О?ыту мен о?уда?ы жа?а ?діс-т?сілдерді ме?геру та?ырыбында ?алалы? семинарда ?ткізген коучингті? жоспары


Өтілетін күні: 14.02
Коучинг үдерісінің тақырыбы:
«Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру»
Мақсаты: *Әріптестеріме оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерту;
*Әріптестеріме сыныпты топқа бөлу тәсілін үйрету;
*Топқа бөлінген мәтіннің мағынасын ашу;
*Топты тағыда реттік сан бойынша топқа бөлу;
*Топтағы адамдармен берілген мәтінді басынан аяғына дейін талқылау ;
Міндеттері: Табыс критерийлері:
*Жеке орындап, жұпта ой бөлісіп, топта талқылау жұмыстарын жүргізуге бағыт беру;
*Мәселені тереңінен бойлап ойлауға, байыппен шешім қабылдай білуге ықпал ету;
*Қарым-қатынас жасай отырып, бірлесе білім үйренуге және оны өмірде қолдану жолдарын қарастыруға көмектесу;
сұрақтарға жауап бере алды;
топтық жұмыстарда белсенділік танытты;
өзін-өзі бағалауда әділ бола алады;
рефлексия жасай алды
Күтілетін нәтиже: жеке, жұпта, топта жұмы жасға бір-бірін үйретеді, өз ойымен бөлісуге мүмкіндік алады, ұйымшылдығы артады;
тапсырмаларды талқылап, шешім қабылдай алады;
алған білімдерін өмірлік жағдайларда қолдана алады.
№ Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Уақыты
1. Қызығу-шылықты ояту 1.Сыныпты топқа бөлу
2.Мини тест.

3.Қызықты сурет
4.Ой қозғау.


1-топ3-топ
4-топ

2-топ
1.Пән атауларымен
2.Фигуралармен
3.Түстермен
4.Құрал- жабдықтардармен
6 сұрақтан тұратын тестті орындау.
Әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындап жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойылады, дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.
Суреттердің 6 айырмашылығын табыңыз.
Қызығушылықты ояту мақсатында әр топқа «Қаламды көтермей сурет саламыз»тапсырмасын орындаймыз.
1 минут
3 минут
2 минут
1 минут
ІІ
Ш Мағынаны тану
Рефлексия 6.Джигсо тәсілін қолдана отырып « Адам болып қалу»мәтінін талқылау
7.«Ақылдың алты қалпағы»
Қатысушылар төрт топ болғандықтан алты қалпақтың төрт түсін ғана пайдаланды.
8. Сергіту сәті
9.Конвертке салынған сұрақ бойынша жұмыс
10.«Притча Индивидуальный подход»
11.Рефлексияға арналған тапсырма.
«БББ»кестесі
Білемін
«БББ»кестесі
Білгім келеді
«БББ»кестесі
Білдім
*1-ші жеке жұмыс,
2-ші топтық жұмыс орындалып мәтінді ортада мағынасы талқыланады.
*Топ 1,2,3,4-сандарын ретін қайталау арқылы қайта топқа бөлінеді.
*Топта қайта талқылау жүреді.
Алынған сұрақты топта талқылай отырып постерде орындап ,қорғайды .
Мақсаты:
Мәселені барынша мұқият талқылап, жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданылатын әдіс.
Түрлі ойындар арқылы миды тынықтыру.
4 топқа 4 сұрақ беріледі .Сол сұраққа түйінді ойларын жазып парақшаны келесі топқа береді.Өздерінің толтырған қағаздары қайтып келгенде топ басшысы тақырыпты қорғайды.
Суретке байланысты өз ойларын жазады.
Видео ролигін тамашалап 10 минуттық эссе жазу.
1 қадам: Мәтінмен таныспай тұрып, өздері «Білемін», «Білгім келеді» бағандарын толтырады.
2 қадам: Мәтінмен танысу барысында немесе оқығанды талдау үрдісінде оқушылар «Білдім» бағанын толтырады.
3 қадам: Қорытынды жасау, бағандардың мазмұнын салыстыру.Осы коучинг үдерісі бойынша не білді .
4минут
9 минут
1 минут
12минут
10 минут
2 минут
Білемін Білгім келеді
Білдім
*Дәстүрлі сабақ өтуді,жаңа технологиямен сабақ өтуді ,балалардың қызығушылығын арттырып жұмыс жүргізуді білемін.
