«Білім сапасын арттыруда ба?алауды? тиімділігі» та?ырыбында ?ткен шебер сынып?а рефлексивті есеп


«Білім сапасын арттыруда бағалаудың тиімділігі» тақырыбында өткен шебер сыныпқа рефлексивті есеп
Шебер сыныптың мақсаты: Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының қызығушылығы мен белсенділігін көтермелеу арқылы білім сапасын жақсарту мақсатында қалыптастырушы бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру Төмендегі нәтижелер күтілді:
Балалардың  табысты оқуы үшін  пәнге деген қызығышылығын оятады,   оқушылардың  сенімділігін арттырады.
Сапалы білім алуына жетелейді..
Шебер сыныпты өткізген: бағдарлы курстың І (ілгері) деңгейін меңгерген Р.Қ.Сембаева
Қатысушылар: Қапшағай қаласына қарасты аймақтағы ауыл мектептері №6, №9 және №7 орта мектептің мұғалімдері.
Шебер сынып басында мұғалімдер өлең жолдары жазылған парақшалар бойынша
3 топқа бөлінеді,.Шебер сыныпты әріптестеріммен амандасудан бастадым. Сәлеметсіздерме, әріптестер! Бүгінгі «Білім сапасын арттыруда бағалаудың тиімділігі» атты шебер сыныпқа қош келдіңіздер! Қолдарыңызда таңдаған өлең жолдарыңыз бойынша үш топқа бөліндіңіздер. Енді сабағымызды бастайық! –дей отырып, әр
топ мүшелерінің құраған әндерін қосылып айтып, орындарына жайғасуын сұрадым..
Топ мүшелері сол құраған әндерін қосылып айтып, орындарына жайғасты.Көтеріңкі көңіл орнату үшін «комплимент» тренингін ұйымдастырдым. Әр қатысушы өзің таныстырып, өз бойындағы жақсы қасиетін айтты.Осыдан кейін «Дейін-шейін» әдісі бойынша мұғалімдердің формативті бағалау туралы не білетінін жазуларын сұрадым. Мұғалімдер  үлестірілген ақ қағаздың «дейін» бағанасына формативті бағалау туралы не білетінін жазып, өз ойларын білдірді.Мұғалімдер осы сұрақтарды топта талдап, «тірек сөздерді» стикерге жазды.
Келесі кезекте «Білім сапасын арттыруда қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі» таныстырылымын көрсеттім. Таныстырылымда қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрлерімен таныстыра отырып, өзімнің сабақтарымда қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімді көрсеттім.Әріптестерімнің теориялық білімді өздерінің қаншалықты меңгергендерін байқау үшін өздерін «Бағдаршам» әдісімен бағалауын сұрадым.Жалпы қатысушылардың түсінік алғанын байқадым.Осыдан кейін «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша «Оқыту үшін бағалау неге мұғалімдер үшін маңызды?» тақырыбында ой бөлісіп, жұмыстарын
постерге түсіріп, қорғады.
Бір топ екінші топтың жұмысын "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісімен бағалады.
Әріптестерді сергітіп, бүгінгі шебер сыныпта белсенділіктерін арттыру мақсатында Т.Төрәлінің «Бол жанымда» әніімен сергіту сәтін жүргіздім. «Түсін де, қолдан!» бөлімінде үш топқа үш бөлек тапсырмалар беріліп, өздерінің орындаған тапсырмаларын бағалау үшін дескриптор құрастыру тапсырылды.Бірінші топқа «Көктем» тақырыбына сурет салу берілсе, екінші топқа «Көктем» тақырыбына эссе жазу, ал үшінші топқа «Көктем» тақырыбына өлең шығару юерілді. Әр топ өз жұмыстарын белсенділікпен атқарып, өз жұмыстарын қорғай білді. «Талда, талқыла» бөлімінде бүгінгі тақырыптың қажеттылігі жайлы ой қозғадық. Топ мүшелері бүгінгі тақырыптың қазіргі кезеңге қажеттілігі жайлы талдай отырып, өз тәжірибесінде қолдана бастайтындықтарын айтты. Осыдан кейін
"Ия, жоқ" әдісі бойынша сабақты қорытындылдым.. Әр топтың көшбасшылары өз тобының мүшелеріне қалыптастырушы бағалау жасады. "Білдім, білемін, білгім келеді" әдісі бойынша кері байланыс өткізіп, әріптестерімнің ой-пікірін білдім және болашаққа не атқару керектігін жоспарладым. Сонымен қатар бүгінгі шебер сыныпқа өатысушы әріптестеріме осы бағалау түрін пайдалана отырып өткізген сабақтарының үлгісін және дәйектемесімен біздің желілік қауымдастыққа жіберуің сұрадым.