Урок по казахскому языку на тему Бізді? мектептегі м?ражай


Сабақтың тақырыбы: Біздің мектептегі мұражай.
1. Білімділік: Оқушыларға лексикалық тақырыпты меңгерту. Жаңа тақырып бойынша сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құрауға меңгерту.
2. Дамытушылық: Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру. Сөздік қорын көбейту, мәнерлеп оқуға, жаттау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелілік: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.
Сабақ әдісі:
Сабақтың көрнекілігі: «Лениногорск» кітабы
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасы: Өнертану мұражайы туралы қысқаша әңгімелеу.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Сөздік жұмыс.
Мұражай-музей
Тарихи – исторический
Мәдени – культурный
Ұлттық – национальный
Құнды – ценный
Өлкетану – краеведение
Жизнь и быт – өмірі мен тұрмысы
Дәстүр – традиция
1.Осы сөздердің мағынасын түсіндіру, аудару.
2.Дұрыс айтуға дағдыландыру.
3.Жаңа сөздерден сөз тіркесін құрау: құнды дүние, ұлттық киім, ежелгі дәстүр.
4. Сөйлем құрау.Орыстың ұлттық киімі қойылған.
5. Синоним, антоним, омоним сөздерді табу: құнды-бағалы, дәстүр- ғұрып-салт; құнды – құнсыз.
ІҮ. Мәтінмен жұмыс.
Біздің Бутаково ауылындағы негізгіорта мектебімізде бұрын өлкетану мұражайы болған. Мұражайда ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін құнды дүниелер болған. Олардың қатарына орыстың өмірі мен тұрмысын ұлықтайтын дүниелері мен ұлттық киімі, әр ауданнан жіберілген әр ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін ғұрыптайтын заттар, қол диірмен, ең ұзын адамның пішіні (макеті), қымбат, бағалы бұйымдар қойылған. Қазір өлкетану мұражайы облыс орталығы Өскемен қаласына көшірілген.
Кезінде ол мұражай бүкіл одаққа белгілі болған. Мұнда мұражайды көру үшін әр жерден ересектер мен оқушылар арнайы сапармен келген. Осындай белгілі мұражайдың менің мектебімде болғанын мақтан етемін.
Ү. Аударма жұмыс.
Мәтінді аудару.
ҮІІ. Бекіту. Сұрақ бойынша әңгіме құрастыру.
Сурет бойынша жұмыс.
Мынау қай жер?
Суретте не бейнеленген?
Мұражайда нелер бар?
Онда кімдер жұмыс істеген?
Қандай ұлттық экспонаттар қойылған?
ҮІІІ. Қорытындылау.
- Сен мұражайда болдың ба?
- Мұражайда нелер бар?
- Саған мұражайда не ұнады?
- Қандай мұражайларды білесіңдер?
ҮІІ. Үйге тапсырма.
Риддер қаласындағы өлкетану мұражайы жайлы шағын әңгіме жазып келу.