Коучинг О?ушыларды о?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау


коучинг сессиясының сабақ жоспары
Кезеңдері Уақыты Коучтің іс-әрекеті
Сабақтың тақырыбы:Оқушыларды оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Жалпы мақсаты:
Бағалау түрлерімен таныстыру. Өзін-өзі бағалау және сыныптастарын бағалауға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерді анықтау. Бағалау үдерісін жақсарту.
Оқу нәтижелері: Мұғалімдер:
бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;
бағалау түрлерінің мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;
жиынтық және қалыптастырушы бағалауды пайдаланудың тиімділігін анықтауға;
әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын және жақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.
Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин Коучинг сабағының тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Кері байланыстың қорытындысы. «Бағалау ағашы»
Топқа бөлу: 1 мин Коучинг сабағына алты адам қатысқандықтан, оларды алманың қызыл- жасыл түстерімен үш-үштен 2 топқа бөлу. Топ мүшелерімен таныстырып, топ мүшелерін сайлату.
Жаттығу:
Топпен жұмыс: 10мин Постермен жұмыс істеу үшін бағалау критерийлерін құрғызу. Топ ережесін құрғызу. Постермен ережені қорғату.
1мин Екі топ бір-біріне бағалау критерийлері бойынша баға береді. «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» айтады.
Сұрақтар: 5мин -Сіздер постермен жұмыс жасағаннан кейін бір-бірлеріңізді не істедіңіздер? (бағаладық)
-Бағалау дегеніміз не?
-Оқу үдерісінде бағалау керек пе?
-Сіздер сабақта нені бағалайсыздар?
-Сабақ ахуалын жақсарту үшін қандай бағалау пайдаланасыздар? (тиімді)
Жеке тапсырма: мин Қиындық туғызатын бала туралы суретін салу. Суреттерді көрсетпей бағалау. Алдымен өзін-өзі бағалау. Бағасын жапсырып, келесі қатысушыға береді. Екіншіде суреттерге талдау жасап, баға береді
Рефлексия: 5 мин
Коуч сұрағы:
- Сіз неге... (Алмас, ...) алғаны түсінікті ме?
-Ал сізге (...) неге қойды?
-Сіз қасыңыздағы қатысушыға баға қойғанда, неге назар аудардыңыз?
Жұмысты бағалау қиын болды ма?
Біздің баға қою жүйеміз қандай қолайсыздық туғызады?
Біздің оқушыларымыз неге және не үшін баға алғанын түсінеді ме?
Әр оқушы сабақ сайын бағаланады ма?
Бейнежазбаны көрсету: 3мин Қандай баға алғанды ұнатасың?
Не үшін саған 5, 4, 3, 2 қояды?
Саған әділ баға қоя ма? деген тақырыпқа сауалнама немесе интервью алынады.
Суретті бағалау жұмысы жалғастырылады: 5 мин
Қиындық туғызатын баланың суретін бағалау критерийлері беріледі. Әр қатысушы өзін-өзі бағалайды.
Рефлексия: 5 мин
Қай бағалау сіздер үшін тиімді болды? Неге? Осындай бағалауды қалай атауға болады? Бағалау керек, бірақ ол қандай? Бағалаудың қандай түрлерін сіздер ұсынар едіңіздер? Заманауи бағалау туралы не білгілерің келеді?
Теориялық материал: 5 мин Презентация. Бағалау деген не? Бағалау түрлері. Бағалаудың мақсаттары.
Сергіту сәті: 2 мин «Қара жорға» биі
Жұппен жұмыс: 15 мин Бағалаудың көмегімен оқуды жақсарту оқытуға енгізілуі тиіс, бір қарағанда қарапайым болып көрінетін 5 түйінді факторға байланысты екен:
1.Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.
2.Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін –өзі бағалауға қатыстырады.
3.Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқуды түрлендіру.
4.Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
5.Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін-өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Бір сабақ үзіндісінің үлгісінде ОҮБ маңыздылығын көрсетіңіздер.
Кері байланыс: 2 мин 2 жұлдыз, 1 ұсыныс
Бағалау парағын толтыру: Коучинг сессиясын бағалаулары