Диалогты? о?ытуда?ы ты?далым мен с?ра? ?оюды? тиімділігі коучинг сессия жоспары


Коучинг сессиясының жоспары
Сабақ тақырыбы Диалогтық оқытудағы тыңдалым мен сұрақ қоюдың тиімділігі
Мақсаты Диалогтық оқытудағы тыңдалымның деңгейлері мен сұрақ қоюдың үлгілерімен таныстырып, тиімділігін анықтау.
Сілтеме Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Оқу нәтижесі Коучинг барысында мұғалімдер диалог, тыңдалымның деңгейлері және сұрақ қоюдың үлгілерімен танысады.
Сабақта қолданылатын материалдар Интербелсенді тақта, бейнежазба, таныстырылым, шар, стикер, маркер, бағалау парақтары, су, қима қағаздар, А4 парақтары
Оқыту әдістері Диалог, топтық жұмыс
Дереккөздері Мұғалімге арналған нұсқаулық.А.Қ.Әлімов «Интербелсенді «дәстемені ЖОО-да қолдану мәселелері» оқу құралы (2013)Алматы
Тапсырмалар Бейнежазбадан ертегіні көргенен кейін тыңдалымның деңгейін анықтату. Тотықұстардың әңгімесінен кейін сұрақ қою арқылы диалогқа түсу. Сұрақтардың үлгілерін анықтау
Сабақ барысында коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті
Тапсырмалар Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
І.Жағымды психологиялық ахуал туғызу Амандасу, жағымды әуен тыңдау (релаксация), орындықтарының астынан стикерді табу арқылы «батыл», « ақылды» жандар болып топтасады.
Әр топ шарды беру арқылы оң жағындағы адамның жақсы қасиетін айту. Топ ережесін құрастыру Жағымды сөздерден кейін сабаққа ынталанады. Стикер арқылы топқа бөлінеді.
Топ ережесін А4 парағына жазады.
ІІ.Ертегі. «Сиқырлы тас» Бейнежазбаны көрсету.
Ресурс тарату. Тыңдалымның деңгейлерімен таныстыру. Бейнежазбаны көреді, көргенін, естігенін А4 параққа түсіреді. Жазғандарыннан тыңдалымның деңгейлерін анықтайды.
ІІІ.Екі тотықұстың әңгімелесуі Бейнежазбадағы екі тотықұстың әңгімелесуінен Екі тотықұстың әңгімелесуіне
IV.Топтық жұмыс І-топ Диалогтық оқытудағы тыңдалымның тиімділігі
ІІ-топ Диалогтық оқытудағы сұрақтардың тиімділігі
Топтық жұмысты бағалату Постерге әр топ ойларын түсіреді, талдайды, қорғайды
Әр топ бірін-бірі бағалау критерий арқылы бағалайды.
V.Сергіту сәті «Қара жорға» VІ.Бағалау Су арқылы бағалау. Стақанда толы болса-өте жақсы, орташа –жақсы, төмен-шекті Әр топ бір-бірін судың стақандағы лдеңгеі бойынша арқы бағалайды
VІІ.Рефлексия Екі жұлдыз, бір тілек Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныс, тілектерін жазады.