Тарих саба?ында?ы о?ушыны? білім маршрутымен ж?мысы — білім сапасын арттыруда?ы ма?ызды ?рекет


Тарих сабағындағы оқушының білім маршрутымен жұмысы - білім сапасын арттырудағы маңызды әрекет
Күнделікті сабақты сапалы ұйымдастыруда әрбір шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімнің алдында көптеген мәселелер туындап отырады. Соның бірі «Сабақта барлық оқушылармен және жеке дара әрбір оқушымен бір мезгілде қалай жұмыстануға болады?»деген сауал . Мұғалімнің топтық және жеке дара оқушымен жұмысты ұштастыру әрекеті осы сауалға жауап болып қана қоймай, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берері сөзсіз,ал оның айғағы блоктік-модульдік технология негізі болатын оқушының маршруттық картамен жұмысы.
Маршруттық картаның басты талабы- топтық жұмыс барысында жекелеген оқушының толықтай немесе ішінара жеке жұмыстануына жағдай туғызу.Бұл әдіс арқылы саралап оқытуды ұйымдастырып қана қоймай, оқушының өзіндік уәжін қалыптастыруға,өзін-өзі үйретуге,сондай-ақ мұғаліммен бірлесе отырып оқуға ұмтылысын дамытуға болады.
Осы әдіспен өткізілген 11 сыныптағы «Қазақстандағы индустрияландыру саясаты» тақырыбындағы сабақты қарастырып көрелік.
Сабақтың мақсаты:топтық жұмыс арқылы өзіндік сын-көзқарастарын қалыптастырып,әр оқушы өз ойларын нақтылып, дәлелдеуге үйренеді.
Сабақ барысында Блум өлшемдеріне негізделген тапсырмалар алты блокқа, яғни «аялдамаларға» топтастырылып берілді. Әр аялдамадан соң «Бұл аялдамадан қандай «жүк» алдым?»кері байланыс парағын толтырылады.
№1 аялдама.Білу.Әрбір дұрыс жауап 1 балға бағаланады
Барлығы -20 балл
Сұрақ-жауап:
1.Индустрияландыру басталды:
2.«Кіші Қазан»бағытының авторы:
3.«Кіші Қазан» идеясының мәні:
4.Ф.Голощекиннің ұраны:
5.Индустрияландыру жылдары қарқынды жүргізілді:
6.Орталық Қазақстанды зерттеген академик
7.И.Губкиннің «бұл аймақ елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі» деп меңзеген аймақ:
8.1927ж салына бастаған ірі құрылыс:
9.Түркісіб жалғастырған өңірлер:
10.Түркістан –Сібір теміржолы салынуы барысында басшылық жасаған қайраткерлердің бірі:
11.«Қазақстан отар болып келді, солай болып қала бермек...» деп айтқан қайраткер:
12.Бірінші бесжылдық жылдары ашылған кәсіпорындар:
13.Соғысқа дейінгі бесжылдықта салынған кәсіпорындар:
14.Түркістан –Сібір теміржолы құрылысы барысында қатардағы жұмысшыдан басшыға дейін көтерілген тұлға:
15.Индустрияландыру жылдары білікті жұмысшы кадрлар мен инженер мамандар әкелінді:
16.Индустрияландыру саясатын жүзеге асыруда қолданылған әдіс:
17.ТүркіСіб құрылысында болған жұмысшылар саны:
18.1920-1930жж Жезқазғанның мыс кенін зерттеген қазақ ғалымы:
19.Ф.Голощекиннің Қазақстанда билік еткен мерзімі:
20.Индустрияландыру туралы шешім қабылданды:
№2 аялдама. Түсіну.Әрбір дұрыс жауапқа 2 балл,барлығы: 10 балл
Сәйкестендіру тапсырмасы.Төменде келтірілген терминдерді жауабымен сәйкестендіреді.
Индустрияландыру — кез келген салада ірі машиналық өндіріс құру процесі; мысалы, қоғамдық тамақтандырудың ірі механикаландырылған кәсіпорындарының ұйымдастырылуы.[1]Фабрика (лат. fabrіca — шеберхана) — машиналар жүйесін қолдануға негізделген өнеркәсіп орны
Цех-  өндірістік кәсіпорынның белгілі бір өндірістік өнім немесе шикізат жасалатын (өндірістік цех) не көмекші материалдар дайындалатын, қызмет көрсету операциялары жүргізілетін (көмекші цех) құрылымдық бөлімшесі;
Инженер — инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. 
