Б??ар жырау «Батыры? ?тті Б?генбай», «Ас?ар тауды? ?лгені», «Б?л, б?л ?йрек, б?л ?йрек» ?ле?дері


Жоланов Б.Е
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Негізгі білім беретін № 221 Аққұм мектебі
Сабақ жоспары
Сыныбы: 9-сынып Пәні: Қазақ әдебиеті Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау «Батырың өтті Бөгенбай», «Асқар таудың өлгені», «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» өлеңдері
Негізгі идея: Бұқар жыраудың әдебиет пен тарихта алатын орнын біледі.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар Бұқар жырау жайлы, оның Абылай ханның ақылшысы болғанын, өлеңдерінің өз заманында бірлікке, ерлікке үндегенін оқып білу
Оқушылардың көпшілігі Бұқар жырау өлеңдерінің тарихи маңызы мен көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау
Жекелеген оқушылар Бұқар жырау өлеңдерінің тарихи маңызы мен көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасап, басқа жыраулардың көтерген мәселелерімен салыстыра отырып, бағалау
Құндылықтар: Патриотизм, ерлік, бірлік, отан қорғау, шешендік
Лексика: Сауға, талыс, шөнжік, алауыз, жауылық сағынба
Табыс критерилері Барлық
оқушылар Топтық жұмыс барысында Бұқар жырау жайлы, оның Абылай ханның ақылшысы болғанын, өлеңдерінің өз заманында бірлікке, ерлікке үндегенін оқып біледі
Оқушылардың көпшілігі Топтық, жұптық жұмыстар барысында Бұқар жырау өлеңдерінің тарихи маңызы мен көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасайды, негізгі идеясын табады.
Жекелеген оқушылар Сабақ қорытындысында Бұқар жырау өлеңдерінің тарихи маңызы мен көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасап, басқа жыраулардың көтерген мәселелерімен салыстыра отырып, бағалайды.
Сабақ кезеңдері
-584202222500 іс-әрекеттер
кезеңдер Мұғалім әрекеті
Тапсырмалар Оқушылар әрекеті
Сабақты ұйымдастыру Кезекші сыныпты ұйымдастырады, қажетті құралдарды реттейді
Үй тапсырмасын пысықтау Алдыңға тапсырмаларды еске түсіреді
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясынан үзінділер оқу, авторын, көтерген мәселені табу. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясынан үзінділер оқу, авторын, көтерген мәселені тауып, оқиға кезеңін айқындайды. (смайликтер арқылы бағаланады)
Білімді тиянақтау, жинақтау Ортақ сұрақ береді. Ауыз әдебиеті мен жыраулар поэзиясының ұқсастығы мен айырмашылығын табу.
Ауыз әдебиеті мен жыраулар поэзиясының ұқсастығы мен айырмашылығын табады. Үзінділер оқиды. (бағдаршам арқылы бағаланады)
Жаңа сабаққа бағыттау, сілтемелер Абылай хан кім, оның заманындағы ақын-жыраулардан кімдерді атай аласыздар? Абылай ханның кім екенін, оның қазақ мемлекеті мен тарихында алатын орны жайлы айтады, Абылай заманындағы ақын-жырауларды айтады, өлеңдерінен үзінділер келтіреді. (басбармақ арқылы бағаланады)
Жаңа білімді игеру «Ай, Абалай,Абылай», «Батырың өтті Бөгенбай» өлеңдерінің тарихи маңызы мен көркемдік ерекшелігін табу (топтық жұмыс) Топтар «Ай, Абалай,Абылай», «Батырың өтті Бөгенбай» өлеңдерінің тарихи маңызы мен көркемдік ерекшелігін табады, қорғайды. (екі жұлдыз бір тілек арқылы бағаланады)
Алған түсінік-терін тексеру, нақтылау «Батырың өтті Бөгенбай» өлеңіне ұқсас басқа жыраулардың өлең-жырларын тауып, салыстыру (жұптық жұмыс) Жұптар «Батырың өтті Бөгенбай» өлеңіне ұқсас басқа жыраулардың өлең-жырларын тауып, салыстырады. Қорғайды (басбармақ арқылы бағаланады)
Жаңа білімді бекіту Бұқар жыраудың өмір жайлы толғауларын тауып, көтерген мәселелерін анықтау Бұқар жыраудың өмір жайлы толғауларын тауып, көтерген мәселелерін анықтайды, қазіргі уақытта сахнада, ел арасында айтылып жүргендеріне тоқталады. (смайликтер арқылы бағаланады)
Үй тапсырмасы, шығармашылық бағыт беру Қазіргі уақытта орындалып жүрген Бұқар толғаулырын тауып, аудио-видеожазбалар жүргізу Күнделікпен жұмыс жасайды
Сабақты қорытындылау (кері байланыс) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып даналық ағашына ілу Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып даналық ағашына іледі.