Бастауыш мектептегі ана тілі студенттерге арнал?ан ?дістемелік саба? жоспары.


Бастауыш мектептегі ана тілі студенттерге арналған
әдістемелік сабақ жоспары.
Пән/ Предмет/ Subject: Бастауыш мектептегі ана тілі
Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың үлгісі / Тип занятия/ Type of the lesson: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі/Вид занятия/ Kind of the lesson: практикалық сабақ
Мақсаты/ Цели занятия/ Objectives :
білімдік / образовательная/ educational: Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету.Ақпараттық – коммуникативтік сауаттылығын арттыру
дамытушылық/ развивающая/ developing: Еңбектерінің мағынасын аша білу арқылы,өзіндік пікірлерін дамыту
тәрбиелік/ воспитательная / bringing-up: Студенттерді ізденіске жетелеу,білімдерін практикада қолдана білуге тәрбиелеу
Оқыту әдістері: сұрақ –жауап,практикалық,проблемалық,ізденушілік,репродуктивтік,
түсіндірмелі-иллюстративті
Жұмысты ұйымдастыру түрлері: жеке,фронтальды,топпен жұмыс
Пән аралық байланыс : қазақ тілі
Көрнекі құралдар/ Оборудование/ Resources:компьютер,компьютерлік бағдарлама «тестировщик», презентация «Місrosoft Office PowerPoint»
Сабақтың барысы/ План занятия/ Plan
І. Ұйымдастыру кезеңі (қызығушылығын ояту,психологиялық жағдай жасау)
ІІ. Өткен материалды пысықтау ( ойын әдісін қолдану)
ІІІ.Жаңа материалды өзіндік меңгеру (компьютерлік бағдарлама «тестировщик», презентация «Місrosoft Office PowerPoint») ІV. Жаңа материалды бекіту кезеңі (документальді фильм,қорытынды тест) V. Қорытынды. Бағалау VІ.Үйге тапсырма
Әдебиет/ Литература/ Literature:
1.С.Мақпырұлы,Т.Сыдықов «Қазақ әдебиеті»
2.Интернет желісі
3.Қазақ әдебиетінің тарихы 7-том
4. С.Сейфуллин «Аққудың айрылуы»
Мазмұны
1.Ұйымдастыру кезеңі (3- 5 минут)
Амандасу.Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру.Назарларын сабаққа аудару.Психологиялық жағдай жасау
Сиқырлы әуен ырғағында слайдта көрсетілген ағылшын тілінде жылы лебізбен бастау 1-слайд Believe in yourself and tell yourself that you’re the best.  Студенттерден қазақ және орыс тіліндегі аудармасын сұрау «Өзіңе ең жақсы екеніңді айт және өзіңе сен! 
Верь в себя и говори себе, что ты лучший». Бұл лебізді сабақтың ұраны ретінде қолдануға бола ма? (Ойларын ортаға салу)
2.Өткен материалды пысықтау
2-слайд Ойын « Кім тапқыр?» аудиожазбасын тыңдату ( 5 минут)
Тақтадағы жұлдызшаларды таңдау арқылы,қазақтың ақын-жазушыларының өлеңдерін тыңдап,кімнің және қандай шығарма екендігін анықтаймыз.Бұл шығармалардың негізгі ойын ашып,мазмұнын талдау.
3-слайд Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы
Тақырыпты орыс және ағылшын тіліне аударту.
ІІІ.Жаңа материалды меңгеру ( 35-40 минут)
Топтастыру ( ассоцация) стратегиясы (5 минут)
Компьютерлік тест ( 5 минут)
4-слайд Бағалау көрсеткіші
Студенттерді ойын арқылы топтарға бөлу.
Шығармашылық тапсырма конверттерде беріледі.
1. «С. Сейфуллиннің өмірі және отбасы» презентация құру
2. Сәкентанушы ғалымдар.Олардың ойлары.(презентация)
3. С. Сейфуллиннің бастауыш сыныпта оқытылатын шығармаларының семантикалық кесте жасау
4. С. Сейфуллиннің «Қызыл шұнақ»өлеңіне талдау жасау ( 3-сынып әдебиеттік оқу кітабы)
5. «Ақсақ киік» тақырыбы мен идеясы ( 3-сынып әдебиеттік оқу кітабы)
Топта интернет жүйесінен материалдар жинақтап,презентация құру .( 15 минут)
Жобаларын қорғауға әр топқа ( 5 минут)
ІV. Жаңа материалды бекіту кезеңі ( 12-15 минут)
Деректі фильм көрсету ( 735)
Қорытынды компьютерлік тест (5 минут) Бағаларын анықтау.
V. Қорытынды. Рефлексия . ( 3 минут)
VІ.Үйге тапсырма ( 2 минут)
Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын білу
«Сыр сандық» өлеңінің 5 шумағын жаттау.