Отбасы мен балаба?ша арасында?ы ынтыма?тасты?ы


Ж.Тобаяқов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі «Еркетай» шағын орталығы
00Отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастығы
Отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастығы


Жайнақ батыр ауылы
Отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастық
Бүгінгі таңда ата-ана мен балабақша арасындағы ортақ мәселе- бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Ата-ана үшін бала- өмір жалғасы, көздің нұры, үміт еткен шырағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады. балабақша мен отбасындағы тәрбиеде бірінші орында баланың жан жақты дамуы, денсаулығы,тәрбиесі, жетістігі тұрады. Отбасы мен балабақша қызметкерлерінің бірлестігі оқыту және тәрбиелеу жұмыстарының дұрыс жлға қойылуына ықпал етеді. Ж.Ж.Руссоның өзі «Кейінгі әрбір тәрбиеші, алдыңдағы тәрбиешіге қарағанда балаға аз ықпал етеді», деген еді. Ата-аналардың міндеті –баланың өз санасында жаңа түсініктер жасауына көмектесу, баланың өз іс-әрекетін ұйымдастыра білуіне және соның нәтижесінде әрекет салдары ретіндегі өзінің жаңа біліміне жеке өз жолымен қол жеткізуіне жәрдемдесу. Отбасы баланың тамақтануға, мейірімге, демалуға, жылылыққа деген қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мұнда бала өзінің қимыл-қозғалысқа деген қажеттілігін қанағаттандырады, қршаған әлемді зерттеудің өзіне қол жетімді деңгейде түсінуге мүмкіндік алады. Бала өсіп, есейді, кез келген жағдайда өзін қалай ұстау қажеттілігінің барлығына өздігінен үйренеді деп ойлау- қателік болып саналы. Мектепке дейінгі жастағы балаға ықпал ету, оның бойында жақсы қасиеттер тәрбиелеу мүмкіндігін жіберіп алсаңыз, оны уақыт өте келе қайтара алмайсыз. Бұл даста пайда болған эмоционалдық реакциялар және мінез-құлықтық ерекшеліктеріне және жеке тұлғаның мінездемесіне айналады. Кейіннен баланы тәрбиелеу емес, қайта тәрбиелеу қажет боп жатады. Дана халқымыз «Бала жастан», - деп теке айтпаған болар. Қай халық болсын ұрапығының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагарлерін тәрбиелеу ісі.
Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.
Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, оның мұң -мұқтажын өтерлік, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қоғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді. «Бүгінгі ұрпақ елімізідің болашағ. Бізідң алға қойған мақсатымыз- қазіргі қоғам мұратына сай жан – жақты жарасымды тұлағ өсіру», -деп тағы да қайталап айтқанымыз келді. Тәңір тіршілікті жалғассыз етіп жаратса, мың шексіз әлемді баяғыда қара түнек басқан болар еді. Адам өмірінің де мәні – ұрпақ. Пәниде жсаған мәнді әрекеттеріміздің барлығы- перзентімізге бағышталған. Бала –пенделердің ғана емес, мына дүние біткеннің мұрагер. Махабаттың өзін де сұрыптайтын болсақ, ата-ана мен баланың махабатынан тұрлаулы не бар?
Ата-ананың қайсының болсын, ананың да әкенің де тәжірибелері тамаша. Бірақ әке мен ана атанған ересектердің өмірлерде пайда болған нәзік, қорғанышсыз бейкүнә жанның күшті, денісау, есейген кезде ата-анасы үшін, отан үшін өзіне жауапкершілік жүктейтін, өз-өзіне сенімді кдамзат болып өсуі үшін –жай ғана ата-ана болып қоймай, болсын жан- тәнімен сүйетін, сауатты ата-ана болулары керек. Ата-аналық тәжірибеде «Сынақтар және қателіктер» әдісі тиімсіз: ата-аналық қателіктердің құны тым жоғары. Баланың жанын бір рет қана жаралау, оның өмірлік табысына апарар жолын тым қашық әрі күрделі етеді. Ал өзімізде ата-аналық құзіреттілікті дамыта отырып, біз балаға дүниеге келген адамның қаситетті құқықтарының бірі- баланың дұрыс және мейрімді тәрбиелеуге деген құқығын толық көлемде пайдалануына мүмкіндік береміз.
