Тренинг: Бала т?рбиесіндегі ата- анамен балаба?шаны? ролі


Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі балабақша мен ата – ананың рөлі»Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата – ана тәрбиесінің әдіс – тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым – қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата – аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.Әдістері: пікір алмасу, сұрақ – жауап, сауалнама, психологиялық жаттығулар.Тренинг бағдарламасы:1. «Танысу» жаттығуы.2. Топқа бөлу.3. Ой жинақтау.4. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.5. Ситуациялық сұрақтар.6. Тест «Бала тәрбиесі».7. «Ашық айтсам..» анкетасы.8.Ойын: «Мені таны»
9. Қорытынды.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата – ана ролі» атты тренинг – сабағымызға қош келдіңіздер!1. Танысу жаттығуы.Ата – аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады. Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?2. Топқа бөлу.Тренинг:Енді ата - аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.Ал енді ата - аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар. Енді ата - аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті,»жапырақ тобы»- жапырақты саламыз.(Музыкалық сүйемел, қалам - қағаздар)Ұстаздарыңызға деген талап - тілектеріңізді «тамыр тобы»- тамырға, «діңгек тобы» - діңгекке, «жапырақ тобы» - жапыраққа жазыңыздар.Осы ағаштың тамыры – ата - ана, діңгегі - тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді.Енді мына себеттен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін іліп, балаларыңыздың қызығын көрейік.(музыкалық сүйемелдеу, тілек жазу)3. Ой жинақтау.Үш топқа тақырып беріледі. Ата – аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.1 топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.2 топ. Бала үшін тәрбиеші мен ата – ана арасында қандай байланыс болуы керек?3 топ.Бала тәрбиесі үшін ата-ананың рөлі қандай?Балабақшаның ше?
4. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы:1. Балаңыздың туған күні?2. Тәрбиешісінің толық аты – жөні?3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?7. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?8. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?9. Балаңыздың ең жақын досы кім?10.Тәрбиешіге ұсынысыңыз, тілегіңіз. Ата – аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.
5. Ситуациялық сұрақтар.Ата – аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,….. деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?3. Сізге балабақшадағы тәрбиешіден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата – аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?4. Кейбір ата – аналардың баласының әрбір іс – әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», – деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?5. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрасыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?6. Балаңыз қандайда бір теріс іс – әрекеттер көрсетсе, сіз қандай шара қолданасыз?6. Сауалнама: “Сіз қандай ата – анасыз?”
1. Кез келген ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?2. Балалардың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?3. Балаңызбен қарым – қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?5. Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез – құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік, бересіз бе?12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайысыз ба?13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы:1. Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл2. Кейде ғана келісемін – 2 балл3. Келіспеймін – 1 баллСауалнаманы бағалау өлшемдері:0 – 16. Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.16 – 30. Балаға қамқорлық жасау – бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызға тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.30 – 39. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.7. «Ашығын айтсам».Ата – аналарға төмендегідей бланкілер таратылып толтырылады.Менің тренинг барысында түйгенім ———-Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады ————-Жүргізушіге ұсыныс ———Маған ең пайдалы, құнды болған ———-Мен бұдан да ашық, шынайы болар едім, егер —————-Маған ұнамағаны ————–Ең жақсы ұнағаны ————–Келесі тренингте мен келесі жайттарды білгім келеді ——————-Тренинг жүргізуші сізге ұнады ма?————–Тренинг жүргізушінің орнында мен болсам ————-Тренингті қорытындылау ————————–Қолы ————————————8.Ойын: «Кім екенін тап»Әрбір адам өзінің аты - жөнін көрсетпей, өз - өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамсыз қасиеттерін жазуы керек. Бұл мінездеме жазылған беттерді жетекші жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып, дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табу керек.9. Қорытынды.Ата – анаға көз қуаныш,Алдына алған еркесі,Көңіліне көп жұбаныш.Гүлденіп ой – өлкесі,- деп Абай атамыз ата – ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата – аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата – бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата – ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл – қыздары жан – жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рақмет!Отбасыларыңызға бақыттың нұры жаусын!Сау болыңыздар!