«Халы? педагогикасы негізінде мектепке дейінгі жаста?ы балалар бойында ?лтты? м?дениетті ?алыптастыру»


Тақырыбы: «Халық педагогикасы негізінде мектепке дейінгі жастағы балалар бойында ұлттық мәдениетті қалыптастыру». Мақсаты мен міндеттері:
Балалардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіре отырып, балаларды адамгершілікке, отан сүйгіштікке, қазақтың ұлттық мәдениетін , салт дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу.
Отбасының тәрбиесін, әдептерін, дәстүрлерді сақтауын ескере отырып, балаларды әлеуметтік ортаға қарым-қатынас мәдениетімен таныстыруға ықпал жасау.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағымыз – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Ұлттық мәдениетке, ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» - деп атап өткен.
Қазақ халқының педагогикасы - тәрбиенің қайнар бұлағы.
Еліміздің болашағы- жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы, ата – ана тәрбиесі болса, екінші бесік - білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы.
Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді.
Осыған байланысты мектепке дейінгі ұйымда бірнеше оқыту технологияларын қолданамыз.
Саралап оқыту технологиясы.
Модульдік оқыту технологиясы.
Денсаулық сақтау технологиясы.
Дамыта оқыту технологиясы.
Деңгейлеп оқыту технологиясы.
Проблемалық оқыту технологиясы.
Ойын технологиялары.
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін: балалардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру; сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту; ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу; жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
Жазушы-педагог Ж. Аймауытов «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек».
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн». Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен білім беруді ұйымдастыруда ұстанатын принциптер:
1.Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, қызығушылығына сүйену. 2.Тәрбие мен оқыту міндеттерін бірлікте шешу. 3.Баланың еркін де, дербес дамуын қамтамасыз ететін табиғи, емін - еркін жағдай туғызу. 4.Әрекет етуге үйрету, үйренгенін бойына дағды қылып сіңіру.
Мағжан Жұмабаев атамызға құлақ түрсек, «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері саналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс... Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті», - деп қалың қазағын қазақы тәрбиені жоғалтып алмауға міндеттейді.
Салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор.
Бала тәрбиесіне байланысты, қазақтың ұлттық салт дәстүрі , тұрмыс-салт дәстүрі, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрі, болып үш түрге бөлінеді. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері
жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді.
Мысалы: қазақтың салт - дәстүріне тұсау кесу, атқа мінгізу, ұл бала мен қыз баланы жанұя болуға, шаруашылыққа, еңбекке,өмірге бейімдеу түрі енеді.
Тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, ұлттық киімдер, мал бағу, егіншілікке қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.
Ал, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге: қазақ ауылы, қазақтың ұлттық әуен аспаптары, ұлттық мерекелерді өткізу сияқты түрлері кіреді.
«Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» демекші, тәрбиенің мықты іргетасы отбасында қаланады. Баланы бесікке бөлеу қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Бесік киелі.
Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады. Қазақ халқының ұмыт қалған дәстүрін қайта жаңғыртып балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке, ауызбіршілікке тәрбиелейміз.
Қазақтың саз аспаптары — ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып, көнеден келе жатқан мәдени мұралардың бірі. Аспапта ойнау балаларды сезімталдыққа тәрбиелейді.
Бала санасының жақсы жетілуінде музыкалық аспаптардың мәні зор. Біз мектепке дейінгі «Еркетай» шағын орталығында «Зерек бала» бағдарламасына сүйене отырып, өзіміздің білім мен тәрбие беріп отырған бүлдіршіндерімізді халық педагогикасы арқылы балаларды ұлттық салт-дәстүр мәдениетімізге тәрбиелеу жұмысын жүргіземіз.
Балаларға ұлттық тәрбие күнделікті ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті, ертеңгіліктер іс - шаралар арқылы беріліп отырады.
XXI – ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан - жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.
Тәрбиенің алтын бесігі - балабақшамыздағы сәбилерімізді ұлттық салт-дәстүрге, әдет- ғұрпымызға және адам баласына тән асыл қасиеттерге, адамгершілікке тәрбиелеуден жалықпайық!
Назарларыңызға Рахмет!
Қолданылған әдебиеттер:
1.«Бала мен балабақша» журналы, №6, 7 2012 ж.2.«Бала тәрбиесі» журналы, №12, 2009 ж. 3.«Отбасы және балабақша», №3 2014 ж.4.«Мектепке дейінгі білім», №1(7) қаңтар/ақпан 2007 ж.
5. Балабақшадағы оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А., 2000 ж.
6. С. Байжұманов. Халық аспаптары оркестрі. А., 1993 ж.
7. Қазақстан мектебі, №12, 2012 ж.
8.С. Ұзақбаева, Тамыры терең тәрбие, Алматы, 2004 ж.