Бала т?рбиесіндегі мектеп пен отбасыны? байланысы


Ата-аналармен өткізілетін тренинг сабақ жоспары
Тақырыбы Бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасының байланысы
Мақсаты 1. Ата – ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру
2.Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету
3.Баланың мейірімді,сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп,өсу жолдарын бірлесе қарастыру
Күтілетін нәтиже Тренинг барысында ата- аналар баланы түсініп, кез- келген жағдайда қарым- қатынаста бір – бірін түсіне білу
Қажетті ресурстар, дереккөздер АКТ, презентация, бейнежазба, бейнетаспа, плакат, маркерлер, стикерлер
Сабақтың барысы Топқа бөлу Отбасы, мектеп, бала сөздері арқылы қима қағаздармен топқа бөлінеді
Ойқозғау.Балаңыздың сыныбы туралы не білесіз? Әр ата-ана өз баласының сыныбы туралы қысқаша мәлімет беріп өтеді
Ұлағатты сөздер ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
 
Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
 
Абай
Сұрақ- жауап «Мадақтама- жазалау»
Ата – ананың балаға деген көңілін байқау.
Қағазды екіге бөліп , бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді, ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазады
Постер қорғау
Видео
Сіз балаңызға қаншалықты көңіл бөлесіз?
Видеоны көріп, сол тақырып бойынша плакат бетіне түсіріп қорғап шығады

Пікірталас « Баланың өтпелі кезеңі» деген ұғымды қалай түсінесіз?
Биологиялық тұрғыдан
Қоғамдық тұрғыдан
Сауалнама Ата- аналарға арналған сауалнама.
Жанұя бақыты дегенді қалай түсінесіз?
Баланы тәрбиелемей- ақ қойыңыз, түбінде ол өзіңізге тартады, одан да өзіңізді тәрбиелеңіз. Келісесіз бе?
Рефлексия Жаттығу « Тілек шамы»
Тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

Сынып жетекші: Г. Баймаханова