Урок по истории на тему Интерактивті ?дістерді ?олдану ар?ылы о?ушыларды? білім сапасын арттыру жолдары


Интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқушылардың
білім сапасын арттыру жолдары Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі  мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең  білгірі  болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық –психологиялық сауаттылық, саяси   экономикалық   білімділік   және   ақпараттық   сауаттылық   талап етілуде. Ол заман  талабына  сай  білім  беруде  жаңалыққа  жаны  құмар, шығармашылықпен жұмыс  істеп, оқу мен  тәрбие  ісіне  еніп, оқытудың жаңа  технологиясын шебер меңгерген   жан болғанда  ғана  білігі  мен  білімі  жоғары  жетекші тұлға  ретінде, ұлағатты ұстаз саналады.
Технология- белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі.Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр ұстаз алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады.
Оқытудың жаңа технолгияларының бірі-интерактивті оқыту әдісін өз тәжірибемде қолданып келемін. Интерактивті әдісті пайдаланудың тиімділігі оқушының өз ойын еркін, жүйелі айтуына, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу оқушыларға пайдасы зор.

Өз тәжірибемде жалпы жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың  өздігінен  танып білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері қрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын.
Олар:
-          Жеке  шығармашылық  тапсырмалар,  жобалар.
-          Блок-схема,  графиктер,  диаграмма,  т.б.
-          Тірек-схема,  көрнекіліктер
-          Ойын арқылы оқыту
-          Сөзжұмбақ,  ребустар
-          Тестілеу.
Әр сабақ-мұғалім ізденісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады.
Интерактивті әдіс, яғни интерактивті тақта арқылы оқушылармен көбірек топ арқылы жұмыс жасауға болады. Мысалы, видеороликтер,сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн диаграмма арқылы жұмыс істеу әдістерін сабақта қолданамын.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін жиірек қолданып жүрген сабағымның бірі-топпен бірлесу арқылы өтетін –ойын сабақ. Бұл сабақта оқушылардың белсенділігі артады,бір-бірімен бәсекеге түсу арқылы оқуға,көп білуге,ынтасы өседі.Ол тәрбиеге де,оқу ісіне де зор ықпалын тигізері сөзсіз. Ойын сабақтары тек қана тарих пәні ғана емес,басқа сабақтарда пайдалану оның тиімділігін арттыратынын айта кеткім келеді.Ойын сабақтарының артықшылықтары біріншіден,оқушының сабаққа деген ынталылығы артады, үнемі түсіндіріп 45-минут тыңдағаннан оқушы да, мұғалім де жалығады.Екіншіден,сабаққа зауқы жоқ, жалқаулау, нашар оқитын оқушылардың өзі де бұған белсене қатысады.Сөйтіп, кейде бұйығып өз ойын айтуға ұялатын немесе ашық айтуға қиналатын оқушылардың мінезін,сабақты қалай сұрауға, айтқызуға болатынын түсінуге болады.
Үшіншіден, өтілген сабақтың мазмұны оқушының есінде ұзақ сақталады. Бұл деген мұғалімнің бірден-бір жетістігі десек артық айтпаған болар едік.Ойын сабақтарынан кейін оқушылар өздері ізденіп,әр түрлі ойындар құрастыра бастайды.Мысалы, сөзжұмбақтар құрастырып,соны кейін бір-бірімен алмастырып шеше бастайды.Бұның нәтижесінде оқушылардың білімге деген қызығушылығы артып, өз беттерімен ізденуге мүмкіндік жасайды.Ойын тақырыбы мен түрлерін күрделендірген сайын оқушылардың білім деңгейі де көтеріледі. Мысалы, интерактивті тақта арқылы 6-сыныптағы «Алғашқы қауымдағы адамдар өмірі» тақырыбындағы сабағымды 4 кезеңге бөлдім.
1 кезең: «Біліміңді көрсет»
2 кезең: «Тас дәуірі» тақырыбы бойынша кесте толтыру
3 кезең: «Шынығу кезеңі»
4 кезең: «Жас тарихшылар»
5-кезең: Шығармашылық тапсырма.
1 кезең: «Біліміңді көрсет». Әр топ 1 минут ішінде мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.
Алғашқы адамдардың еңбек құралдарын ата?
Адамзат тарихындағы ең алғашқы кезең?
Адамның шыққан отаны?
Епті адам қайдан табылды?
Алғашқы адамның бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі?
Алғашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі?
Рулық қауымнан кейінгі топтасу жүйесі?
Палеолит дәуіріндегі адамдар қандай қызмет атқарды?
Алғашқы еңбек бөлінісі?
Епті адамның өмір сүру мерзімі?
2 кезең: «Тас дәуірі» тақырыбы бойынша кесте толтыру. Интерактивтік тақтамен жұмыс.
палеолит мезолит неолит энеолит
Уақыт шеңбері ЕскерткіштеріЕрекшеліктері3 кезең: «Шынығу кезеңі»
