Саба?тарда о?ушыларды? танымды? ?асиеттерін пысы?таушы электронды о?улы?тарды ж?не интерактивті та?таны ?олдану жолдары


Сабақтарда оқушылардың танымдық қасиеттерін пысықтаушы электронды оқулықтарды және интерактивті тақтаны қолдану жолдарыМектептерде оқу-тәрбие жұмысын жақстарту үшін жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Оқу құралдарын, көрнекіліктер, комьютер, интерактивті тақта, әдістемелік нұсқаулар, әдеби кітаптар, т.б. қажетті құралдармен толығуда.
Өмір талабына сай қазақ тілін оқыту әдістемесі де мемлекеттік тіл мәртебесін алуымен бірге өркен жая одан әрі дамып келеді.
1990 жылдардан бері қарай қазақ тілін оқыту әдістемесі жаңа зерттеулермен, жаңа бағыттармен, жаңа технологиялармен толықтырыла бастады.
Қазіргі оқыту әдісіне электрондық оқулықтарды қолдану, инновациялық технлогияларды қолдану, атап өтсек, деңгейлік оқыту тәсілі, модульдік оқыту әдісі, комьютермен оқыту, интеграциялай оқыту мәселесі жаңалық болып еніп жатыр.
Комьютерлік технологиямен оқытудың оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне, соған байланысты материалдарды ізденуіне, ойлануына, танымдық қабілетінің артуына, сабаққа деген ынтасын арттыруға мүмкіндігі мол. Қазақ тілі сабағында логикалық жүйеге біріккен комьютерді пайдалану өтілген пәнді қайталау кезінде (пысықтап, білімін қорытып еске түсіруде), сұрақ-жауап алу арқылы білімін бағалау кезінде, ойын арқылы сөздікпен жұмыс істеуде қолданылуда. Әр облыс, қала, аудан мектептері комьютендіріліп келеді.
Интерактивті тақтаны пайдалана отырып оқыту. 2007 жылы 3 қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тарихында алғаш рет
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деген тақырыпта интерактивті тақтамен сабақ өткізуі, озық технологияның көмегімен тікелей байланысқа шығуы оқушылардың сабаққа, білімге деген ынтасын арттырды. Ол бүгінгі барлық салада бәсекеге қабілеттілік барысында жүзеге асырылып жатқан, бізге жетпей жатқан ғылым, білім жайында түсінікті тілмен, қарапайым сөзбен оқушыларға жеткізіп сөйлеп шықты. Елбасының сөзін бір мезгілде еліміздегі 6500 оқушы тыңдады.
Интерактивті тақта арқылы мультимедиялық мәтін жазылған бейне материалдар, слайд, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, т.б. қолданып, кез келген тақырыптың мазмұнын ашып көрсете аламыз. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері:
уақыт үнемделеді;
аз уақытта көп білім беріледі;
көрнекілік кестелер, кеспелер әдемі қалпында түседі;
мәтіндерді оқып, талдауға мүмкіндігі мол;
оқушылар өз бетінше де жұмыс істей алады;
барлық оқушы тақтадағы берілген білімді ықыласымен меңгереді.
Интерактив (ағыл. «inter» - бірлескен, «act» - әрекет) өзара әсер ету деген мағынаны білдіреді. Интерактивті тақтаны қолдану – оқушының оқу үрдісін ұйымдастыруға толық қатысатын белсенді тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік ашатын тиімді оқыту әдісі. Осы интерактивті тақтаны қолдана отырып, электрондық оқулықтарды оқыту үрдісіне енгіземіз. Электрондық оқулықтар арқылы алынатын ақпарат, қимыл-қозғалыс, музыка, баяу үн, дауыс ырғағы, әуені, экрандағы титр оқушының танымын дамытады, эмоциясына әсер етеді, есте сақтау қабілетін арттырады.
Қойылатын талаптар:
электрондық оқулық түпнұсқалық (аутентикалық) болуы қажет;
тақырыптары оқушының белгілі бір қызығушылығын арттырады, оқу бағдарламасына сәйкес келуы керек, олар әр түрлі тақырыпқа құрылуы керек.
Сабақта ұтымды қолдану жолдары:
бейнематериалдар арқылы ақпарат алады;
оқытушы осы ақпарат бойынша 4-5 сұраққа ауызша жауап беру тапсырмасын орындайды;
мәтін бойынша рөлдерді таратып береді. Әркім өз кейіпкерінің сөзін тыңдап, оны сомдауға тырысады.
Сөздермен жұмыс. Қиын сөздер тақтаға жазылып, түсіндірмелі сөздік құрастырылады.
Меңгеру кезеңі.
Мазмұнына сәйкес тақырыбын анықтайды;
Электрондық оқулықтың тақырыбына қатысты салт-дәстүр, ел мәдениетіне, тарихына байланысты суреттер, сызбалар ұсынылады. Оқушылар естігендерін суреттер мен сызбалар бойынша белгілейді;
Оқушы белсенділігін арттыруымен бірге олардың танымдық қабілетін жетілдіріп, шығармашылық белсенділікке деген қажеттілігін қанағаттандырады.
Осы ақпаратты тасымалдаушыларды қолдана отырып, біздің білім саласында жетістіктерге жететінімізге сенімдімін.