БжС» технологиясыны? «Ауызша саба? -1» картасы бойынша таулар туралы м?лімет беру, ?з т?сінгендерін т?жірбиеде ?олдана білу.


Сабақ жоспары
Пәні: География
Сыныбы: 6 «А» 6 «Ә» 6 «Б»
Сабақтың тақырыбы: §23. Құрлықтағы таулар, олардың түрлері
Жалпы мақсаты: «БжС» технологиясының «Ауызша сабақ -1» картасы бойынша таулар туралы мәлімет беру, өз түсінгендерін тәжірбиеде қолдана білу.
Білімділік: Құрлықтағы таулар, олардың жіктелуі ерешеліктерін анықтай отырып, литосферадағы таулар, олардың жіктелу заңдылықтарын анықтауға үйрету.
Дамытушылық: Зейінді, ойлау жылдамдығын, есте сақтауды дамыту және сабаққа қызығушылықтарын арттыру сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік мәні: Тиянақты болуға, достыққа, ұйымшыл бола білуге жетелеу.
Міндеттері:
Картамен, қосымша материалдармен жұмыс істеу арқылы жаңа тақырыпты түсіну іскерлігін қалыптастыру;
Оқушылардың өздік жұмыстары арқылы білім беруге ықпал жасау.
Топтық жұмыс орындату арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Жаңа тақырыпты түсіну деңгейлерін анықтау;
Мұғалім үшін оқу нәтижелері:
Теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен ұштастыру;
Оқушылардың өзін және достарын бағалауға мүмкіндік жасау.
Картаны оқи білу дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың сыни көзқарасын дамыту.
Сабақтың түрі, әдіс-тәсілдері: «БжС» технологиясы бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақта қолданылатын технологиялар: «Биоақпараттану және синергетика» технологиясы және ақпараттық коммуникациялық технология.
Карта түрі: «Ауызша сабақ-1 » картасы.
Сабақтың көрнекілігі: матрица, тірек сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар , қарама-қарсы сұрақтар;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.(оқушылармен амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту) – 1 мин
Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі.
Сабақтың ұраны: «Білген сайын келеді біле бергім, білімдіні сүйетінін білем елдің»
ІІ. Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру. Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі-қарсылы сұрақ қою - 5 мин
Зейіндерін тұрақтандыру-1 (шапалақ)I. Өткен тақырыптан сұрақтар (17)  (сөздік норма - 63-тен жоғары, уақыты 5 минут)
1) Жанартау қалай пайда болады?
2) Жанартаудың құрылысы?
3) Камчатка жанартауын картадан көрсетіңіз?
4) Жер қыртысының жоғарғы қабаты?
5) Сөнген жанартау дегеніміз не?
6) Сөнбеген жанартау дегеніміз не?
7) Жер бетіне шыққанда ұшпа заттарынан айырылған магма қалай аталады?
8) Кратер сөзінің мағынасы?
9) Картадан Тынық мұхит жанартаулық белдеуін көрсетіңіз?
10) Картадан Жерортатеңіздік-Гималайлық белдеуді көрсетіңіз.
11) Жанартауды не үшін зерттейді?
12) Гейзерді қалай түсінесіз?
13) Ыстық бұлақтар дегеніміз не?
14) Жанартау атқылаған кезде қандай процестер болады?
15) Қазақстан жерінде жанартаулар бар ма?
16) Ұйқыға кеткен жанартаулар дегеніміз не?
Біріншілік белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша + немесе алу - белгілері қойылады. 
Сергіту сәті
Қол көтерсем солтүстік
Топ –топ бассам оңтүстік
Қолды созсам жан-жаққа
Көрсетеді бағытты
Батыс пенен шығысты
Иіліп сәлем берейік
Экватор белде деп
Белді бұрай қозғасақ
Сағат тілі батысқа
Жер айналар шығысқа
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мұғалім жаңа тақырыпқа қысқаша кіріспе мәлімет береді.
а) Қабылдауды ұйымдастыру. Тірек сөздермен жұмыс. 1 минут
Тақтадағы тақырыпқа байланысты тірек сөздерді балалар 1 минут ішінде оқып, есте сақтайды. Белгіленген уақыт біткен соң блок жабылады. Балалар естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазады, жазып болған соң көршісімен алмасады, тексереді. Сөздердің саны матрицаға енгізіледі, сонан соң блок ашылады да, балалар қалдырып кеткен сөздерді дәптерлеріне жазып алады. Егер оқушылар 9 сөзді тез есте сақтап, дәптерлеріне жазып берсе, бұл ТКШ (төменгі көрсеткіш шектігіндегі) тапсырманы орындағаны, келесі сабақта жоғары АКШ (аралық көрсеткіш шектігіндегі) тапсырмаға қарай өту керек, яғни, келесі сабақта 14 сөз беріледі. Бұл кезең жаңа сөзді есте сақтаудың бір түрі.
