О?ушыны? білім жетістігін ба?алауда дескрипторларды ?олдану


-403860-40640Аты-жөні Абылханова Құндыз Амангелдіқызы
Жұмыс өтілі 8 жыл
Жұмыс орны Алматы облысы Панфилов ауданы
Жаркент қаласы
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп
Қызметі математика және информатика пәндерінің
мұғалімі
Білімі жоғары
Санаты бірінші
15.04.2015ж Коучинг-жоспары
Тақырыбы Оқушының білім жетістігін бағалауда дескрипторларды қолдану
Жалпы мақсаты Оқушының білім жетістігін бағалауда дескриптор құру мен пайдалана білуді тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру. Әріптестер арасында оқушы білімін нақты, жағымды бағалаудың нұсқаларымен тәжірибе алмасу.
Күтілетін нәтиже
ОүБ туралы біледі және бағалау критерийлері мен дескрипторлар құрастыру жолдарын үйренеді, оқу үрдісінде қолдана алады.
Түйінді идеялар Алған білім тәжірибелерден ой түйіндейді, тәжірибе алмасады.
Тыңдармандар аудиториясы Математика, физика, информатика пәндерінің мұғалімдері
Әдіс-тәсілдер СТО, Венн диаграммасы, «Планеталар» арқылы топтасу, «Ойлаудың бес гүлі» кері байланыс
Құрал-жабдықтар Интерактивті тақта, ватман, стикер,маркер, түрлі-түсті қағаздар, кері байланыс парақшалары
Дидактикалық материалдар МАН, ғаламтор сайттары, презентация
Уақыты Коучтің іс-әрекеті Тыңдаушы іс-әрекеті
Психологиялық ахуал /2 мин/ 6985697865Топқа бөлу: Марс, Венера, Меркурий, Сатурн планеталары бойынша
Таңдаған планеталар бойынша мінездерін біледі
Қызыл түс-Марс планетасыКөкірегі ашық, жүрегін қуаныш кернеп отырған белсенділердің түсі
Көк түс-Венера планетасы
көк түс - аспанның, мәңгіліктің түсі. шыншыл, сенімділігі мол, байсалдылардың түсі
Сары түс-Меркурий планетасы алтын күннің, зиялы қауымның түсі. белсенділігі зор, қасындағыларға шуағын себетін, үміт беретін, ашық мінезділердің түсі
Жасыл түс- Сатурн планетасы жасыл өркен, өсімдіктер, жапырақтың түсі. сенімділігі зор, қасындағыларға сенімді дос әрі қорғаушы болып үміт беретін, салмақтылардың түсі
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
/3 мин/ «Цыганка» бейнеролигі
6350305435Бейнероликті тамашалау
Білу, түсіну
/10 мин/
Бүгінгі мектептегі білім беруде Баға-Бағалау-Баға беру деген ұғым бар. Біз үшін бұл үш сөз синонимдес болғанымен, әртүрлі ұғымды білдіреді.
Мұғалімдерге сұрақ қойылады:
1.Баға дегеніміз не?
2. Бағалау дегеніміз не?
3. Баға беру дегеніміз не?
Осы синонимдес үш сөзді ретімен орналастырыңыз және түсінік беріңіз.
1. Бағалау-оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін бақылау, оның білім деңгейін анықтау үшін ақпарат жинау;
2.Баға беру-бағалаудың нәтижесі, яғни сапалы кері байланыс;
3.Баға- символ, оқу жетістігін не санмен, не сөзбен таңбалау. 6350967105Мұғалімдер сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларымен бөліседі. Критерилер мен дескрипторлар туралы мәлімет жинақтайды.
6350-42545
Қолдану /10 мин/ «Алпамыс мектепке барады» бейнефильмінен үзіндісін көрсетіп, Венн диаграммасы арқылы дәстүрлі бағалау мен жаңа типтегі бағалаудың ұқсастығы мен айырмашылығын мазмұнды 6985738505сызба арқылы көрсету Мұғалімдер Венн диаграммасы бойынша дәстүрлі бағалау мен жаңа типтегі бағалаудың айырмашылығы мен ұқсастығын өз топтары ішінде мазмұнды сызбаға түсіреді.
