Мектептегі кезекшілікі та?ырыбына арнал?ан ?аза? тілі п?нінен ?ыс?а мерзімді саба? жоспары (6 сынып)


17.11.2016 ж.
Павлодар қаласының № 6 жалпы орта білім беру мектебі
6 а сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Мектептегі кезекшілікМұғалімі: Матайбаева Жадыра Серикбековна
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Тақырып бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, сөйлемдер құрау, әңгімелеуге жетелеу.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, үлестірме материалдарІ. Ұйымдастыру кезеңі1.Амандасу, түгендеу.
2.Психологиялық дайындық: оқушыларды шеңберге шақыруКәне,достар,тұрайықШеңберімізді құрайық.
Жақсы-жақсы тілектерБір-бірімізге сыйлайық!
3.Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыпты қайталау. Кабинеттің тазалығын бақылау. Назарларын сабаққа аудару.
Кезекшіге сұрақ: Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?
Қазір қай жыл мезгілі? Ауа райы қандай? Үйге қандай тапсырма берілді?
Оқыту мақсаты: оқушыларды кезекші міндеттермен таныстыру, еңбексүйгіштікке баулу, бір-біріне деген сыйластық, сыпайыгершілік сезімдерін дамыту
Сабақтың міндеттері:
Кезекшінің негізгі міндеттермен таныстырып,өмірде қолдана білуге баулу.
Кезекші туралы айтып, оның атқаратын жұмыстар түрлеріне тоқталып, қолдана білуге үйрету.
Оқушыны еңбексүйгіштікке, бір-біріне деген сыйластық сезіміне тәрбиелеуКүтілетін нәтиже: кезекші міндеттерін біледі, мәтінмен жұмыс жасай алады.
I. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
II. Жаңа түсінікті қалыптастыру:
Сөздікпен жұмыс.
кезекші – дежурный су құйды – полил
сүртті – вытер ашты – открыл
кең – просторный жарық – светлый
қамтамасыз ету – обеспечить талап – требование
«Кезекші» деген сөзді қалай түсінесіңдер. Ассоциацияларын жасаңдар.

Балалар, сендердің сыныптарында кезекші бола ма?
- Иә, біздің сыныпта кезекшілер болады.
- Олар не істейді?
- Олар сыныпқа ертерек келе ме?
- Өте жақсы. Дұрыс, балалар. Бүгін біз кезекші сыныпта қандай міндет атқарады екенін білеміз.
ІІ.Жаңа білімді меңгерту.
Жаңа материалды меңгертуге арналған жұмыс түрлері.
ІІІ. Жаңа білімді бекіту.
1) Оқулықпен жұмыс.
1- тапсырма. Кезекшілердің міндеттерімен танысып, өз ойларыңды қосуға болады.
Мектептегі кезекшілердің міндеттері:
* Оқушылардың тәртібін қадағалау;
* Санитарлық талаптарды сақтау.
Ол үшін барлық сабақтар аяқталғаннан кейін кезекшілер өз орындарын кезекші мүғалімге тапсырады. Кезекшілік соңында мектептерде оқушыларға арналған қорытындылау жиыны өткізіледі. Мектепте күн сайын оқу кабинеттері мен сыныптар жуылып тұрады. Сөрелер, парталар, шкаф, үстел, орындықтардың шаңы сүртіледі.
Айына бір рет толықтай тазалық жұмыстары жүргізіледі.
2-тапсырма. 1 тапсырмадағы етістерді теріп жазып, жасалу жолдарын, қандай шақта тұрғанын анықтаңдар.
Үлгі: тапсыр+а+ды (ауыспалы келер шақ)
Үлестірме материалдармен жұмыс.
1- тапсырма. Ережелерді оқы. Сөйлемдер құрап жаз.
Қоңырау кезінде сыныпта болу, сыныпқа тәртіп қамтамасыз ету,мұғалімге сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, сабақ біткеннен кейін сыныпты жинақтау; санитарлық талаптарға сай жағдайларды сақтау2- тапсырма. Берілген етістіктерді бұйрық райға қойып, сөйлемдер құраңдар.
Үлгі: қадағалау - қадағала. Сыныпта тәртіпті қадағала.
Қадағалау, сақтау, өткізу, жуу, сүрту, жүргізу, тазалау.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Кеше сыныпта кім кезекші болды? 2. Бүгін сыныпта кім кезекші болды?
3. Кезекші не істейді? 4. Ол кімге көмектесу керек?
Сергіту сәті.
Біз мектепке барамыз, қолға қалам аламыз. Кітапты да оқимыз, суретті де саламыз.Қалам, дәптер, өшіргіш, кітаптармен достасып, Жақсы оқып сабақты, кілең бестік аламызІҮ.Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылау мақсатында мақсатында оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын. Қандай тақырып өттік? Қандай жаңа сөздер үйрендік? Мәтінде не туралы айтылды? мектептегі кезекшілік дегеніміз не? Кезекшінің қандай мүндеттері бар?
Ү.Білімді бағалау. Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
ҮІ. Үй тапсырмасын беру.
4-тапсырма. Кезекшілік туралы жоғарыда берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, диалог дайындаңдар. Өзара сөйлесіңдер5-тапсырма. Сынып бұрышына «Кезекшілік ережесін» дайындаңдар. Етістіктерді бұйрық райға қойып жазыңдар.
Үлгі: Оқушылардың тәртібін қадағалаңдар.
Санитарлық талаптарды сақтаңдар.
Гүлдерді суғарыңдарYII. Рефлексия:
Сабақ өте қызықты өтті. Сабақ қызықты өтті. Сабақ қызықсыз өтті.