Баяндама информатика п?нінен Информатика саба?ында жобалау ?дісін ?олдану тиімділігі


-32702514922500Талғар ауданы
Тұздыбастау ауылы
№13 орта мектептің
Математика информатика
пәні мұғалімі
Каримова Тұрған
Сатымханқызы
Информатика сабағында жобалау әдісін қолдану тиімділігі 
Жобалау әдісі оқытудың жаңа әдісі болып табылады. Жобалау әдісі – оқу үрдісін жекешелеуге, оқушыға жоспарлау барысында өзінің тәуелсіздігін көрсетуге, тапсырмалар орындағанда шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беретін кешенді оқыту әдісі. Жобалар әдісін технология деп есептеуге болмайды – ол басқа әдіс-тәсілдермен бірге нақты бір мақсаттарға жету үшін қолданылады. Жобалау әдісінде ең алдымен оның болашақ жоба аумағы таңдалады. Келесі маңызды мәселе – жобаның ұзақтығы. Жоба бір сабаққа немесе одан да ұзақ уақытқа (1 тоқсанға) есептелуі мүмкін. Бірінші жағдайда жобаға тек бірнеше оқушы қатысуы мүмкін, ұзақ уақытқа есептелген жағдайда әрбір оқушы немесе оқушылардың шағын тобы ортақ үлкен жоба шеңберіндегі жеке тақырыптарды алады. Үштен көп оқушыдан тұратын топты құрған қолайсыз – үлкен топтардың жұмысын құру мәселелер тудырады [1]. Жобаның ортақ тақырыбы мұғалімнің тапсырмаларына байланысты таңдалады. Оқушыға немесе топқа берілген нақты тақырып жалпы тақырыппен үйлесуі керек. Жобаны жүргізуге уақытты қалай табуға болады. Ең алдымен, жоба формасында қайталауды, әсіресе оқу жылы соңында жалпылама қайталауды ұйымдастырған жөн. Сонымен қатар, информатикада жобамен жұмыс жасаудың жаңа материалды оқумен қатар сәтті жүретін бөлімдер де бар. Мысалы, "есептерді компьютерде шешудің кезеңдері", "Үлгілеу және Есептеуіш эксперимент" және т.б. Жобамен жұмыс жасау кезінде мұғалім консультант рөлінде болады, бұл жерде оған біршама даярланған оқушылар көмектеседі. Ең дұрысы, егер оқушылар есептің қойылымын анықтауды өз бетінше жүргізсе. Ол үшін мұғалім оларды бұрын орындалған жобалармен таныстырса жеткілікті. Жобамен жұмыстың нәтижелері міндетті түрде сыныпта жариялануы керек. Жұмысты көпшілік алдында қорғау жобалар әдісінің ең маңызды бөлігі болып табылады, себебі ол оқушыларға жұмыс барысында алынған білімдерін қорытындылап, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сабақты өткізу формасы классикалық семинар болу міндетті емес, ойын да болуы мүмкін. Егер жазбаша есеп беру қарастырылса, онда оған қойылатын талаптар алдын ала құрылады. Жобалардың көпшілік алдында қорғалуы эемтиханды өткізу формасы да болуы мүмкін. Жобалау әдісі оқытудың топтық формаларымен сәйкес келеді, бұл әдіс әрқашан қандай да бір мәселенің шешімін болжайды. Информатикадағы жобалау әдісі есептің шешімін табудың жүйелік тәсілінің дағдыларын қалыптастырумен, жұмыс үрдісі кезінде тәуелсіздігінің артуымен және мұғалім мен оқушының арасындағы қатынас стилін орнатумен сипатталады. Жалпы жобалау белгілі бір қасиеттеріне қарай топтастырылады және оларға қойылатын шарттар мен талаптарына сай келеді, атап айтсақ төмендегідей типтегі жобаларды ұсынуға болады: 1. Демонстрациялық жобалау; 2. Зерттеушілік жобалау; 3. Шығармашылық жобалау; 4. Рольді – ойындық жобалау; 5. Ақпараттық жобалау; 6. Үйретуші жобалау; 7. Моножобалау; 8. Пәнаралық жобалау; 9. Тәжірибелі және бағдарлы жобалау; 10. Қысқа мерзімді жобалау; 11. Ойын жобалауы [2]. Жобалау мен шығармашылық. Жобалауды шығармашылықпен байланыстыратындар көп, олар жобалауды жаңа шығармашылық мүмкіндіктерді ашу деп түсінеді. Алайда бұл түсінік дұрыс емес. Шығармашылық бұл- жаңаның пайда болуы. Бұл жерде жобалаумен байланысы бар, бірақ шығармашылықтың жобалауға айналуы үшін уақыт факторы негізге алынып, нақты нәтижені елестету керек. Алайда шығармашылықты нақтылықпен байланыстыру мүмкін емес. Жобалау мен басқару. Практиканың қандай бір түрінде өзгерістерді жобалап, іске асырып, оларды басқарғанда ғана біздің жұмысымыз алға басады. Қазіргі кезде менеджмент сөзі пайда болды, ол басқару дегенді білдіреді. Білімде де менеджмент сөзі қолданылады. Қазіргі таңда білім алу түрлері де көбейді, ол территория мен уақытқа қарай бөлінеді. Осыған орай өзінің білім алу процесін басқару, білім алғандағы нәтижені жобалау міндетті түрде қажет болды. Сонымен практика нысанында пайда болған жобалау үлкен әлеуметтік контекстке шығады. Осының