Саяси ?ылымны? даму тарихы ж?не негізгі кезе?дері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАЛДЫҚОРҒАН ӨНЕРКӘСІПТІК ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ № 2
тобы күні
Пән: Саясаттану және әлеуметтану негіздері
Сабақ тақырыбы: Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаты Білімділік: білім алушыларға саяси ойлардың тарихи даму кезеңдері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: білім алушыларды тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан-жақты толық жеткізе білуге қосымша іздендіру.Білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, топтық жұмыс істеу арқылы олардың бойында ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Болашақта саясатқа араласа алатын саяси сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Білім алушыларды отансүйгіштікке, мәдениеттілікке, еңбексүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: интербелсенді әдіс-тәсілдер
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: мазмұны өзіндік жұмысты қамтитын белсенді үлестірмелі парақтар, карта, слайд
Пәнаралық байланыс: тарих, қоғамтану
Пайдаланылатын әдебиеттер: А. Негізгі әдебиеттер: Жамбылов Д. Саясаттану. Алматы «Жеті жарғы», 2008.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру кезеңі
Білімгерлерді жаңа білімді қабылдауға психологиялық дайындау үрдісі жүреді. Ол
үшін білімгерлерді екі топқа бөледі.
2. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі: ауызша, сұрақ-жауап
Саясаттанудың негізгі қарастыратын мәселелері қандай?
Саясаттың қызметтеріне не жатады?
Басқа әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың ішінде саяси ғылымның орны қандай?
Саясаттанудың Сіздің мамандығыңызға қажеті бар мА? Қандай?
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі:
Оқушылар «саяси ой» дегенде сендердің естеріңе не түседі? Оқушылар саяси ойға байланысты өз ойларын айтады.
Қарастырылатын сұрақтар:
Ежелгі дәуірдегі саяси ойдың қалыптасуы.
Ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар.
Жаңа замандағы саяси ой.
Ой қозғау (оқушылардан жаңа тақырып бойынша білгендерін жазбаша
айқындау). Оқушылар кестені толтыру керек.
Білемін Саясат ғылымының пайда болуы, қалыптасуы. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.
Білгім келеді Платон, Аристотель т.б. ойшылдардың негізгі ойлары мен еңбектерін.
Білдім Платон мен Аристотельдің мемлекетке қатысты көзқарастарының айырмашылығы. Ежелгі дәуірде және Жаңа заманда дін роль атқарған жоқ. Ортағасырда дін үстемдік етті, т.б.
Мағынаны ажырату. Слайд көрсетіледі. Оқушыларға дәріс мәтіні таратылады.
Әрбір топтан бір-бірден топ жетекшілері (лидер) пікірлеседі. 1-ші сұрақ бойынша таблица толтырылады.
Ойшылдар Кезеңдері
Платон, Аристотель, Марк Тулий Цицерон. Ежелгі дәуір
Аврелий Августин, Фома Аквинский, Никколо Макиавелли. Ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуірі
Т.Гоббс, Ш.Л.Монтескье, Жан-Жак Руссо, Т.Джефферсон, Т.Пейн, И.Кант Жаңа заман
Дәріс мәтіні білімгерлерге оқуға таратылады. Әр топтан бір-бір оқушыдан
талқылайды. 2-ші сұрақ бойынша таблица толтырылады. Слайд көрсетіледі.
Интервью – сұхбат алу әдісімен 3-ші сұрақ қарастырылады. А оқушы В-дан интервью алады; С оқушы Д-дан интервью алады. Мысалы:
Т.Гоббс кім? Ол қандай мемлекетті ұнатты?
Ш.Л.Монтескье қандай ұстанымда болды?
Жан-Жак Руссо кімдердің мүддесін қорғады?
Т.Джефферсон АҚШ-тың «Тәуелсіздік декларациясын» жазды. Декларацияда не туралы жазылған?
Т.Пейн неге қарсы болды, нені жақтады?
И.Канттың қандай еңбектері бар?
5.Жаңа материалды бекіту
(есептеу, шығару және білімді бағалау, т.б.)
Ассоциация. Кестеге қайта оралып, сабақ барысында алған мағлұматтармен талқылау.
Үй тапсырмасы
Т - кестесін толтыру. Әрбір кезеңдегі саяси ойшылдардың ойларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындаңыз.
6. Бағалау.
Білімгерлерді бағалап, бағаларына түсініктеме беріп, кемшіліктері мен жетістіктерін
айту.
Оқытушы Ш.Е. Жабыкбаева