Урок в 8 классе Ауыз ?уысында асты? ?орытылуы


Сынып: 8 «а»
Пән: биология
Сабақтың тақырыбы: Ауыз қуысында астың қорытылуыСабақтың мақсаты:
Білімділік: ас қорыту тарауы бойынща ары қарай білімдерін толықтырады, ауыз қуысында астың қорытылуымен танысадыДамытушылық: өткен сабақтармен байланыстыра отырып ой өрістерін және есте сақтау қабілеттерін дамытадыТәрбиелік: Өз бетімен жұмыс істеп , өз білімін өзі тексеріп, бағалай білуге үйрету.Өздігінен талпынып , жауапкершілікті сезінетін саналы,өнегелі ұрпақ тәрбиелейді.
Коррекциялық: Ұсыныс бойынша көру қабілетіндегі кемшіліктерді түзету.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ түрі: дәстүрлі
Оқыту әдісі: ауызша, баяндау, түсіндіру.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру сәті.
А) Оқушылармен амандасу.
Б) Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
В) мәлімдеме бойынша журнал толтыру.
Г) сабақ барысын баяндау.
2. Үй тапсырмасын сұрау: ас қорыту мүшелерінң құрылысы, 157-162 беттер
Пысықтау сұрақтары:
Ас қорыту жүйесі қандай мүшелерден тұрады?
Ауыз қуысының құрылысы қандай?
Асқазан құрылысының қандай ерекшеліктері бар?
Тоқ ішектің құрылысы қандай?
3. Жаңа сабақ.
Шайнау – тағамды техникалық өңдеу: ұнтақтау, майдалау, сілекеймен дымқылдау және ас түйіртпегін қалыптастыру. Шайнау – рфлексті әрекет. Тағамды тістер майдалайды. Пішіні мен қызметіне қарай күрк тіс, ит тіс, үлкен және кіші азу тістер деп ажыратылады. Ерсек адамдағы тістің жалпы саны – 32. Үстіңгі және астыңғы жақ сүйектің бір жағындағы істер көрсетілетін тіс формуласымен білдіруге болады:
8/8 7/7 5/5 4/4 3/3 2/2 1/1 1/1 2/2 3/3 4/4 5/5 6/6 1/41 8/8
Әрбір тістің ауыз қуысында қызыл иектен шығып тұратын қаптамасы, тіс мойыны (қызылиек астында) және жақ сүйектің тіс қуысында кіріп тұратын тістүбірі болады.
Тіс сүйекке ұқсас тығыз заттан – дентиннен тұрады.
Сілекей бездері. Сілекей бездерінде сілекей түзіледі. Адамда үш жұп сілекей бездерінен (екі шықшыт, екі жақ асты, екі тіл асты бездері) басқа көптеген ұсақ микроскопиялық бездер бар.
Тіл – сілемейлі қабықпен жабылған, тамырлары мен жүйкелері көп, қозғалмалы бұлшық етті мүше. Тіл шайнау процесінде асты қозғалтады, сөйлеу және дәм сезу мүшесі болып табылады.
Көзге арналған жаттығулар. 3мин.
Көздеріңді қатты жұмыңдар және үлкен етіп ашыңдар (5-6рет)
Бастарыңды қозғамай жоғары, төмен, оңға,солға қараңдар
Көздеріңді шеңбер бойынша қозғаңдар: төмен-оңға-солға-керісінше.
Жылдам 1-2мин.көздеріңді қағыңдар.
Сілекей бездерінің іс-әркетін зерттеу әдістемесі. Жануарлардағы сілкей бездерінің қызметін зерттеу үшін И.П. Павлов олардың шығару өзегіне жыланкөз (фистула) қою операциясын ұсынды.
Жұту – рефлексті әрекет. Тағам түйірі тіл түбіріне ауысқанда жұту қозғалысы рефлексті түрде пайда болады. Сілекей ауызға тағам түскенде ғана емес, тағамды көргенде де бөлінеді. Бұл да рефлекс, бірақ ерекше рефлекс. И.П. павлов оны шартты рефлекс деп атады.
4.Бектіу:
1. Ас қорыту процесінде шайнау қандай рөл атқарады?
2. Сілекей бөліну неге байланысты ?
3. Ауыз қуысында ас қалай өзгереді?4. Жұту қалай жүзеге асырылады?
5. жұту оорталығы қайда орналасқан?
5. Үйге тапсырма: Ауыз қуысында астың қорытылуы