бәрі әлеуметтік ғылымдардың басты мәселесіне жобалаудың білімдегі орнын жатқызады. Жобалау мен даму. Жобалау теориясында белгілі бір мәселенің дамуына әкелетін өзгерістер айтылған, яғни біз тек мәселенің өзгеруіне әкелетін жобаларды қолдануымыз керек. Бірақ бұл тек теорияда қолданылады, яғни біз жасаған жұмысымыз оның нәтижесіне тең емес. Мысалы, гүл отырғызу мақсаты, отырғызатын орны, жасалған жұмыстар мен гүлдердің өзі жобалау болып табылады. Жобалаудың құрылымы: - нақты нәтиже шығару жобасы; - нақты мәселенің талдауы; - нақты уақыт белгілеу; - жұмыс жүргізу жобасы; - нәтиже шығару. Жоба белгілі бір тақырып бойынша құрастырылады. Ол оқушының қызығушылығына орай таңдалуы мүмкін. Жобалау жұмысын орындаудағы талаптар төмендегідей: - Оқыту жобасының классификациясын таңдау; - Жоба презентациясын дайындау; - Жобаға баға беру критериилерін айқындау; - Жасалған жобаның нәтижесіне баға беру; - Жобалау әдісін оқытудағы мұғалімдердің мақсаты мен міндеттерін айқындау [3]. Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері : Іздеу кезеңі: - Мәселені іздеу және талдау. - Жоба тақырыбын таңдау. - Кезеңдер бойынша жобалау іс-әрекетін жоспарлау. - Жоба тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтау, зерделеу, өңдеу. Конструкторлық кезеңі: - Жоба тапсырмасының оңтайлы шешімін іздеу. - Дизайн талаптарын ескере отырып, құрылым нұсқаларын зерттеу. - Дайындау технологиясын таңдау. - Экономикалық баға беру. - Экологиялық сараптама жасау. - Конструкторлық және технологиялық құжаттарды құрастыру. Технологиялық кезең: - Жобаны тәжірибеде жүзеге асырудың жоспарын құру, қажет материалдарды, құралдарды және құрылғыларды таңдау. - Жоспарланған технологиялық операцияларды орындау. - Сапаға ағымдық бақылау жасау. - Қажет болған жағдайда құрылымға және технологияға өзгерістер енгізу. Қорытынды кезең: - Жобаның орындалуының сапалық бағасы. - Жобаның орындалуындағы нәтижелерді талдау. - Жобалаудың нәтижелерін қолданудағы мүмкіндіктерді зерделеу (көрме, сату, жобалар банкіне қосу, жариялау) [4]. Біз жобалаудың екі түрін осы мақалада қарастырмақпыыз. Олар демонстрациялық және үйретуші жобалау. Бұл жоба түрлерін Visual Basic бағдарламасында жасадық және 9-сынып информатика пәніндегі «Графикалық объектілерді программалау» тақырыбына арналған. Демонстрациялық жобалау – демонстрациялаушы жоба көп жағдайда оқушылардың фантазиясына байланысты құрылады. Оларды орындау нәтижесінде қандай да бір демонстрациялаушы программа алынуы керек. Мысал ретінде «Сағат», «Светофор», «Айналу денелері», «Сөзжұмбақ», «Фраза», «Караоке», «Жарнама», «Ауа райы», «Музыкалық үзіліс» және т.б. алуға болады. Төмендегі 1-суретте «Графикалық объектілерді программалау» тақырып бойынша сөзжұмбақ келтірілген. 1- сурет. Сөзжұмбақтың берілуі Үйретуші жобалау – бұндай жобалау оқушыға жаңа білімдерді өз бетінше әрі қызықты түрде меңгеруге мүмкіндік береді. Мысалы «Рим цифрлары», «Жазба кітапшасы», «Тест», «Магиялық квадрат», «Көбейту кестесі», «Европа елдері» және т.б. Төмендегі 2-суретте «Графикалық объектілерді программалау» тақырып бойынша тест тапсырма берілген. 2- сурет. Тесттік тапсырманың берілуі Қорыта айтатын болсақ, жобалау әдісі - бұл оқу жүйесі, оқу үрдісінің ұйымдастырылған моделі, ол оқушылардың интеллектуалды және физикалық мүмкіндіктерін жаңа жобаларды құру үрдісінде шығармашылық қабілеттерін дамыту жолымен өзіндік тұлғаны жүзеге асыруға бағытталған. Теориялық тұрғыдан жобалау - белгілі бір мәселенің өзгеруі, дамуы деп танимыз. Жобаның құрылымы мәселенің талдауынан басталып, оны шешіп нәтижесіне жету үшін жасалатын қадамдардың жобалауынан тұрады. Жобалау жұмысында ой өрісінің дамуы, критикалық ойлау, креативтілік, сонымен қатар мәселелерді шешу қабілеті пайда болады. Мұғалім оқушыны өз бетімен білім алып, алған білімін арнайы рәсімдеумен жобалау әдісі арқылы дәлелдей білуге үйретеді. Осы жұмыстың арқасында мұғалім мен оқушының арасында шығармашылық байланыс, жаңа көзқарас пайда болады. Мектеп қабырғасында оқушыда зерттеу, іздеу, анықтау, дәлелдеу, синтез, анализ жасау дағдылары қалыптасады және жобалау әдісі белгілі мерзімге берілуіне байланысты оқушы уақытты ықшамдап үйренеді. Бұл келешекте оқушының өз өмірінде пайдалануға қажет қасиет пен дағды.