?аза?станны? Т?уелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріне арнал?ан «Отан?а деген с?йіспеншілікпен» атты шы?армалар бай?ауы Авторы: Койшугулова Айдана ?анат?ызы



Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріне арналған
«Отанға деген сүйіспеншілікпен» атты шығармалар байқауы
Авторы: Койшугулова Айдана Қанатқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Дюсембекова Алмагүл Ерназарқызы
9 - сынып
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
Нежинка селосы
«Нежинка орта мектебі» КММ
Қазақстаным мекені –
Ынтымақ пенен достықтың.
Даламды бабам мұра еткен,
Жайқалтар соны түлек мен.
Қалалар жайып қанатын,
Ауылымды арай, нұр өткен.
Қазақстанымды қасиетті
Сүйемін алау жүрекпен!
Болат Үсенбаев
Менің елім- менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айтады. Өйткені біз қасиетті қазақ топырағында өсіп – өніп, мекен етіп, береке – бірлікте, достық қарым – қатынаста , тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан –жақты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата – бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл – парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз.
«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары… Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін.
Мен Қазақстанда туып- өскеніме өте ризамын. Елім — менің мақтанышым. Оның кең-байтақ жері, көгілдір көлдері, жер асты толған байлықтары бәрі де –біздің қазынамыз, сондықтан оларды сақтап, қорғауымыз керек. Бұл кең-байтақ жерімізді Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Өтеген, Сырым, Кенесары, Исатай, Махамбет, Амангелді және тағы басқа батырлар бізге қорғап қалдырған. Біз олардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Шынында, олар қазақ елінің отаншыл адамдары болған.
Қазақ елі – қазір тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе жиырмасыншы ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, Семей ядролық сынақ алаңы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды.
Қазақ елі басынан қанша қиыншылық өтсе де мойымады, өткенді ұмытпады, себебі бұл – тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» дейді халық.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.
Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан жиырма төрт жыл өтті. Қазақстанның жиырма төрт жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар.
Қазіргі кезде менің елім бүкіл әлемге танымал. Жылдан-жылға Қазақстанның қалалары көркейіп жатыр. Еліміздің жүрегі –Астана келген қонақтарды өз сұлулығымен таңқалдырады.
Мемлекетіміздің дербестігін білдіретін Туымыз , халықты бірлікке шақыратын Әнұранымыз , Елтаңбамыз бар.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады,еңбек етеді.
Қазақстандықтар өздерінің әр түрлілігін мақтан тұтады. Қазақстанда ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа әрқашан адамдар арасындағы достық пен ынтымақты сақтау берілген. Бiрлiгiмiз бен байланысымыздың арқасында көптеген шаралар iс жүзiне асып жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы өзге елдерге үлгi. Осы түсiнiстiктi жалғастырып, тату тiрлiгiмiздiң арқасында болашақта үлкен табыстарға жететiнiмiзге сенiмiміз мол.
«Отан — оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын.
Менің кіші Отаным - Нежинка ауылы. Мен өз ауылымды да алтын бесікке теңеймін. Ауыл басшымыздың арқасында, осында бізге барлық жағдай жасалған.
Бүгінгі күні аулымызда мектеп,балабақша,спорт кешені,шығармашылық үйі,мәдениет үйі бар.
Отаным үшін не істей аламын? Бұл сұрақ мені үнемі толғандырады. Менің және менің құрбыларымның қосар үлесі — терең білім алып, мемлекеттік тілді жетік меңгеру. Ұрпағы өз тілінде сөйлеген ұлттың рухы биік. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүниежүзіне асқақтатады.Менің қазіргі арманым сабақты жақсы оқып, мұғалім маманығын таңдау,өйткені менің де Отанымның болашағы үшін өз үлесімді қосқым келеді.
Біз, бүгінгі ұрпақ, Отанға деген сүйіспеншілдікті,шыншылдықты,қайсарлық пен табандылықты, тілін, ділін сүюді ұлы ата-бабаларымызға қарап үйренеміз.
Ғасырдан ғасырға жібек желі болып жалғасып келе жатқан бабалар аманатын орындап жалғастыру біздің ардақты іс екенін жүрегіммен сезініп, мақтан етемін. Өз шығармамды Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келеді:
«Еліңнің ұлы болсаң , Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса , қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екенінді ұмытпа!»
Мен өз Президентіме сенемін! Отанымның жарқын болашағына, жасампаздығына сенемін!