Коучинг О?ушыларды? білім жетістіктерін ба?алауда критериалды ба?алау ж?йесін ?алай ?олдану?а болады?


Коучинг сабақ жоспары Акмолдаева Ж.К.
Ұзақтығы 40 минут
Өткізілетін орны Талдықорған қаласы, №6 орта мектеп
Тақырыбы: Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесін қалай қолдануға болады? Мақсаты: Мектепте оқыту сапасын жоғарлату, мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Оқытудың нәтижесі:
1. Сабақта оқытуды бағалауды ұйымдастыра алады, нақты критерий бағалаудың маңызды аспекті екенін ұғынады.
2. Мұғалім бағалаудың тәсілі мен формасын меңгереді;
3. Бағалау критерийін құра алады.
Табыс критерийлері Формативтік (қалыптастырушы) (ОүБ) және жинақтық (ОБ) бағалауды ажыратады;
Формативті бағалауды іс жүзінде қолданады;
Бағалаудың барлық түріне жалпылай мінездеме беріледі және болжайды;
Бақылау, алынған мәліметтерді интерпретациялау, бұдан арғы әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындыйды.
ОүБ мен ОБ негізгі критерийін анықтайды.
Дереккөздер Мұғалімге арналған нұсқаулық 23-25 бет
Эмоциялық-психологиялық көңіл-күй «Біздің көңіліміздің гүл шоғы» әдісі. Кәне, бір-бірімізге гүл шоғын сыйға тартайық. Ұнаған гүлдеріңізді алып, бір-бірлеріңізге көп-көп тілек жазыңыздар (сазды әуен ойнап тұрады, әрқайсысы өз тілегін жазады, оқиды, іледі).
Топқа бөлу Күздің үш айының қайсысы сізге қатты ұнайды (қыркүйек, қазан, қараша).
Топпен жұмыс Миға шабуыл жаттығуын орындату.
- Қалай ойлайсыздар қазіргі сіздер қолданып жүрген бағалау қаншалықты тиімді? - Сіздер бағалаудың басқа түрін ұсына аласыздар ма?
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл Нұсқаулықты оқу 23-25 бет
Топтық талқылау
Флипчартқа ойларын сызба жасап түсіру, флипчартты бір топ мүшесі қорғауы
Сергіту сәті «Би жаттығулары» бейнежазбасын интерактивті тақтадан көрсетіп, сонымен қосыла билеуге шақыру.
Таныстырылым1.Критериалды бағалау жүйесі
Критериалды бағалау- бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі
1.Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы және жиынтық бағалау (ішкі және сыртқы) болып екіге бөлінеді
2.Қалыптастырушы бағалау әр түрлі формада іске асады (ауызша сұрау, жазбаша, практикалық жұмыстар, мадақтау, көтермелеу, т.б.) және жиынтық бағалауға дейін мұғалімге де, оқушыға да оқу барасында кеткен кемшіліктерін түзетуге, қайта қарауға мүмкіндік береді.
3.Жиынтық бағалау (сыртқы және ішкі) оқушылардың белгілі бір есепті мерзімді (тоқсан, жарты жылдық, жылдық) аяқтаған кездегі меңгерген білімдерінің кіріктірілген деңгейі мен қалыптасқан дағдыларын бағалауға арналған.
4.Жиынтық бағалау әр түрлі болады (тест, сынақ, бақылау жұмысы, т.б.). Жиынтық жұмысқа қойылған баға белгілі бір есепті мерзімді (тоқсан, жартыжылдық, жылдық) қорытындылауды анықтайтын баға болып табылады.
2. Тапсырма:
1-топ .Бағалау критерийін 5 минут ішінде қарап, критерий мен балдық бағалаудың айырмашылығын анықтау
2-топ.Сабақ үстінде критерийдің тиімділігімен танысу және талдау. Сабақта бұны қалай іске асырасыз?
3-топ.Критерийдің сабақ үстінде тиімді екенін оқушылар қалай біледі?
(Талдауға 5 мин. Пікірлерін тыңдау)
Кері байланыс Әдіс: «Көңіл ағашы» (коучингті бағалау, тілек, сұрақ жазу).