Математика 3 сынып ?айталау Тікт?ртб?рышты? периметрін тиімді т?сілмен есептеу


3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Тіктөртбұрыштың периметрін тиімді тәсілмен есептеу.
Сабақтың мақсаты;тіктөртбұрыштың периметрін есептеу дағдыларын жетілдіру;тиімді тәсілмен есептеуге үйрету.
1.Ұйымдастыру кезеңі.сабақтың мақсатын түсіндіру.
2.Тірек білім,білік,дағдыларын белсендіру.
Сабақтың барысы;Сәлеметсіздер ме балалар!
Бізде қазір математика сабағы, бізге көптеген қонақтар келіп отыр,қонақ аз отырып,көп сынайды деген сөз бар, сондықтан да қонақ алдында сынға түспей, өз білімімізді көрсете білейік.Іске сәт!
Сабағымызды бастамас бұрын әдеттегідей ортаға шығып, атып келе жатқан таңмен және де бүгінгі келген қонақтармен амандасайық. /оқушылар амандасады /
Математикадан өткен сабағымыз тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу. «Қайталау- білім анасы» демекші, бүгін сол сабағымызды қайталаймыз.Үй жұмысы дәптерлерін жинап алу.
Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей
Қабырғасы 5 см болатын шаршы сызып,оның ауданын,периметрін есепте.
2-деңгей
Тіктөртбұрыштың ұзындығы 10см,ал еніодан 2есе қысқа тіктөртбұрышты сызып,ауданы мен периметрін есепте.
3- деңгей
Тест жұмысы
1.Аудан бірліктерін тап.
а/см.дм,м с/сағ,мин,сек.
в/см,дм,м д/кг,г, т.
2.Қабырғасы 2см текшенің көлемі неге тең?
а/ 6см с/ 2см
в/ 4см д/ 8см
3.Төрттен бір бөлігі 15 мин болатын уақыт бірлігін тап.
а/ 30 мин с/1 сағ
в/ 45 мин д/40 мин
4.Шаршының периметрі 40см.Оның қабырғасының
ұзындығы нешеге тең?
а/ 9см с/6см
в/ 10см д/15см
5.Ұзындығы 32см сымнан қабырғасы 8 см болатын шаршы жасауға бола ма?
а/ иә с/ жоқ
Сергіту сәті.
Тақтаға роботтың аппликациясы ілінеді.Оқушылар геометриялық фигуралар жиынтығын алады.Роботты құрастырады.
Жаңа ақпарат.
Геометрияның даму тарихынан үзінді
«Геометрия» сөзі гректің «ге»- жер метео-өлшеу сөзінен шыққан.Геометрия ежелгі Мысырда біздің заманымызға дейін 2000 жылы,яғни 4000 жыл бұрын болған. Египет фараоны жерді бөлді,әрбір мысырлыққа шағын жер берді,фараонға жерсалығын төледі.Ніл өзені арнасынан асып,жер телімдерін су басып қалатын болғандықтан, фараон жер өлшеушілерді жіберіп, жердің қаншалықты кішірейгенін анықтатып,неше салық алу керектігін белгілеп отырған.ОсылайшаМысырда геометрия пайда болып,ол жақта басқа елге тараған.
Үйге тапсырма;№3 есеп. Үйіңдегі кілемнің ауданын тап.
Бағалау.