Талап ету- отбасылық тәрбиенің ең кең тараған әдісі болып табылады. Талап ету тікелей («істе», «бар», «жина») және жанама (кеңес, өтіну, тілек) болуы мүмкін. Талап етуді түрлендіру қажет. Ата-аналарға талап ету жүзеге асырылатын жағдайлар туралы естен шығармау қажет:
Отбасында ерлі –зайыптылар арасында да, сонымен қатар ата-аналар мен арасында да сабырлы да, салмақты қарым-қатынас болу керек;
Қойылған талап қысқаша болуы керек, оның дұрыстығына және болмай қоймайтындығына күмән тұмау керек;
Тілектестік қарым-қатынас пен: байсалды түрде, ата-ананың көзіндегі мейрім мен талап етілу керек;
тым асыра педанттық көрсетпеу керек, балалардың өтініштерін және тілектерімен жанасу қажет, бірақ: «Жақсы қазір істей алмасаң, сәл кейінірекістейсің», -дегенді жаққа шығармау керек.
Ұлы педагог А.С.Макаренко: «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата-ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата-ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады.» деген. Ата-ана бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс. Бала бақыты білімде. «Білім - бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды,» деген А.Байтұрсынов. Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата-аналар бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай отырып, бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата-ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қала ұйымдастыруға болады?
Ол үшін біз ата-аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлін анықтау үшін, ата-аналардың ұсыныс пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады.
М.Әуезов «қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек». Өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінен құдыреттілігін байқатады.
Ұлы Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адамбілімді болады» десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен. Қазіргі қоғам жан-жақты, білімді де білікті, мәдени ой өрісті өсіріп жетілген, ұлттық салт- саласына бойына сіңіріп өскен жаңа адамды тәрбиелеуді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды алғы шарттардың бірі ретінде қарастыруда. Бұл өз кезегінде отбасы мен балабақша қызметкерлеріне орасан зоржауапкершілік жүктеп отыр. Балалар - біздің болашағымыз, үмітіміз. «Егер біздің балаларымыз шын мәнісіндегі білімді адамдар болғысы келсе, олар өз беттерімен шұғылдану арқылы білім алуға тиіс», -деген орыс жазушысы Н.Г.Чернышевский, тәрбие мәселесінде ата-аналардың рөліне ерекше мән берген. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің тәрбие тұжырымдамасында: «Баланың танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнделікті өмірінде білім алудың қаншалықты маңызды екенін көзін жеткізу қажет. Өйткені балабақша жасындағы балалар әсершіл және ұғымтал келеді», деген нұсқау мәселенің қоғам талабына туындап отырғандығын дәлелдейді. Белгілі педагог К.Д.Ушинскийдің «Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек» деген көрегендігі тәрбие үрдісінде ата-ананың орнын тағы да ерекшелейді. Сондықтан балабақшада ата-аналармен жүогізілетін жүмыстардың басты ұстанымы мыналар болуы керек.
Жанұядағы тәрбиелік күштің негізі –ата-ананың азаматтығы.
Баланың ішкі жан дүниесіне, талабы мен парығына қамқорлық жасау – ата-ананың міндеті.
Еңбекке жауапкершілік тәрбиесін қалыптастыруда ата-ананың көрсететін үлгісі.
Бала тәрбиеміндегі отбасының маңызы туралы ақын А.Құнанбаев балаға тәрбие беру үшін ғасырлар бойы қалыптасқан үй-іші қатынастарының елеулі әсері бар деп, есептейді. Әке мен баланың, ана мен қыз баланың арасындағы өте нәзік, жарасымды жақындық ізгілікке тәрбиелейді. Отбасы тәрбиесіндегі негізгі тұлға – әке және ана. Әкелердің ұстамдылығы, төзімділігі, сабырлығы қиыншылықтарда қажырлық көрсете білулері балаға үлгі. Э.Фром айтып кеткен, автордың айтуы бойынша балаға деген ана махаббаты: «Мен сені қандай болсаң да жақсы көремін» , ал әке махаббатының қағидасы : «Қойған талабына сай келсең ғана мен сені жақсы көремін» Қарым қатынас түсінігі мен тұлғаның қалыптасуындағы қарым –қатынастың алатын рөлі туралы идея кеңестік психологтар А.Н.Лернтьев, А.Б.Добрович, М.И.Лисина және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
М.Жұмабаев «Жеке адамның шын мәніндегі рухани байлығы оның іс жүзіндегі қарым қатынастарының байлығына байланысты» деген. Осы қасиеттерді отбасы мен балабақща бірлесіп балаға жасынан бойына сіңіре білсек, тәрбиемізді берік іргетасын қалағанымыз. Еліміздің ертеңі балаларымыздың болашағы үшін тәрбие мен білімнің сара жолында ізденуден жалықпайық. Әр шаңырақтан бала сыңғыры кетпесін! Әр шаңырақ базарлы үйге айналсын.