Шебер сынып О?ушыларды? білім жетістіктерін ба?алауда критериалды? ж?йені ?олдану.


50863593980
Мұғалімнің аты-жөні: Смағұлова Айнұр Тұрсынәліқызы
Жұмыс өтілі:17 жыл
Жұмыс орны: «Қайнар орты мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
Қызметі: информатика пәні мұғалімі
Санаты: жоғары
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП ЖОСПАРЫ:
ТАҚЫРЫП: Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда критериалдық жүйені қолдану.
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫПТЫҢ МАҚСАТЫ: Тыңдаушыларды негізгі бағалауда қолданылатын критерийлеріді құрастыру, дискрипторлар пайдалана отырып бағалау жолдарын жетілдіру.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Жеке, жұппен, топпен  жұмыс істей отырып идеялармен бөліседі, өнім   жасалады, талдайды, жинақтайды,   қорытындылайды, бағалайды, өзара әрекеттесу арқылы қатысушылардың танымдық белсенділігі артады. Өзін-өзі және өзара бағалау туралы түсініктері қалыптасады, критериалды бағалаудың стратегияларын білетін болады, мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың жетістіктерін жаңа жүйеде бағалайтын болады;
МАҚСАТЫ БАҒЫТТАЛҒАН АУДИТОРИЯ: Деңгейлі бағдарлама бітірген аудан мектеп мұғалімдері
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП БАРЫСЫ: Амандасу, Психологиялық ахау « Сағат» ойыны, ойын барысында топтарға бөлу.
Көңіл – күйлерін бағалау. Миға шабуыл «Ойланып көрейік» логикалық тапсырмалар орындау. Топтар арасында критерилер құру арқылы жұмыстарды бағалау.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер, Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, Оқуды бағалау және оқытуды бағалау, Топау, тренинг, миға шабуыл, критериалды бағалау, топтық жұмыс
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Сағат, стикер, А4 парақ, банка, бакал, тастар, су, құм, тұз, түрлі-түсті бор,
ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: Мұғалімге арналған нұсқаулық, интернет ресурстар
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП МАЗМҰНЫ :
Жұмыс кезеңі:
Кіріспе бөлім Кезеңнің мазмұны Қатысушылардың іс-әрекеті Уақыты Ресурстар
АмандасуТопқа бөлу
 «Сағат» ойыны Қатынасушыларды «Сағат» ойының ойнату арқылы ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық жағдай жасау, топтастыру.
Тақтаға сағаттың суреті ілінеді, ал топтарға стикерлер таратылады. Ұстаздарға «Сіздің өз біліктілігіңізді арттыруға арналған ең қолайлы уақытыңыз?» деген сұрақ қойылады Әр мұғалім стикерге атын жазып, өзінің ұнатқан уақытына стикерді жабыстырады.
Уақытты атаған кезде мұғалімдер топтасады да келесі әрекеттер жасайды:
6-9 (18-21) сағат аралығындағылар - амандасады,
9-12 (21-00) сағат аралығындағылар – құшақтасады,
12-15 (00-03) сағат аралығындағылар – арқа түйістіреді
15-18 (03-06) сағат аралығындағылар – жақсы сөз, тілек айтады бір-бірлеріне.
Топтар осы уақыт аралығы арқылы топтасып отырады 5 мин Сағаттың  суреті, стикер
Көңіл-күйлерін бағалау
  Бастапқы көңіл-күйлерін стикер қағаздарға смайлик арқылы белгілеулерін және  өзі отырған үстелдің астына жапсыруларын өтіну Стикер қағаздарына көңіл күйлерін смайлик арқылы белгілеп, өзі отырған үстелдің астына жапсырады1 мин стикерОй қозғау.
«Ойланып көрейік» Әр топқа жеке тапсырмалар орындауға беріледі
1-топқа : банка ,су, тастар, құм (банкаға үлкен тастты, ұсақ тастарды, құмды салып, суды құяды)
2- топқа: тұз, А4 парақ, түрлі түсті бор, бакал (а4 парақтарға тұздарды борларен біріктіріп үгіп бакалға әр түстегі тұзды араластырып салып отырып пішін ойластырады.)
3- топқа сурет қиындылары арқылы өнім жасау (суреттер, файл, альбом, плакат т.б. құралдар) Топ мүшелері өздеріне берілген заттардан сын тұрғысынан ойлай отырып, логикалық тұрғыдағы тапсырманы жүзеге асырады 15 мин Ақ парақша
Топтар арасында жұмыстарына талдау жасату Әр топтың жұмыстарын бір – біріне алмастыру, жұмыстарға критериалды бағалау жасату
2. Әр топқа өз жұмыстарына дискрипторлар құрастыру ұсынылады 1. Топ арасында жұмыстарын алмастырып бір-бірінің жұмыстарын бағалау үшін критерилер құрастырып бағалау жүргізіледі.
1-топ: Білужәне түсіну критерийі бойынша дискриптор
2-топ: Қолдану критерийі бойынша дискрптор
3- топ: Сыни ойлау және зерттеу бойынша дискриптор
Құрастырып 1 мен 5 баллдық жүйеде бағалайды 10 мин Бағалау парақшасы
Тақырыпты қорыту SWOT- анализ арқылы критералды бағалауға талдау жасату Әр топта критериалды бағалау түріне SWOT анализ жасайды. 7 мин А4 парақтағы SWOT сызба
Кері байланыс Рефлексиялық нысана Шебер сынып бойынша алған әсерлерн жазу 2 минут стикер
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ЖӘНЕ ҒАЛАМТОР РЕСУРСТАРЫ ТІЗІМІ:
1. А.Әлімбаев «Оқытудағы интербелсенді әдістерді ЖОО пайдалану»
2. Бешімбаева Қ.Е. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі критериалды бағалау жүйесі . Әдістемелік нұсқау,11-бет.3.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» , 55-бет, 107-бет