?ылыми жоба та?ырыбы: Айран – ?аза? хал?ыны? ?лтты? та?амы, ?асиеті бар тазарт?ыш


Ғылыми жоба тақырыбы:  Айран – қазақ халқының ұлттық тағамы, қасиеті бар тазартқыш Бағыты: қазақ тілі және биологиядан пәнаралық байланысОрындаған: 6 сынып оқушысыЖетекшісі: қазақ тілі мұғалімі Целиди Мадина Султангазиевна
2016 ж
Мақсатым: Шәйнек ішіндегі қоспақты тазартуға жол іздеу . Қоспақты тазарту үшін айранның құрамын және қасиетін зерттеу. Айранмен шәйнек ішін тазартып көру. Зерттеудің практикалық маңыздылығын ашу. Аталған мақсатымызға жету үшін алдымызға төмендегідей міндеттер қойдым: Міндетері: Ұлттық тағам туралы түсінік алып және оны өмірде пайдалана білуге үйренем. Айранның құрамын және қасиетін анықтаймын. Шәйнектің ішіндегі қоспақты тазалаймын. Зерттеу күнделігін толтырып отырамын. Жұмыстың кезеңдері: І – кезең 14.10.- 30.10. 2015 жылы тақырыпқа қатысты материалдар жинақталып, жүйеленді. Жинақталған материалдар іріктелді, жұмыстың бағыт – бағдары айқындалып, жоспар құрылды. ІІ – кезең 25.10.- 31.10.2015 жылы жұмыс жасалып, зерттеу бөлімі тиянақталды, қол жеткізген нәтижелер анықталды. I.Теориялық бөлімі 1.Сүт тағамдары Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” дейді.Ақтан тағамдар әзірлеуде бірнеше мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай отырып, одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаған. Сүт тағамдарының құрамы белок, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Адам ағзасына сүт тағамдарының қаншалықты шипалық әсері күшті екенін білсек те, бұлардың кейбіреулерінің емдік қасиеттері бар екенін біле бермейміз. Мысалы, гипертонияға шалдыққандар күніне 2 рет тамақ ішкеннен кейін жарты сағат өткенде 1 кесе айранды асықпай, баптап ішетін болса, бірнеше күннен кейін қан қысымы төмендеп, өзін жақсы сезінетін болады. Сондай-ақ ұйқы қашқанда түнемелік жатар алдында 1-1,5 кесе жылы айран ішсе, оның жақсы ұйықтап шығуға әсері мол. Тағы бір жайт, айранның гастрит ауруына да пайдалы екендігі. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол тағам. 2. Айран ұйыту. Айран - қазақ аспаздығында айран кеңiнен қолданылады. Оған салқындатылған сусын, әрi тағам болып табылатын түрлi сорпалар қосады. Айранды дайындау үшiн сиырдың сүтiн қайнатады да, +35, 40 С-қа дейiн салқындатады. Онан соң айран (1 стақан айранды 5 литр сүтке) құяды. Онан соң ыдысты қақпақпен жауып, сүлгiмен орап, жылы жерге қояды. 4-6 сағаттан кейiн айран дайын. Сүт - өте бағалы өнім. Олай дейтініміз, организмге оның құрамдас бөлігінің 95-98 пайыз сіңеді. Сүт, сондай-ақ, амин қышқылдарының, макро және микроэлементтердің, витаминдердің таптырмайтын көзі. Сүттің тағы бір қасиеті – түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ айран ұйтқысын қосып ұйытылады. Ол жеңіл және сусындық тамақ. 3.Айранның құрамы Өнімдер Сан Энергетикалық құндылығы (ккал) Ағуыздар (г) Майлар (г) Көмірсулар (г) Айран 0 % 100 мл 30 3,0 0,1 3,8 Айран 2 % 100 мл 51 3,4 2,0 4,7 4.