аударған адамдар осындай тағылық айдаудың салдарынан аштықтан, суықтан және дерттен дүние салды.
Сол кезде Қазақстанға 100 мыңға жуық Қиыр Шығыс корейлері, 800 мыңдай Еділ бойының немістері, КСРО-ның Батыс аймақтарынан 100 мыңнан аса поляк, Терістік Кавказдан 500 мыңнан астам тұрғыны күштеп қоныстандырылды.Қазақстанға күштеп көшірудің қара дауылын Қырым татарларының, гректердің, қалмақтардың ондаған мың отбасылары, басқа да кеңес халықтарының өкілдері бастан кешті...
1-тапсырма
Дүйсенбі-алғашқы күн аптаның,
Сейсенбіге дейін тақпақ жаттадым,
Сәрсенбіде сурет салдым,
Бейсенбіде екі «бестік» баға алдым,
Жұма күні жаңа кітап оқыдым,
Сенбі күні отын жардым,
Жексенбіде біраз істі тындырдым.
2-тапсырма
1) Шынтемір
Шықпен шыланған шөпке
Шындалған шалғысын шық еткізді.
2) Ізшілер іздесті,
Түз кезді, із кесті.
3) Қанат қанағаттанарлық баға алды,
Қанағат қанағаттанарлықсыз баға алды.
4) Бір қыз кесте тікті,
Кестесін түсте тікті, кеште тікті.
5) Жапалақтап, қаптап ақ қар жауды,
Алқапты аппақ қар жапты.
3-тапсырма
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл, сары, жасылды.
Көкте бір зат асылды. (кемпірқосақ)
Есімінде екі сөз бірігіпті,
Балалар бірін ұқпай, бірін ұқты.
Ақпанда Арқа жақтан барған кісі,
Бұл қала тұрған маңда жылыныпты. (Шымкент)
Екі аяқты, бір ізді,
Үстіне мені мінгізді.
Мінгізгенмен, ол менің
Аяғымды жүргізді. (велосипед)
Киіміммен суға түстім,
Бірақ әлі құрғақ үстім. (судағы бейне)
Аспан көгі жамылды,
Қара мақпал бүркеніп.
«Т» орнына «К» қойсаң.
Жылытып жон, шағылды,
Тұтам елге нұр төгіп. (Күн,түн)
Оқушылар жаттығуды орындау арқылы өз ойларын ортаға салады.Жедел өткен шақтың жасалуын баяндайды.
Оқушылар берілген етістіктерді орнына қойып өлең ұйқасын құрастырады.
Оқушылар жаңылтпаштарды мүдірмей оқып беріп, құрамындағы жедел өткен шақ етістіктерінің жасалуын түсіндіреді.
Берілген жұмбақтарды шешу арқылы оқушылар ой ұшқырлықтарын дамытып, тақырыпты бекітеді.
V. Үйге тапсырма 151-жаттығу.Мәтінді оқып, Потанинге мінездеме беріңдер.Жедел өткен шақта тұрған етістіктерді табыңдар.
Жазды, еді, тұжырады... Үй тапсырмасын жазып алады.
VI.Қорытындылау Оқушылар бағалау кестесі бойынша жинаған «+» таңбаларының санына орай бағаланады.
-Осымен сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! Оқушылар мұғалімнің сабақты қорытындылауын тыңдайды. Оқушыларды кемшіліктері, жетістіктеріне қарай бағаланады.