1. «Сөзілгек» ойыны. Мұғалім сөзді бастайды, әрі қарай топтар соңғы әріпке сәйкес келетін сөзді жалғастырып кетеді. Мысалы: Неолит-тас дәуірі.
2. «Жасырын сөздер» ойыны, плакаттағы әріптерден тарауға байланысты сөздер құру.
3. «Иә» немесе «Жоқ» ойыны. Берілген сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру. Жауапты дәлелдеу.
1. Қазақстанда энеолит ескерткіштері бар ма?
2. Неолит дәуірі б.з.б 5-3 мыңжылдықты қамтиды ма?
3. 100 мың жыл бұрын егіншілік пайда болды ма?
4-кезең.«Жас тарихшылар» сөйлейді. Әр топқа 1 минут беріледі.
Тақырыптар:
1. Неолит-«қыш құмыралар заманы»
2. Мезолит орта тас ғасыры
3. Алғашқы қауымдағы өнер
4. Алғашқы адамдардың діни түсініктер
5-кезең. Шығармашылық тапсырма.
Алдын-ала берілген үй тапсырмасын тексеру. Интерактивтік тақтадан көрсету арқылы оқушылардың тарау бойынша салған суреттерін тамашалау, сурет авторларына сөз беру.
Тарауға сай құрастырған өлең, әсселерін тыңдап, бағалау
Бағалау парағы. Сабақты рейтингі әдісі бойынша бағалау.
Оқушының аты-жөні 1 кезең 2 кезең 3 кезең 4 кезең Жалпы ұпайы
«Ретімен қой » ойынын 6 сыныпта Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша «Қазақстан тас дәуірінде»тақырыбында пайдаландым.Тақтаға жеке плакат ілулі тұрады.
Мысалы: Адам дамуының кезеңдері.
1.Неандертальдық-питекантроп-синантроп
(дұрысы-питекантроп-синантроп-неандертальдық)
2.кроманьондық-гомо-люси
(дұрысы-гомо-люси-кроманьондық)
Осыны оқушылар дұрыс қоюға талпынады, бір-біріне көмектесіп есте қалдыруға тырысады. «Тарихи сынақ хат» ойыныКир қайтыс болғаннан кейін б.з.б.519 жылы парсы патшасы .........................сақтарға шабуыл жасайды. ............................ есімді бір сақ жауынгері өзінің денесін жарақаттап, ............................. қашып барып, өзін сақ көсемдерінен ......................... көрген етіп көрсетеді. Ол парсы әскерлерін ............................. , ............................ сусыз шөлге апарады. «Мен сендерді адастырып ......................... ұшыраттым, елімді .......................... алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді .............................. келгендеріңді істей беріңдер» деп, .............................. көрсетіп, парсылардан Шырақ кегін алады. Дарий көптеген әскерінен ............................... , еліне ........................... мәжбүр болады. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз ......................................... сақтап қалды. «Сөзілгек» ойыны. Мұғалім сөзді бастайды, әрі қарай оқушы сөзді жалғастырып кетеді. Мысалы:- 100 мың жыл бұрын егіншілік .....- Саналы адам , епті адам .....- Малды қолға үйрете бастады .....- Алғашқы еңбек бөлінісі .....- Ежелгі адам тұрағы ..... «АС» ойыны.Бұл ойынның шарты бойынша тек қана екі әріп, яғни А және С әріптері белгілі. Қалған әріптер нүктелермен берілген.Әрбір жасырылған сөздің тұсында анықтамасы бар.
1.«....АС» -күйші қобызшы (Ықылас)
2.«.а....с.»-халықтың әнші сазгері (Жаяу Мұса)
3.«А.с...»-Жаяу Мұсаның әні (Ақ сиса)
4.«....а.с..»-атақты әнші сазгер (Біржан сал)
5.«А...С...»-әнші сазгер (Ақан Сері)
6.«.а...с»-Дәулеткерейдің күйі (Тартыс)
Бұл ойындардың нәтижесінде мынадай жетістіктерге жеттім.Сабақта нашар оқитын оқушының өзі белсене араласып, ынталығын көрсетті, яғни оқушылардың қызығушылығын туғызуды, оқушының есінде ұзақ сақталды,ойлау қабілетін дамытты.
«Тарихи шынжыр» ойын тізбегі.Бүл тәсіл кез келген сыныпта тарих пәнінде қолдануға қолайлы.Оның мазмұны бойынша белгілі бір тарихи деректі,яғни белгілі бір мәлімет
беретін сөйлемді үш немесе төрт оқушы кезектесіп,біреуі әуелі басын, екіншісі орта тұсын, аяқ жағын айтып,тұтас бір ойынды тізбекті құрайды.Нәтижесінде: нақты бір тарихи дерек құрылады.Тиімділігі –оқушыларды тапқырлықпен дәл, логикалық ойлауға үйретеді.
«Пошта» ойыны. Бұл ойынды тақырыпты немесе тарауды, мемлекеттерді қайталаған кезде пайдаланған тиімді.Оқушыларға сұрақтар беріледі немесе белгілі оқиғаға байланысты суреттерді қағазға жапсырып оқушыларға үлестіреді.Оқушылар берілген кеспе қағазды ілулі картадағы мемлекеттің үстіне қадайды.
Мысалы:1.Пирамида қай елде пайда болды?
2.Ұлы Жібек жолы қай елден шықты?
3.Будда діні алғаш қай елде пайда болды?
8-сыныптағы «Абылай хандығы» сабағындағы тірек сызбалар
Абылай
Абылайдың хандық құрған жылдары 1771-1781жж.
Зерделі саясаткер, дарынды қолбасшы,
білімді дипломат
Сыртқы саясаты- Қытай, Ресей, Орта Азия елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты

