Алгоритм т?сінігі ж?не программа. Ат?арушы командалары ж?йесі. Ат?арушы т?сінігі (9 сынып)


Муратқызы Жантилеу
Информатика пәнінің зертханашысы
«Ескелді ауданы әкімдігінің
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Практикалық жұмыс №2
Тақырыбы: Алгоритм түсінігі және программа. Атқарушы командалары жүйесі. Атқарушы түсінігі
Теорияға шолу
Информатика ғылымында «алгоритм» түсінігі ақпарат түсінігі сияқты негізгі ұғымдардың бірі болып табылады.
«Алгоритм» сөзі атақты араб математигі Әбу Жафар Мухаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763—850 жж.) есімінің латындық транскрипциясы болып табылады. Ол санаудың ондық санау жүйесінде көпорынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Бірақ әл-Хорезмиге дейін де арифметикалық операцияларды орындау ережелері көп болатын. Бірақ ол кезде сандардың ерекшеліктеріне көп мән берілмеген болатын, ал әл-Хорезми болса, көпорынды сандардың бәріне ортақ және барлық сандарға жарамды ереже ұсынды. Әл-Хорезмидің тәсілін қолдаушыларды алгоритмдіктер деп атады. Алгоритм ұғымы бірнеше қасиеттері бар ережелер жүйесі деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі таңда алгоритм ұғымы тек математикалық есептерге ғана емес, сонымен қатар басқада мағыналарда қолданылады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған алгоритм бойынша, яғни программа бойынша жұмыс істейді.
Алгоритм ұғымының анықтамасы өте көп.
Алгоритм деп берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіруді айтамыз. Кез келген есептің шешу кезеңін қарапайым амалдар тізбегіне бөлектеуге болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз. Программа командалар тізбегінен тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды. Яғни, программа деп белгілі бір нәтиже алу үшін түсінікті операциялар тізбегін айтамыз. Процессор программа құрамындағы командаларды реті бойынша орындайды. Команда бір қарапайым операцияны орындауға бұйыратын бұйрық түрінде болады. Командалар арифметикалық, логикалық, басқаруды беру, сандарды салыстыру, экранға шығару, принтерге шығару және т.б. болып бөлінеді.
Атқарушы түсінігі
Алгоритм атқарушысының рөлін адам немесе автоматтандырылған құрылғы: компьютер, робот және т.б. орындайды. Мысалы:
у = (ах+b)(сх -d) функциясын есесптеу үшін келесі қарапайым әрекеттерді орындау керек:
1) а- ны х-ке көбейтіп, оны У деп белгілеп аламыз;
2) У – ті b –ға қосып, оны У1 деп белгілейміз;
3) с – ны х – ке көбейтіп, оны У2 деп белгілейміз;
4) У2 –ден d – ны алып тастаймыз, оны У3 деп белгілейміз;
5) У1 –ді У3 –ке көбейтіп, нәтижені У4 деп белгілейміз.
Көрсетілген пункттерді өзгертуге болмайды. Олар дәл осы қалпында орындалуы қажет. Сонда ғана қажетті нәтижеге жетуге болады.
1714554483094170515551151
01
Тағы бір мысал ретінде, күнделікті мектепке бару алгоритмін келтіруге айтуға болады:
5334015811500260413512496803
003
105537011652252
002
16675101524000078105130810003704590118745
863601949454
004
46012101466857
007

382524033020472186010833107
007
217614535560005740403873554165510623555
05

3097530396426
006

30619701263659
009
305625513208000969645177800
1029335158758
008

Қалааралық телефонды қолдану алгоритмі.
Телефон тұтқасын алу;
8 санын теру;
Үзіліссіз үнді күту;
Керекті қаланың кодын теру;
Абоненттің телефон нөмірін теру;
Абонент жауабын күту;
Сөйлесу батырмасын басу;
Сөйлесуге болады.
Осы мысалдағы әрекеттерді орындау үшін алдын-ала абоненттің телефон нөмірін, тұратын қала кодын білу қажет.
Жалпы алғанда, өміріміздің барлығы алгоритм тізбектерінен тұрады десек те болады.
Алгоритм орындалу барысында атқарушы қандай инструкция келесі орындалу керектігін біледі. Атқарушы орындай алатын командалардың жиынын атқарушы командалар жүйесі деп атаймыз.
Сонымен, алгоритм атқарушысы алдын-ала қойылған әрекеттерді орындап, нәтижеге жететін адам, компьютер немесе техника болуы мүмкін. Егер есепті шешу үшін техникалық құралдар пайдаланылса, орындалатын әрекеттер тізбегі нақты және түсінікті болу керек. Қаншалықты әрекеттер түсінікті де, нақты болса, соншалықты нәтижеге жету тез және дұрыс болады.