Зейінді тұрақтандыру-2 (шапалақ)
1. Тау шыңы
2. Хан Тәңірі
3. Жас таулар
4. Алтай
5. Қатпарлы таулар
6. Таулы өлке
7.Тау жотасы
8. Қатпарлы-жақпарлы таулар
9. Биік таулар
Екіншілік белгілеу. ООМ-на (оқушылардың партада отыруы бойынша ) матрицаға нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға + белгісі енгізіледі.
Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз – 30 сек. 14 сөз-1 мин-15 сек. 21 сөз – 2 мин-30 сек. 
ІҮ. Ойлауды, ұғынуды ұйымдастыру. Оқушылар оқулықтың бір бет парағындағы мәтінді 3 минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алатыны жайында ескертуі тиіс. Балалар мәтінді оқып, одан тірек сөздерді тауып, тақырып бойынша мазмұнын ашуы тиіс. Сонымен бірге балалар мәтінді көңіл қойып оқуға нұсқау алады. Себебі, мұғалім сабақты сұрау барысында ұсақ детальдарға көңіл қоятындығын ескертеді.
Зейінді тұрақтандыру-3 (шапалақ)
Мәтінмен жұмыс - 3 минут беріледі.
Мұғалім сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар қояды. 5 минут
1. Картадан Тян-шань тауын көрсетіңіз
2. Таулы өлке дегеніміз не?
3. ШҚО қандай таулар бар?
4. Дүние жүзіндегі ең биік тау?
5. Гималайдың неше шыңының биіктігі 8000 метрден асады?
6. Джомолунгма шыңының биіктігі қанша?
7. Картадан Алтай тауын көрсетіңіз
8. Картадан альпі тауын көрсетіңіз
9. Қазақстан жеріндегі ең биік шың қалай аталады?
10. Жер шарындағы таулардың барлығы бір уақытта пайда болады ма?
11. Ескі тау мен жас таудың айырмашылығы неде?
12. Тау торабы деп нені айтамыз?
13. Қазақстанның қай бөлігі таулы болып келеді?
14. Тау дегеніміз не?
15. Аласа таулардың биіктігі қанша?
16. Таулар биіктігіне байланысты неше түрге бөлінеді?
17. Картадан Кордильер тауын көрсетіңіз
Үшінші белгілеу.Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады. 
Ү. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру. Меңгеру сапасын анықтау мақсатында сұрақтар беріледі. Сын тұрғысынан сұрақтар қою.
Мұғалім оқушыларға сұрақ қойған кезде әдейі қате жауаптарымен береді. Дұрыс болса- «иә», қате болса- «жоқ» деп жауап беруі керек. Сын тұрғысынан сұрау кезеңі диагностикалық болып есептеледі. Бұл кезеңде мәтінмен жұмыс істеудің сапасы анықталады. Бұл кезең балалардың жұмыс істеу деңгейін, яғни, оқу техникасының көлемін және жылдамдығын көтеруді қалыптастырады
Зейінді тұрақтандыру-4(шапалақ)
Мұғалім барлық оқушыларға мәтін бойынша сұрақтар қояды. (ООМ бойынша)
5 минут
1.Таулар пайда болуына қарай 5 түрге бөлінеді (жоқ)
2. Тау жоталары шоғырлануы тау торабы деп аталады? (ия)
3. Дүние жүзіндегі ең биік тау Тянь-Шань? (жоқ)
4. Таулар биіктігіне қарай үш түрге бөлінеді? (ия)
5. Аласа таулардың биіктігі 1000-2000м болады? (жоқ)
6. Биік таудың біріне Тянь-Шань жатады? (ия)
7. Жанартаулар тауға жатады? (ия)
8. Ескі тауға Кавказ тауы жатады? (жоқ)
9. Қазақстанның солтүстік бөлігі таулы болып келеді? (жоқ)
10. Еуропа мен Азияны бөліп тұрған тау - Орал тауы? (ия)
11. Қазақстанның аумағында жанартаулар атқылайды?(жоқ)
12. Джомолунгма шыңының биіктігі 6995 м. (жоқ)
13. Физикалық картада таулар жасыл түспен боялады? (жоқ)
14. Таулар сыртқы күштердің әсерінен өзгереді? (ия)
15. Оңтүстік Америка материгінің батысын Анд тауы алып жатыр? (ия)
16. Сарыарқа биік тауға жатады? (жоқ)
17. Алатау, Тянь-Шань таулары Гималай-Жерортатеңіздік сейсмикалық аймаққа жатады? (ия)
Төртінші белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады. 
.
Талдау: тақырыптық сөздік қорды тексеру жүргізіледі. Оқытылған тақырып бойынша шығарма немесе эссе жазуға 5 минут уақыт беріледі. Сөздік қор 56 сөз. Нормаға сай жазылған эссе қосу таңбасын алады. Ең көп сөздік қор шығармасы және ең аз шығарма оқылады.
Зейінді тұрақтандыру-5(шапалақ)
Тексеру 5 минут
Бесінші белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.
ҮІІ. Қорыту. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады. Матрица қорытындысы бойынша оқушыларға баға қойылады. 5 минут
Сапа нормативы: оқушылардың 63%-ы 5 ұпай алуы керек.
ҮІІІ.Үйге тапсырма беріледі.