Комбинат- түрлі өндірістік тауарлары бар бірлестік( wikipedia.org)
№3 аялдама. Қолдану
Интерактивті тапсырма. ( Интеллектуалдық ойын.learningapps.org сайтындағы жеке кабинеттегі (http://Learningapps.org /display?v=pjfyeafac17 ) алдын-ала дайындалған тапсырмалар беріліп, қорытындыланады. Әрбір дұрыс жауапқа 2 балл, барлығы-16 балл)
№4 аялдама.Талдау. Әрбір дұрыс жауап-3 балл,барлығы:12 балл
Мәтінмен таныса отырып,ретімен орналастырыңыз:
1.«Өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді.»
2.«Сәдуақасов VI Бүкілқазақстандық партия конференциясында (1927 жылғы 15—23 қараша) «Мен екі жыл бойы біздің өнеркәсібіміздің басты буыны алып құрылыстар салу емес, жергілікті ұсақ және орта өнеркәсіпті дамыту екендігін насихаттап келемін... Ұсақ және орта өнеркәсіпті дамыту мәселесінің Қазақстан экономикасын одан әрі жетілдірудегі маңызының күн өткен сайын артып келе жатқандығын біз қазір ескеруіміз керек»,- деп ерекше атап өтті.»
3.«Риддер кәсіпорындарын қалпына келтіру жұмыстары қайтадан қолға алынды.  Қарағанды және Екібастұз көмір өндірістері, Спасск зауыты, Успен кең орны және басқа да тау-кен өндірісі орындары мен тау-кен зауыттарының кәсіпорындары тоқтап тұрды, Қарсақбай мыс балқыту зауыты мен Байқоңыр — Қарсақбай-Жезқазған тар табанды теміржолын қалпына келтіру жұмыстары басталды.»
4.«КСРО-ның алғашқы бесжылдық жоспарында Қазақстанның мұқтаждыкқары мен мүмкіндіктері тиісті деңгейде ескерілмеді. Сондықтан да КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесі мен Халық Комиссарлары Кеңесінің----- жылғы 1 қыркүйектегі қаулысында «халық шаруашылығы құрылысының бесжылдық жоспарында Қазақ АКСР-нің мұқтаждықтары мен онын құрылысындағы мүмкіндіктер толық есепке алынбаған», - деп атап өтуі кездейсок емес.»
( wikipedia.org)
№5 аялдама. Жинақтау.Дұрыс жауаптың әрбіреуі 2 балмен бағаланады, барлығы 8 балл
1920-1930жж өнеркәсіпке баға беріп, өз пікіріңізді білдіріңіз:
Өнеркәсіптің дамуының «+» және «-» жақтарын анықтап, жазыңыз
«+» Нәтижелері «-» Қиындықтары
Қазақстан одақтағы индустриалдық аймақтың біріне айналды Тоталитарлық жүйенің орнығуына ықпал етті
Қазақстанның жұмысшы табы қалыптасты Жергілікті халықтың мәдениеті, ділі,тілі аяқасты бола бастады
Қалалар дамыды,урбандалу үдерісі жүрді.
Қазақстан шикізат көзі болып қала берді
Ғылыми зерттеу орталықтары пайда болып, қазақ ғылымының негіз қаланды Инженер мамандар сырттан әкелініп, жергілікті ұлт өкілдерінен дайындалмады
Аялдама №6. Қорытындылау немесе бағалау. «Еркін микрофон»
« ХХғ.б индустрияландыру саясаты және оның салдарын жою, қазіргі Қазақстанның индустриалдық-инновациялық әлеуеті» тақырыбындағы ашық әңгімеге барлық оқушы қатыстырылады.Ауызша берілген әрбір жауап төмендегіше бағаланады:
Келтірілген дәйектердің нақтылығы- 2 балл;
Баяндаудың жүйелілігі мен реттілігінің сақталуы-3 балл;
Өзіндік сын-пікірлерінің болуы-3 балл;
Тыңдалымның сәттілігі-2 балл.
Барлығы:10 балл
Рефлексия. «Жүк түсіру» Әр аялдамадан алған білімдерін соңғы аялдамада «түсіреді»,яғни әрбір оқушы өзінің не біліп,үйренгендіктерін ортаға салады.
Бағалау. Бағалау критерийлері бойынша төмендегіше бағаланады:
Барлық критерийлер бойынша максималды 46 балл,соның ішінде:
«5»- 38-46 балл
«4»- 30-36 балл
«3» -3-30 балл
Маршруттық картамен жұмыстана отырып оқушы:
Топтағы өзінің рөлін түсінеді, өзіндік уәжі қалыптасады;
Өз ойын жеткізе отырып, оны жүйелеуге және дәлелдеуге үйренеді;
АКТ-ны пайдаланудың жолын жетілдіреді;
Нақты және біліміне сай бағаланады;
Білім деңгейі артып,ол өз кезегінде пәндік білімінің тереңдеуіне жол ашады;
Пәнге деген қызығушылығы артады.