Саба? жоспары Жай ж?не к?рделі заттарды? ?асиеттерін сипаттайтын к?рделі заттар


Пәні: химия Сыныбы: 10 сынып Күні:
Сабақтың тақырыбы: Фосфор және оның қосылыстары. Фосфат- иондарды сапалық анықтау
№8.2 зертханалық тәжірибе
Мақсаты: 1. Оқушылардың фосфор және оның қосылыстары туралы алған білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыру
2. Оқушыларға химиялық жаттығулар орындату арқылы тез, еркін ойлау дағдысын қалыптастыру
3. Оқушыларды жұппен жұмыс жасату арқылы ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
өзін-өзі бағалату арқылы әділдікке үйрету
Күтілетін нәтиже :
1. Оқушылар теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асырады
2. Оқушылардың тез, еркін ойлау дағдысы қалыптасады3. Жұппен жұмыста өзін-өзі бағалай алады
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: АКТ, СТО әдісінің элементтері, Блум таксономиясы
Ресурстар: интерактивті тақта, презентация, стикер; зертханалық тәжірибені орындау үшін: кальций гидроксиді, фосфор қышқылы, кальций фосфаты, кальций гидрофосфаты, кальций дигидрофосфаты, калий фосфаты, калий гидрофосфаты, сынауықтар, тамшуырлар
Сабақтың барысы:
Кезеңі Жұмыс түрі мен мазмұны
Табыстылық критерийі Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Бағалау Ресурстар
Білу Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, түгелдеу
ә) Сабақтың мақсатымен таныстыру Өздерінің іс-әрекетін мақсатқа бағыттай алады Сынып оқушыларымен сәлемдесіп, жағымды психологиялық ахуал туғызады. Сабақтың әр кезеңінде дұрыс жауаптарына қарай оқушылар өздеріне ұпай қосып отыратындарын түсіндіреді Сәлемдеседі, назарларын сабаққа аударады Үй тапсырмасы:
«Сөзжұмбақ»

Өткен тақырып бойынша өз білімдерін тексереді
Интерактивті тақта арқылы тапсырманы орындатады
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді
Оқушылар әр дұрыс жауап үшін бір ұпайдан қосып отырады
Интерактивті тақта
Түсіну Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа білімді игереді
Тірек сызба, кесте, интерактивті тақта арқылы тақырыпты түсіндіреді
Дәптерлеріне жаңа сабақты, тірек сызбаларды жазады Презентация, интерактивті тақта
Қолдану талдау №8.2 зертханалық тәжірибені орындау: «ОРТОФОСФОР ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ, ФОСФАТТАР МЕН ГИДРОФОСФАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІМЕН ТАНЫСУ»
Бейорганикалық қосылыстардың түрлерімен танысады Зертханалық тәжірибенің орындалу барысын түсіндіреді. Оқушыларға түрткі болады. Жауап жазуға көмектеседі Зертханалық тәжірибеде берілген тапсырманы орындайды, жасаған жұмыстарын зертханалық жұмыс дәптеріне жазады Зертханалық құрал-жабдықтар, химиялық реактивтер
Жинақтау Сабақты бекіту: Тест
Игерген білімдерін қолданады
Жаңа тақырып бойынша оқушыларға тапсырмаларды интертақта арқылы орындатады
Дәптерлеріне орындайды Оқушылар әр дұрыс жауап үшін бір ұпайдан қосып отырады
Интерактивті тақта
Бағалау Үйге тапсырма
§7.9 оқу, №8-9 жаттығуларды орындау Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Қорытынды баға шығарылады Оқушы өз бағасын біледі Оқушылардың өзіне-өзі қойған бағаларын тыңдайды. Бағалайды Ұпай санын есептейді Өзіне-өзі баға қояды Рефлексия Кері байланыс:
«Екі жұлдыз, бір тілек» Өзін-өзі бағалай отырып, нені жақсы білгендерін және нені қайта қарау керектігін түсінеді Стикер таратады. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы жеткізулерін ұсынады Оқушылар
өз пікірлерін жазады Стикерлер