Конспект по английскому языку на темуМектеп жасына дейінгі балалар?а а?ылшын тілін ?йретуді? тиімділігі


Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытудың тиімділігі Білімді ұрпақ қана болашақ иесі болып табылады. Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберлігін қажет етеді. Көптілді оқыту жас ұрпақтың кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын,баланы жан-жақты дамытатын,өз қабілетін танытуға мүмкіндік беретін,бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан, баланы ерте жастан ағылшын тілін жетік үйренуге бейімдеу қажет. Баланы жастан демекші, неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың есте сақтау қабілеті соғырлұм жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан ол балаға көңіл аудармасақ, жан-жақты жетілдіруіне, дамуына көмек жасамасақ , оның ақыл ойы, қабылдауы, есте сақтау қабілеті де баяу дамиды. Сол себепті мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырып барған жөн. Балалардың дәл осы жаста айналадағы қоршаған ортаны білуге деген қызығушылығы, көрген нәрсесін ұмытпай,есте сақтауы, жақсы әр түстерге еліктеуі басқа жастарға қарағанда ерекше байқалады. Міне сол себепті алғашқыоқу сатысында сөздерді жаттауды және сол жаттаған сөздіктерін ұмытпау үшін суреттермен көрсетіп баруды үйрету. Ол айтқан сөздерін көзімен көріп, қолымен ұстауарқылы жақсы есінде сақтай алады және басқа заттардан айыра алады. Себебі “маған жәй айтсаң ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйренемін” деп Қытай мақалында дұрыс айтылған. Келесі сатысында осы жаттаған сөздеріне сай қысқа өлең шумақтарын сұрақ-жауаптарды үйрету әдісі қолданылады. Бұл балалардың тілін жаттықтырып,сөз қорын көбейтіп оның сөйлеу қабілетін асырады. Сондай-ақ ерте жастан оқушыларды оқытудың және бір тиімділігі, тілдің кемшіліктерін жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. “Үш жастағы балаларға мүмкіндік іс жасаған жағдайда олар өзінің, оқуына, дамуына асқан жауапкершілікпен қарауға қабілетті” деп 2008 жылы ағылшын зерттеушісі White Bread айтқан болатын, яғни олар жас ерекшелігіне қарамастан, өздерінің оқуына, дамуына саналы түрде қарайды, тапсырмаларды шешу үшін өзіндік әдіс – тәсілдерді қолдану. Қорыта келе: мектеп жасына дейінгі балаларға уақыт талабына сай білім беру, одан әрі жетілдіру ағылшын тілін үйретудің маңыздылығы оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға, басқа да белсенділіктерін көрсетуге деген қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік алады.