63501886585635076835
Талдау
5 мин/ Қорғау алдында баға беру үшін критерий құрастырып алайық.
Критерий (гр.kriterion) –деген сөз. Орындалуы қандай да бір заңның немесе тәсілдің қолданушылығын қамтамасыз ететін шарт.
Критерийалды бағалау – бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу – танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
Алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
Анық, айқындылығы;
Бағаның әділдігі;
Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі;
Дескриптор(Standard)-оқушының белгілі бір тапсырма бойынша орындалған жұмысының деңгейін немесе сапасын сипаттайтын тұжырым. Дескриптор- оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамының жетістігі.
177800105410
17145069850Мұғалімдер 2-тапсырмаға критерий мен дескриптор құрастырады
Постердің безендірілуі
Мазмұны
3)Қорғауы
Осы құрастырған критерийлеріне дескриптор құрастырады.
а) Формат толық қамтылған ба?
ә) Түстердің үйлестірілуі дұрыс па?
б)Жазу каллеграфиясы, реттілігі.
а) Нақтылығы;
ә) Ғылымилылығы;
б) Тақырып толық қамтылған ба?
а) Сөйлеу мәнері
ә) Жеткізе алуы
б) Терминдерді қолдану
Жинақтау
/10 мин/ -6352284095-635950595Мазмұнды сызба жұмыстарын құрған критерий , дескрипторлары арқылы бағалау. Мазмұнды сызбаны қорғаған топты, келесі топтар құрылған критерийлер мен дескрипторлар бойынша бағалайды.
63500132715
33655-1263015
Кері байланыс
15582901085850/2 мин/ « Ойлаудың бес гүлі » әдісімен коучинг барысын бағалау, кері байланыс Коучинг барысын бағалау үшін, гүлдің суреттері таратылады, өз ойларын гүл жапырақтарына жазады.
3365577470
Сергіту сәті
/3 мин/ «Шпаргалка» атты роликті көрсету арқылы коучингті аяқтау
Қорытынды сөз Құрметті әріптестер! Жанұяны да, мектептегі қағазбасты жұмыстарды да бірге арқалап, жүретін қиындықтан қашпайтын, жаңалаққа жаны құмар, жан бұл дүниеде тек мұғалімдер шығар. Сіздердің өз білімдеріңізді көтеріп, жаңа бағыттағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! Келгендеріңізге көп рахмет!
Коучинг – сессия тақырыбы : «Оқушының білім жетістігін бағалауда
дескрипторлар қолдану »
Топтың аты ..................................... Мерзімі .....................
р/с Критерийлер Дескриптор Ұпайлар
І топ ІІ топ
1 2 3 1 2 3
1 Мазмұнды сызбаның безендірілуі Формат толық қамтылған ба? Түстердің үйлестірілуі дұрыс па? Жазу каллеграфиясы, реттілігі 2 Мазмұны Нақтылығы Ғылымилығы Тақырып толық қамтылған ба? 3 Қорғауы Сөйлеу мәнері Жеткізе алуы Терминдерді қолдануы Жалпы ұпайы Бағасы Коучинг – сессия тақырыбы : «Оқушының білім жетістігін бағалауда
дескрипторлар қолдану »
Топтың аты ..................................... Мерзімі .....................
р/с Критерийлер Дескриптор Ұпайлар
І топ ІІ топ
1 2 3 1 2 3
1 Мазмұнды сызбаның безендірілуі Формат толық қамтылған ба? Түстердің үйлестірілуі дұрыс па? Жазу каллеграфиясы, реттілігі 2 Мазмұны Нақтылығы Ғылымилығы Тақырып толық қамтылған ба? 3 Қорғауы Сөйлеу мәнері Жеткізе алуы Терминдерді қолдануы Жалпы ұпайы Бағасы Баға
Бағалау
Баға беру