О?ушыларды жас ерекшеліктеріне с?йкес о?ыту ж?не о?у та?ырыбында?ы коучинг-сессия жоспары.


Мерзімі 19.04.2016
Уақыты 60 минут
Тақырыбы Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Мақсаты  Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу-оқыту,сапасын жақсарту мақсатында жас ерекшеліктерге қарай тапсырмалардың маңыздылығын ұғындыру
Табыс критерийлері Мұғалімдерде тoптaca жұмыc aтқaрa жас ерекшелік және оның кезеңдері турaлы түciнiк қaлыптacaды, жас ерекшелік кезеңдерінің eрeкшeлiктeрiн aйқындaй oтырып, қaжeттi жaғдaйдa тиiмдi пaйдaлaнуғa үйрeнeдi. «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулін сабақтарда ұолдану мүмкіндіктеріне ие болады.
Түйінді идея Мұғалімдерге оқушылардың жас ерекшеліктерін және білім деңгейлерін ескере отырып, «өзіндік мақсатты» қалыптастыруды үйрету.
Ресурстар Мұғалімге арналған нұсқаулық, постер, презентация, бейнежазба, маркерлер, интерактивті тақта, стикерлер, психологиялық тест.
Ұйымдастыру әрекеті уақыты Коучтің әрекеті Мұғалімнің әрекеті
І. Психологиялық ахуал орнату
Ерекше бір қуанышты жаңалықтармен немесе жетістіктермен бөлісу.
5минут
Көтеріңкі көңіл-күй орнату үшін «Кір жуу» тренингін ұйымдастырады
Құрметті әріптестер сабақтан шаршадыңыздар білемін. XXІ ғасырға рахмет, бәрі автоматтан-дырылған, бәрін техника жасап жатқан жайымыз бар. Енді, бәріміз бірге осыдан 30 жылға кейін шегініп, бойымызға қан жүгіртіп, кір жуамыз. Қолымызға ойша тазик аламыз, ішіне су құямыз сабынмен кірді езіп – езіп жуамыз. Кір суды төгіп таза су құйып шаямыз. Жақсылап қатты қағамыз да алысқа апарып жайып қоямыз. Кірді жуып тастадық, рахмет сіздерге, өзіміз үшін біздің қолымыздан бәрі келеді деп қол шапалақтап қоямыз. Мұғалімдер айнала тұрып, «Кір жуу» жаттығуын жасайды.
ІІ. Топқа бөлу (тыңдаушыларды стикерлер арқылы топқа бөлу әдісі)
3минут Партаға топтардың аты жазылған сөздері бар стикерлерді төңкеріп қояды. Мұғалімдерге өздеріне ұнаған стикерлерін алып, сол стикерлердің артындағы сөздерге байланысты топқа бөлінуге шақырады.
І топ-«Сәбилік шақ»,
ІІ топ-«Мектепке дейінгі балалық шақ»
ІІІ топ-«Бастауыш мектеп жасы»,
ІVтоп-«Жеткіншек шақ»
Vтоп-«Жасөспірім шақ» Мұғалімдер өздеріне ұнаған стикерлерін алып, сол стикерлердің артындағы сөздерге байланысты 5 топқа бөлінеді.
ІІІ. Негізгі кезең
1.Топтарға тапсырмалар бөлу
1 топ
Балалық шақ дегеніміз не?
2 топ
Жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері
3 топ
Жеткіншек шақ
4 топ
Ситуациялық тапсырма
5 топ
Жас ерекшелік ұғымы (Слайд)
2. Әр тапсырма бойынша тақырыптарды ашу.
3.Кинометафора «Атақты адамдар туралы» (Ой қозғау)
4. Психологиялық тест.
30минут

5 минут

8 минут
5 минут Мұғалімдерге топ бойынша тапсырмаларды «Алтын сандық» ойыны арқылы бөліп береді.
1 топқа «Балалық шақ дегеніміз не?», 2 топқа
«Жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері», 3 топқа
«Жеткіншек шақ» тақырыбында постер қорғауды тапсырады.
4 топқа ситуациялық тапсырма беріледі. Мектепте келеңсіз оқиға болды. 5 – 6 сыныптардың арасында тәртібі қиын үнемі бұзақылық жасап жүретін 2 ұл бір-бірімен төбелесіп қалады.
5 сыныптың баласы өзіне күш көрсеткен 6 сынып-тың баласынан басым болып, оны соғып тастайды. Сынып жетек-шілері екі оқушыны сіздің алдыңызға алып келді. Сіздің іс-әрекетіңіз. (Көрініс)
5 топқа «Жас ерекшелік ұғымы» тақырыбында слайд қорғау тапсырылады.
Әр топқа бөлінген тапсырмаларға байланысты қосымша мәліметтер беріп, «Жас ерекшелік» тақырыбын пысықтайды.
Бейне жазбада тамашала-ғандарыңыздай «Жас ерекшелік» ұғымы бойынша қандай ой түйіп отырсыздар?
Топ мүшелерінен «Сіз нені байқадыңыз?» атты психологиялық тест алып, оның талдауын жасайды. Мұғалімдер коучтың тапсырмасы бойынша интерактивті тақтадағы слайдтан өздеріне бір сандықты таңдайды. Әр сандықта бір сұрақтан болады.
1 топ «Балалық шақ дегеніміз не?», 2 топ «Жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері», 3 топ
«Жеткіншек шақ» тақырыбында постер қорғайды.
4 топ «Ситуациялық тапсырма» бойынша, сол ситуациядан қалай шығу керек екендігін, көрініспен көрсетеді.
5 топ «Жас ерекшелік ұғымы» тақырыбында слайд жасап, қорғайды.
Топ мүшелері «Жас ерекшелік» тақырыбына байланысты қосымша мәліметтер алу мүмкіндігіне ие болады.

Мұғалімдер бейне жазбаны тамашалай отырып, «Жас ерекшелік» ұғымы бойынша ой түйгендерін ортаға салады.
Топ мүшелері «Сіз нені байқадыңыз?» атты психологиялық тестке жауап беру арқылы, өз мінездеріндегі ерекшеліктерін анықтау мүмкіндігіне ие болады.
V. Бағалау Қорытындылау
«2 жұлдызша 1тілек» 4 минут Топтарға бір-бірлерінің жұмысын «2 жұлдызша 1тілек» арқылы бағалауды ұсынады. Топтар бір-бірлерінің жұмысын «2жұлдызша 1тілек» арқылы бағалайды.