?ткен ша?.Жедел ?ткен ша? реферат


Сабақтың тақырыбы:Өткен шақ.Жедел өткен шақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік-етістік,оның категориясы туралы білімдерін кеңейту,өткен шақ жедел өткен шақ туралы білімдерін қалыптастыру,олардың құрлымын,ерекшеліктерін зерттеп тану.
Дамытушылық-оқушылардың ой-өрісін кеңейту,талдау жұмыстары арқылы сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін дамыту,ойлау, дағыдысын,көркем жазу мен сауатты жазу дағдыларын жетілдіру,шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік-шығармашылық жұмыстардағы ойды арқау ете отырып,адамгершілік,еңбексүйгіштік,ынтымақтастың қасиеттерге тәрбиелеп, әр оқушының өз ана тілін қадірлей білуге жетелеу.
Типі:Іздену сабағы
Түрі:Жаңа білімді меңгерту
Әдісі:Сұрақ-жауап,талдау, «Аргументтер» стратегиясы,
« Реставрация»стратегиясы, « Түсініксіз жазу» старегиясы шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі:тірек- сызба,кестелер,бағалау парағы,т.б
Пәнаралық байланыс:әдебиет
Сабақтын барысы.
I.Ұйымдастыру
а) Кезекшілік сұхбат.Оқушыларды түгелдеп,оқу құралдарын тексеріп,сабаққа даярлығын білу.
Ә) Бүгінгі сабаққа жақсы ахуал қалыптастыру.
Топтарға бөлінеді.
II .Үй тапсырмасын сұрау
Жуан,жіңішке сұрақтар арқылы сұралады.
165-жаттығу.
III.Жаңа сабақ
«Түсініксіз жазу» стратегиясы бойынша оқушылар бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын табу керек.
Сбөткен шақ с жеделрөткеншақт
Өткен шақ

Жедел өткен шақ Бұрынғы өткен шақ Ауыспалы өткен шақ
Жедел өткен шақтың жасалуы
1.Жедел өткен шақ негізгі етістіктің түбіріне-ды,-ді,-ты,-ті жұрнағы жалғану арқылы жасалады.Жіктеліп қолданылады.Мысалы:к-өр-ді-іңіздер,оқы-ды-м
2.Жедел өткен шақ болымсыз етістікке-ды,-ді,-ты,-ті жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Жіктеліп қолданылады. Мысалы: сөй-ле-ме-ді-ңіз. т.б
3. Жедел өткен шақ етістік- ды,-ді,-ты,-ті жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Жіктеліп қолданылады. Мысалы:кір жу-ыс-тым,сөйле-т-ті-ң.
Кітаппен жұмыс. «Реставрция»стратегиясы.143-жаттығу
Оқушылар мәтінмен өз бетінше танысады.
Келесі кезекте оларға мәтін жетіліксіз құрлымдық бөлімдермен беріледі.
Оқушылар бос жерлерді толтыруы керек.
Шоқанның дүние салғанын естіген 65-жастағы карт шешен катты.......,халық алдында жырмен былай деп тіл.............:
Ескендір жиһан кешті,
Неше ғалым дүниеден..........,
Айла таппай бәрі де өшті.
Бұл да сол ғалымның бірі еді,
Арманына жетпей..........
...Атқа салдым терлікті,
Көрсеттім жауға.........
Мен кеткен соң,халқым-ай,
Көрерсің жаудан қорлықты
Тістеумен өттім.........,
Бермедім жауға елімді.
Мұсылманнан жау...............,
Сындырдың,алла,белімді. (Кейкібатыр)
144-жаттығу.Берілген сөздерді талдап,жедел өткен шақ тұлғасына ұқсас (омонимдес) қосымшаларды көрсетіп,белгі (+) салыңдар.
Берілген сөздер Туынды сөз Жіктік
жалғау Септік жалғау Жедел өткен шақ
Кет-ті Бақ-ты Жаз-ды Ат-ты Сана-ды Бар-ған-ды Нан-ды
Поэзия сәті
Оқушылар әдебиет пәнінен өтілген поэзиялық шығармашылық үзінді оқиды.Үзінділерден шақтың түрлерін табады.
IV.Сабақты бекіту « Аргументтер» страгиясы
V.Сабақты қорыту. «Теориялық диктант»
VI.Бағалау
VII.Үйге тапсырма: «Жедел болып өткен әркет-қимылдар» тақырыбында қызықты хабарламалар жазу.