План урока по математике на тему Жазы? ж?не ке?істік фигураларды тану ж?не айналасынан табу


Сабақ: математика Мектеп: Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі. Күні:
18.10.2016ж Мұғалім: Атаева Гүлдана Жумабековна Сынып:
1 Қатысқандар:
9 Қатыспағандар:
0 Оқытудың мақсаттары:
Ортақ тақырып- Өзім туралы
1.3.1.3 Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) жəне кеңістік (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) фигураларды тану жəне айналасынан табу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады:
1/ геометриялық фигураларды атап береді.
2/ геометриялық фигураларды түсіне,
формасына қарай ажырата алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
1/ Геометриялық фигураларды сыза алады
2/ Геометриялық фигураларды сипаттай алады
Кейбір оқушылар орындай алады:
1/ фигуралардың ерекшелігін анықтай алады
2/ фигураларды салыстырып дәлелдей алады Тілдік мақсаттары: Оқушылар орындай алады:
1/геометриялық фигураларды формасына,өлшеміне,материалына қарап,
ажыратып сипаттай алады
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Фигураларды санау,барлығы ?қанша?
нешінші?, алдыңғы фигура, келесі фигура,
көршілес фигура
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін сай
келетін тіл стилі:
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Қандай фигураларды білеміз?
-Төртбұрыш,үшбұрыш,шаршы екенін қалай білеміз?
-Фигураларды неге ұқсатуға болады?
Ишара (мимика): қолмен түзу, сынық,тұйықталған немесе тұйықталмаған сызықтарды көрсету Алдыңғы оқыту: Геометриялық фигуралар туралы түсініктері бар. Жоспарланған
уақыт Жоспарланған тапсырмалар Ресурстар
Басы
1-3 минут
Ортасы
7-11 минут
12-24 минут
25-30 минут 1/ Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныптағы оқушылар барын анықтау
Ойын «Менің қалпағым»
Ой-қозғау-әрекеті
*Сыныптағы геометриялық фигураларға тәріздес заттарды атап шығу.
*оқу құралдарын сипаттау
Оқушылармен «Менің ойыншықтарым»тақырыбына әңгімелесу.Оқушылар ойыншықтар қандай фигураға ұқсайтынын анықтайды.
*Жеке,жұппен жұмыс өткізу. Ермексаз және таяқшалардан геометриялық фигура жасау
Топпен жұмыс:
*видеоролик қарап шығу,түсінгенін айту.
*резинка арқылы үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы көрсету
Ойын «Танграмм». Берілген фигуралардан әртүрлі суреттер құрастыру.
Заттар
Оқу құралдары
Ойыншықтар
Фигуралар
Ермексаз
Таяқшалар
30-35 минут *Сұрақтарға жауап беру:
-Фигуралар туралы не білдік?
- Фигуралардың қандай айырмашылықтары бар?
«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс өткізу.
Бағалау: бармақ әдісі арқылы
Түрлі-түсті стикерлер