*Коуч сессияның нені білдіретінін ,эссені қалай жазатынын ,7 модуль идеясын және әдіс-тәсілдерді сабақта қалай қолдануға болатынын білемін.
*Ұжымдық оқыту және жеке тапсырма беруді,баланың икемділігі арқылы тапсырма беруді білемін.
*Жаңа технологияның кейбір түрлерін білемін.
*Сабағымда жаңа тәсілдерді қалай қолдануды білемін.
*Коучинг сабақтарын аздап білемін,тағы да білгеннің артықшылығы жоқ.
*Өз мектебімде коучинг сабағына қатысып көргенмін,өз пәнімде қалай болатынын көргім келетін
*Осы үйренген тәсілдерді сабақта қолданып көргім келеді.
*Осындай тренинг сабақтарға қатысып жаңа тәсілдерді жетік білгім келеді.
*Ұлттық қол өнер арқылы топқа қалай бөлу керектігін білгім келеді.
*Оқуды бітіргеніме, яғни курстан өткеніме екі жыл болғандықтан тағы да жаңа өзгерістерді көргім келеді.
*Жаңа технологияның сабақта қолдану тәсілін,тағыда осы сияқты әдіс-тәсілдерді сабақта қалай қолдану керектігін үйренгім келеді.
*Жаңа технологияны тағы да білгім келеді.
*Сабақта қолданатын басқа да әдіс-тәсілдерді ұйымдастыруды білгім келеді.
*Осы интербелсенділік тәсілдерін,коучинг үдерісіне толығымен қатысқым келеді
*Осындай сабақтарға қатысып,түрлендіріп өтілетін сабақтардың түрлерін білгім келеді,өзім де осындай деңгейге жеткім келеді.
*Жаңа технологиямен жұмыс жасау жолдары.
*Оқушылырды бағалаудың тиімді жолдарын,топқа бөлудің жолдарын білгім келеді.
* Коуч сабақтың үйрену үшін өте тиімді екен,осы
*Заман талабына сай өтілетін сабақ үдерісін тағыда үйренгім келеді.
*Сергіту сәті,тест орындау тәсілі,Джигсомен қалай жұмыс жүргізу ,оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын үйрендім.
*Бүгін топпен жұмыс істеуді білдім,сұрақ-жауапты қалай беруге болатынын білдім.
*Ақылдының алты қалпағы әдісін білдім.
*Алдағы жұмысыңызға сәттілік тілеймін.
*Көптеген жаңалақтарды білдім.
*Топтық жұмыстың қалай оқушылырға әсер ететіндігін білдім.
*Коучингтің не екенін ,қалай балалармен жұмыс жүргізу тәсілдерін білдім
*Постер жасауды,Джигсо тәсілін,тест жасау жолдарын,LS-дің жүргізілуі өте қатты ұнады.
*Сабаққа бүгінгідей дайындалып оқушыға қызықты ,әрі жеңіл жеткізіп,ойландырып өткізгім келеді.
*Топқа бөліп сабақ орындау.Өзіме көптеген қажетті, керекті сабақтар алдым.
*Бүгінгі жаңа технологиямен сабақ өту тәсілдері мағанұнады.
*Мен үшін өте қызықты болды.
*Тест арқылы өткен сабақты қайталау тәсілі ұнады.
7731125828040559371582804027552658280401270828040Рефлексия
Бұл коучинг үдерісті мен өз пәнім бойынша бейнелеу өнері пәнінен әріптестеріме тәжірибе алмасу мақсатында өткіздім.Әрине бұл үдерісті жүргізуге пәнімнің әдіскерінің көмегінің тигендігін айтып кеткім келеді.Жиналған әріптестерімнің ішіндегі біреуі ғана ән-күй пәнінің мұғалімі ғана үшінші деңгейлі екен.Оның да маған көмегі тиді.Коучинг сабағымның тақырыбы «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру».Бұл тақырыпты таңдағандағы мақсатым мұғалім сабағында оқушыларды қызықтыра білсе сапа болады сондықтан түрлі әдістерді қолданып көрсету керек.Коучинг сабағымның басында әрине қатысушыларды топқа бөлдім.Топтық жұмыстың тиімділігін де айтып кеттім.Келесі тапсырмаға тоқталатын болсақ «АВСД» өзін-өзі бағалаудың тиімділігін және оның орындалу жолын практика жүзінде «6 айырмашылықты тап» қызықты сурет тапсырмасын орындап,алты ұқсастықты тапқан жағдайда «6 балл» алатындығын ,яғни бағалаудың түрлерін таныстырып өттім.
