Информатика саба?ында АКТ ?олдану ар?ылы білім сапасын арттыру


Тақырыбы: «Жас информатиктер» білімділер сайысы.
1. Білімділік: Оқушылардың жан-жақты ой өрісін, танымдық қабілеттерін дамытып кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, өз ойларын жүйелі түрде жеткізу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ұжымшылдық, іскерлік қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін, интелектісін, ізденімпаздылықтарын дамыту.
3. Тәрбиелік: Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, білімділікке, мәдениеттілікке, шапшаңдыққа, жылдамдыққа, еңбек етуге, өнерді сүюге тәрбиелеу.

Түрі: сайыс
Көрнекілігі: Слайд, сайысқа қажет форматтағы материалдар, нақыл сөздер.
Барысы:
1. Сайыскерлерді 2 топқа бөлу
2. Сайыстың мақсатымен таныстыру.
3. Сайыстың шартымен таныстыру.
4. Сайыстың жүргізілуі
5. Жеңімпаз топты анықтау.
6. Жеңімпаз топты марапаттау.
Кіріспе сөз. Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі басталғалы отырған «Жас информатиктер» атты білімділер сайысына қош келдіңіздер! Бұл сайысымызды Н.А.Рубакиннің «Нағыз білім атаулыға өздігінен білім алу арқылы ғана қол жетеді» деген асыл сөзінен бастағымыз келіп отыр.
Жүргізуші: Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық
Жүргізуші: «Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бар тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды шақырайық. Бұл ойынға 2 топ катысады.
I - топ – «ИНТЕРНЕТ»
II - топ – «МОНИТОР»
Ойын кезеңдерімен таныстыру (слайд арқылы)
Таныстыру
Смс
Сөз ойла, тез ойла
Менің сүйікті қалама саяхат
Техника дүкені
Жүргізуші: Қазақ деген халықтың баласымыз,
Алда талай алынар бар асуымыз.
Арман жолы қиын жол, бақыт жолы,
Мүмкін емес бұл жолда адасуымыз
дей отырып әр топ өздерін таныстыруларымен ойынның І-ші кезеңінің есігін ашсын.
1. Таныстыру
I топ – «ИНТЕРНЕТ»
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
II топ – «МОНИТОР»
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
2-кезең
Жүргізуші: «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім» деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, білім байлығын көрсетер сайысымыздың 2-кезеңіне өтейік
Екі топ бір біріне сұрақ жазып жібереді, олар сұрақтарға жауап жазып қайта жібереді
I - топ – «ИНТЕРНЕТ»
1. Компьютердің миы (процессор)
2. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы (принтер)
3. Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі (бит)
4. Зиянкесті программа (вирус)
5. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы (монитор)
6. Көп пернелі құрылғы (пернетақта)
7. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)

II топ – «МОНИТОР»
1. Компьютер бұл мамансыз жұмыс істемейді (программист)
2. Сандер мен әріптерді енгізу құрылғысы (пернетақта)
3. Ақпараттың сандық көшірмесін шығаратын құрылғы? (сканер)
4. Сурет салуға арналған программа? (Paint)
5. Ақпараттың орысша атауы.(Информация)
6. Принтердің неше түрі бар? (3)
7. Мәтінді жою пернелері (Delete, Backspace)
3-кезең
«Сөз ойла, тез ойла » ойынын ойнайық, екі топқа «Информатика» деген сөз беріледі ол сөзден сөз құрау және тез құру керек .
4-кезең.
«Менің сүйікті қалама саяхат» екі топ үй тапсырмасы бойынша презентация көрсетеді.
5-кезең.
«Техника дүкені»
Әр топтан кезекпе-кезек бір оқушыдан шығып, техника дүкеніне барады.
Дүкеннен өзіне қажетті техниканы сұрайды.
Қажетті затты сатып алу үшін дүкеншінің сұрақтарына жауап береді.
Әр топтың сатып алған техникасының санына және берген жауаптарына байланысты ұпай қосылады
Қорытындылау және мадақтау
1. Компьютердің миы
2. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы
3. Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі
4. Зиянкесті программа
5. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы
6. Көп пернелі құрылғы
7. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші?
1. Компьютер бұл мамансыз жұмыс істемейді
2. Сандер мен әріптерді енгізу құрылғысы
3. Ақпараттың сандық көшірмесін шығаратын құрылғы?
4. Сурет салуға арналған программа?
5. Ақпараттың орысша атауы.
6. Принтердің неше түрі бар?
7. Мәтінді жою пернелері
№25 ЖББОМ
Информатика пәнінен сыныптан тыс жұмыс
«Жас информатиктер»
(5-6 – сынып оқушыларына арналған)
Дайындаған: Шоқпарова Ш.Қ.
.
Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны мекені (кактус)
Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші (тышқан)
Ақпарларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)
Егер білсең айта ғойшы,
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы,
Компьютерге енгізеді? (сканер)
Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)
Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)
Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер (бит) Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан (жүйелік блок)
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш)
Батырманы басасың
Қажетіңді ашасың.(тышқан)
Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді. (принтер)
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын.
Білсеңдер, қане айтыңдар!(тышқан )