Шаш жууға пайдалану Сонымен бірге айранды ертеректе халқымыз шаш жуу үшін де пайдаланған. Айранмен жуған шаш әрлене түседі әрі шашқа қайрат береді. Шаштың тез өсуіне көмектеседі. 4. ә. Бет тазартуға пайдалану Айран жаққан кезі таңертең және кешкі уақытта 4 б. Әжемнің тері тазалау эдісі Кезінде, тіпті, айранды тері илеуге де пайдаланған. Тері илеу үшін малма жасайтын қасиеті де бар. Қалмақтар айранды ашытып, көкір (арақ) жасаған. 5 ) Актуалдық: Жануарлардың терісін ащы айранмен тазалау әдісін біліп, өзім бір ойға келдім. Айранмен шәйнектің ішіндегі қоспақты тазартып көру керек. 
6. Проблемалық сұрақ Айранмен шаш жуады, бетті ағартады, тері тазалайды......................................... ал жемірілген шәйнекті айранмен тазартуға бола ма? 7Ақпаратты жинақтау Мектеп кітапханасынан қосымша айран туралы ақпараттар жиналды Интернеттен ақпараттар қарастырылды8.Ғылыми болжам 6 а) Ғылыми болжау: Мен тартылған майсызданған сүттен жасалған айранмен, шәйнек ішіндегі қоспақты жұмсартып тазартады деген жорамалдау шығардым. 6 ә) Ғылыми болжау: Тартылмаған майлы сүттен жасалған айранмен шәйнектін ішіндегі қоспақты жақсы тазартады деген жорамалдау шығардым. 9.Практикалық маңыздылық Жаңа шыққан қымбат тазартқыш ұнтақтарды қолданғанның орнына экологиялық таза айранды қолданған жөн. Құрамы:минералды және органикалық қышқылдар, арнайы қоспалар бар. Терісіне немесе көздің сілекей қабығына тиіп кетуден сақтаңыз!. Тиген жағдайда сумен әбден шайыңыз. Тамақ өнімдерінен аулақ жерде сақтау қажет! II.Практикалық бөлімі Зерттеу жұмысы бақылау әдісі арқылы орындалды, және өзгерістері күнделікке толтырылды 
1кезең Айран ұйыту 1.Сүтті пісіріп айран ұйыттым. Тартылған сүттен және тартылмаған сүттен айран ұйыттым. 2.Тартылмаған майлы сүттен жасалған айран 2 күннен кейін ашыды. Бөлме температурасы 19º С градус. 2 кезең. Айранның ашуы 3.Тартылған сүттен жасалған айран бір күннен кейін аши бастады. Бөлме температурасы 19ºС градус. 23.10.2015 ж IV.Қорытынды: Сондықтан да 1-ші гипотиза бойынша ең абзалы - таза, табиғи әрі адам денсаулығына кері әсері жоқ сүт тағамдарының бірі тартылған сүттен жасалған айранмен шәйнектің қоспағын тазартуға пайдаланғанымыз жөн. V.Қолданылған материалдар 1.Қазақтың дарқан дастарқаны [1] Алматыкітап 2007ж Авторы Сейіт Кенжеахметұлы 92-94бет 2.Қазақтың дәстүрі этнографиясы [2] Алматыкітап 2006ж Авторы А.К.Саматұлы 56-57 бет 3.Ежелгі Қазақстан [3] Аруна 2006ж Авторлары: Т.Жұматаев, Л.И.Тетенко Т.Жұмаханов, Т.Шаңбай 92-93бет 4.Қазақ әдебиеті[4] Аруна Алматы 2005ж 65-66бет 5.Сен білесің бе? [5] Энциклапедиясы Аруна ЖШС Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т. 252-253бет 6.Орифлэйм [7] 34-39бет 7.Әжемнің әңгімесі[6]  8. Интернет ресурсы [activia.kz›kaz/pages/ajrandy] [9] 
«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Есенкөл орта мектебі»ММ


Орындаған:



Жетекшісі:


2015-2016 оқу жылы