Келесі тапсырма «Адам болып қалу»мәтінін «Джигсо»тәсілі арқылы танысып шығады.Танысып болған соң мәтіннің мағынасын ашу үшін «Ақылдының алты қалпағы»әдісі бойынша әр топқа әр түрлі қалпақты беріп,олардың қасиетін түсіндіремін.Мысалы: « Қызыл қалпақ – Түйсік» -Менің түйсіктік реакциям қандай?Менің түйсігім маған не дейді. Өз ойларыңды жазыңыз. «Сары қалпақ – Позитив» -Жағымды тұстары қандай болды?Оның артықшылығы қандай?Маған не ұнайды?Оң тармақтарын жазыңыз.Жасыл қалпақ - КреативМенде қандай идеялар бар?Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын?Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз. Ақ қалпақ - ФактілерМенде қандай ақпарат бар?Маған қандай ақпарат алу қажет?Білетіңізді ғана жазыңыз. Қара қалпақ - ЖағымсызЖағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз?Қандай проблемалар бар?Маған не ұнамайды?Жағымсыз тармақтарды жазыңыз. Көк қалпақ – шолуМен не аштым,тағы не ашылған жоқ?Мен оны қалай аша аламын?Мен барлық қалпақты кие алдым ба? Жалпы түсінігіңізді жазыңыз.
7422515105537048920401055370-30480105537023615651055370Осы тақырыпшалардың толық жазылған парақшаларды түсіндіре отырып,талқылауға 5 минут берілді.Топ алты қалпақтың қасиетін мәтін бойынша талқылыйды.Әр топ мүшелерінің ішіндегі біреуі шығып керемет оз ойларын ортаға шығып түсіндіріп берді.Соңғы тапсырма «Сұрақ салынған конверт» тапсырмасы орындалды.Қатысушы әріптестеріме осы өткізіліп жатқан үдеріс «коучинг үдерісі» екендігі айтылды.
Соңғы тапсырма 10 минуттық эссе.Оның қалай жазылатындығы туралы слайдпен таныстырылым көрсетілді. Осы тапсырмаға «Притча Индивидуальный подход»видеотүсірілімін көрсетіледі. Осы түсірілімнен не түйгендінен эссежазады.Эссенің жазылу барысымен танысқанымда тек нені көргендігін ғана қайталап жазып қойғандар кездесті.Керісінше өз ойларының түйінін жазған әріптестеріміз де кездесті.
Сабақ соңында «БББ»кестесі яғни « Білемін ,Білгім келеді,Білдім» бойынша әріптестерімізден кері байланыс алдық. Кері байланыспен таныса келе әріптестеріміздің осындай сабақтың тағыда қайталанып, яғни үйрену үшін өте тиімді әдісекендігін айтты.Мұғалімдердің басым көпшілігі мұндай үдеріске бұрын соңды қатысып көрмегендіктен алғашқы кезде тапсырманы орындау барысында белсенділік танытпай араласпай отырып еді. Тест тапсырмасын АВСД жүйесімен жүргізуді бастағаннан бастап қызу жұмыс орындауға кірісіп кетті. Жалпы мұғалімдер де оқушылыр сияқты ғой қызықты тапсырма берілсе қызу жұмыс жүреді, ал керісінше сабақ бір сарынмен яғни дәстүрлі сабақпен жүргізе берсең ешқандай өзгеріссіз бола бермек. Менің коучинг сессияны жүргізгенде тапсырмаларды өздері орындай отырып түсінуіне мүмкіндік алтындай тапсырмалар берілді. Әріптестеріміз тапсырманы орындау барысында осы коучингте қолданған тәсілдерді өз сабақтарында қолданып көретіндіктерін айтты. Мысалы алты қалпақ кез -келген тақырып бойынша жұмыс жүргізген тиімді болатындарына көздері жеткендерінің дәлелін көргендерін айтты. Сонымен бірге үлкен тақырыптармен жұмыс жүргізгенде «Джигсо» тәсілімен жұмыс жасағанның тиімді екенін білді. Сабақ соңында кері байланыс алу керектігі де талқыға түсті.