интегралды? есептеу


Есеп шығарудың логика-психологиялық кезеңдері:  Есеп шығару барысында  қолданылатын негізгі ұғымдар мен схемалар.
Шамалардың өзгерісі және олардың мәндерін салыстыру:  «Артық», «кем» қатынастары. Берілген ұғымдар қолданылатын есептер.
Шамалардың тура және кері пропорционалдығы:  Пропорция, пропорцияның негізгі қасиеті, пропорция көмегімен шығарылатын есептер. Шамалардың тура және кері пропорционалдығы туралы түсінік. Пропорционал бөліктерге бөлу.
Жұмыс, бірлескен жұмыс:  Жұмыс көлемі, жұмысты орындау үшін бір уақытта істелінген жұмыс пен уақыт арасындағы қатынас. Бассейнге және бірлескен жұмысқа арналған есептер типі.
Бөлшектер мен проценттер:  Бөлшек ұғымы, процент. Бөлшек пен процентке байланысты есептер: бөлігі бойынша санды табу, санның процентін табу, проценті бойынша санды табу, екі шаманың проценттік қатынасын табу.
Күрделі проценттер:  Шығыс проценті, кіріс проценті. Берілген және ізделінді шамалар арасындағы функционалды тәуелділікті ескере отырып есеп шығарудың жалпы алгоритмі.
Қоспалар мен қорытпалар:  Концентрация ұғымы (ерітінді концентрациясы, қоспа массасы мен ерітілетін заттар массасының арасындағы функционалды тәуелділік) Есеп шығаруда қолданылатын Пирсон квадраты немесе крест ережесі. Қорытпа (таза металл массасы мен қорытпа массасының арасындағы функционалды тәуелділік).
Қозғалыс:  Түзу сызықты қозғалыс: жүрілген жолдың уақытқа қатынасы, қозғалыс жылдамдығы мен уақытқа тәуелділігі. Қарама-қарсы және бір бағыттағы қозғалыстар. Қуып жету және қалып қалу қозғалыстары. Өзен бойымен қозғалыс.
Геометриялық әдіс қолданылатын алгебралық есептер:  Үшбұрыштарды шешуге берілген есептер, құраушы күштерді табу.