Өмір сүрген жылдары 1711-1781жж.

Ішкі саясаты –шапқыншыларға қарсы қазақ батырларының басын біріктіру, біріккен өкімет құру, өз елінің шаруашылығына, қоғамына өзгерістер енгізу.


«Алтын Орда» тақырбындағы «Жылдар сөйлейді?» оқушылардың
ізденушілік тапсырмасы:
1207 -1208 ж---------------------------------------------------------------------------------------
1207 -1209 ж----------------------------------------------------------------------------------------
1211-1215 ж---------------------------------------------------------------------------------------
1217ж--------------------------------------------------------------------------------------------------------
1218ж--------------------------------------------------------------------------------------------------------
1219ж-------------------------------------------------------------------------------------------------------
1219-1220ж---------------------------------------------------------------------------------------------
7-сыныптағы «Түрік қағанаты» тақырыбы бойынша кесте толтыру
Мемлекет атауы Өмір сүрген уақыты Орналасқан аумағы Әлеуметтік этникалық құрылымы Қоғамдық басқару жүйесі Саяси жағдайы Шаруашылығы
Оғыз мемлекетінің ел басқару ерекшіліктерін сипаттама беру.
Жабғу_______________________________________________________
Инал_______________________________________________________
Атабек______________________________________________________
Сюбашы_____________________________________________________
Күл-еркін___________________________________________________
Міне, осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады.
Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын. Бірақ, оқушыға шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар берген жөн.
Елбасының жолдауында:«Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу қажет. Шетелдік мамандардан үйреніңіздер,тәрбие алмасаңыздар.Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнынан басқаға, әлдеқайда бәсекеге қабілетті маманға беруге тура келеді.Себебі ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады»-деп атап көрсетті. Сондықтан да, біз жаңа технологияны оқу тәжірибеге енгізіп, ойлау қабілетін дамыған өз бетінше шешім қабылдай білетін ұрпақты даярлауымыз керек.
Жаңа технологияны пайдаланып, сабақты түрлендіріп отырса, оқушының пәнге деген қызығушылығы мен қабілеті арқылы жұмыс істеуіне жол ашады.Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз оқушы көбейсе, олар ұлтымыз үшін мақтаныш,еліміз үшін абырой.