?аза? тілі п?ні бойынша: ?ткен ша?. Жедел ?ткен ша?


Пәні: қазақ тілі
Күні: 20.01.2017жСыныбы: 7 «а»
Сабақтың тақырыбы: Өткен шақ. Жедел өткен шақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өткен шақ және оның түрлері, жасалу жолдары туралы түсінік беру. Өткен шақтың мағыналық түрлерін бір-бірінен ажырата білуге үйрету, түрлі тапсырмалар беру арқылы өтілген тақырыпты бекіту.
Дамытушылық: Танымдық  қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау   қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, мейрімділікке, кішіпейілдікке, топпен жұмыстана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: сұрақ – жауап. Ойын, семантикалық карта
Сабақтың көрнекілігі:интереактивті тақта, портрет, гүлдер, плакат
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Назарларын сабаққа аудару
Тілді жаттықтыру ( сұрақтарға жауап беру)
Бүгін қай күн?
Қазір қандай сабақ?
Біз қай тілде сөйлейміз?
Қазір көңіл күйімі қандай?
Қазір жылдың ұай мезгілі?
Қыста табиғатта, ауа райында қандай өзгерістер болады?(күн суытады,қар жауады,боран соғады, қырау түседі, аяз шымшылайды, су қатады)
Енді өздерін айтып шыққан сөздерін сөз таптарының қайсысы жатады?
Етістік дегеніміз не?
Етістіктің неше шағы бар?
- ия, енді байқағандарындай 3 топтың үстінде үш шақ жазулы тұр, біз бүгінгі сабағымызды үш топқа бөліну арқылы өтеміз. Енді менің қолымдағы парақшалардың ішінен біртіндеп таңдап аламыз. Осы шақ, өткен шақ, келер шақ деп жазылған парақшалар арқылы үш топқа бөлу. Бірдей түскен балалар бір топ болады.
Үш топ: осы шақ , өткен шақ, келер шақ
Сендерді сабақ соңында бағалау үшін әр топ өзіне топ басшысын сайлап аламыз. Топ басшысына бағалау парағы беріледі. Топ басшысы сабақ барысында кім қалай сабаққа қатысып отырғанын қадағалай отырып сабақ соңында оқушыларға өз бағасын ұсынады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:133 - жаттығу
ІІІ. Жан –жақты білімін тексеру: Кубизм әдісі арқылы тексеру.
Сұрақтары:
Морфология дегеніміз не?
Сын есімнің түрленуі. ( сын есімнің шырай формасына енуі оның түрленуі, екі түрлі шырай түрі бар салыстырмалы күшейтпелі)
Салыстырмалы шырай дегеніміз не?(біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрі)
Осы шақ дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?(сөйлеп тұрған кездегі іс – әрекетті білдіреді,нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ)
Нақ осы шақ дегеніміз не? (қимылдың, іс –әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді. Құрамына қарай жалаң және күрделі)
Ауыспалы осы шақ дегеніміз не?( қимыл іс –әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді а,е,й көсемше жұрнақтары жалғанып барып жіктелуі арқылы жасалады.)
ІҮ. Жаңа сабақ.
Өткен шақ қимылдың іс –әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді.Мысалы:Ол кезде сен оннан асқансың. Шалдың бір баласы болыпты. Демалыста оқушылар қалаға баратын.
-Енді осы жерде мысалдар келтірілген әр топ бір мысалды оқып ол неліктен өткен шақта тұрғанын дәлелдеп айтуларын керек.
Өткен шақтың түрленуі
Өткен шақ мағынасына мен жасалуына қарай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді. Осы үш түрінің ішінен бүгін біз сіздермен жедел өткен шақпен танысатын боламыз. Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазып жаңа сабағымыздың тақырыбын жазып қойыңыздар.
Жедел өткен шақ әдетте қимылдың , іс –әрекеттің таяу уақытта болғанын, орындалғанын білдіреді. Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне –ды,-ді,-ты,-ті, жұрнағы қосылу арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады. Мысалы : Асан домбыра тарт –ты.Мен өлең айт – ты –м.
Жедел өткен шақтың жұрнағы мен ІІІ жақтың жіктік жалғауын шатастырмау керек. Бұл қосымшалардың тұлғасы, дыбысталуы бірдей болғанмен, мағынасы мен қызметі басқа – басқа. ІІІ жақ жіктік жалғауы шақ мағынасын білдірмейді, ал жедел өткен шақ жұрнағы жақ мағынасын білдірмейді.
Ү.Жаңа сабақты бекіту.
Тапсырма :Берілген сөздерге осы шақ және өткен шақта сөйлем құрау: мұғалім, тігінші, балалар.
Жаттығумен жұмыс.
« Гүл теру» ойыны.
Ойынның шарты: Жерде жатқан гулдерді қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы алу. Гұлдерді тек дұрыс жауап берсе ғана ала алады.Сұрақтар әр түрлі тақырыпта немесе логикалықт сұрақтар мен тапсырмалар болуы мүмкін.
Жасыл адамды көрген жағдайда не істеу керек? Жүру керек
Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?Жауабы: үш стакан
Жанында жаздың шуағыЖаңбырмен жүзін жуады.Екі орақ пен бір таяқ,Белін бірге буады.Ол қай әріп болады?Ал зердеге салайықБолады екен қай әріп.Жауабы:Ж әрпі«Мектеп» сөзін үш тілде айт школа school
Кез келген өлеңнен үзінді айт
Өзі сөйлей білмейді,Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді.Жауабы:БағдаршамСергіту сәті:
Оқушыларды ортаға шығарып, шақ түрлерін мысалға ала отырыптүрлі дене жаттығуларын орындау. Мысалы осы шақ дегенде оқушы қолын жоғары созады, келер шақ дегенде қолдарын алға көтереді, өткен шақ дегенде қолдарын түсіреді.Қателеспей істеу керек қателескен оқушы орнына отырады.
- бұл жерде балалар Абай атамыздың өлеңдерінен үзінділер алынған . Абай атамыздың өлеңдері 20 ғасырды жырлағандықтан біз оны өткен шақ деп алсақ болама? Енді сол өткен шақта жазылған өлеңдерді осы шақтың тілімен жырласа қалай болады екен. Әр топ 2 мысалдан оқып түсіндіреді.
Семантикалық картамен жұмыс
Ақылды +
Оқуды +
Оқыды +
Қабілетті +
Білгенді +
Көргенді +
Дарынды +
Сескенді +
Айтыпты +
ҮІ.Сабақты қорытындылау: Кері байланыс : Стикерге өз ойларын жазып өзінің көңіл күйіне байланысты смайликтің астына жабыстыру.
ҮІІ.Үйге тапсырма: Әдеби шығармалардан құрамында 5 жедел өткен шағы бар сөйлем жазып келу.