Т?рбиені? е? тамаша мектебі — отбасы


Тақырыбы: «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы»
Тренинг тақырыбы: Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
Жалпы мақсат: Отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көрсету
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта
Слайд-презентация
Маркер, қағаз флипчарт, стикер
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер
Сұрақ- жауап, диалог, АКТ, СТО
Тапсырмалар: Постер жасау, эссе, сұрақтарға жауап беру


Әдіскер мен ата-аналардың әрекеті
І. Ата-аналардың психологиялық ахуалын туғызу Әдіскердің іс-әрекеті
«Есімдер аллитерациясы» Ата-аналардың іс-әрекеті
Көршілес тұрған адамның есімінің алдына сын есім қойып, тілек тілеу. Мысалы: Нұрлы Нұршатқа бақыт тілеймін.
Ұйымдастыру кезеңі
Ата-аналарды «Мозайка» әдісі арқылы үш топқа бөлемін.
Үш топ орындарына жайғасады.
№1
Қызықты сұрақтар
1.     Балаңыздың туған күні?
2.     Тәрбиешісінің есімі кім?
3.     Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4.     Балаңыздың сүйікті асы не?
5.     Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
6.     Балаңыз қандай мультфильм көргенді ұнатады?
7.     Балаңыз шағын орталыққа неше жасынан бастап келді?
8.     Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
9.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?
10.Балаңызды болашақта кім болады деп елестетесіз?
11.«Балам үшін барлығына дайынмын» деп ойлайсыз ба?
Доп беру арқылы ата-ана жауап береді.
№2
Постер жасау.
Бала жақсы білімді, тәрбиелі болу үшін ата-аналардың міндеті қандай болу керек? Әр топ берілген сұрақ бойынша постер жасап, қорғайды.
№3
«Ақау құмыра» бейнеролик көрсетіледі. Эссе жазу. Ой түю.
Рефлексия
Барлығына стикер таратылып беріледі. Стикерге алған әсерлерін жазады.