Т?рбие са?аты «Т?уелсіз елді? баласы» (?нер-білім сайысы) 2 сыныптар


«Тәуелсіз елдің баласы» (өнер-білім сайысы)
Мақсаты: Сынып оқушыларын өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге, көпшілік алдында еркін сөйлеуге  үйрету мақсатында өнер-білім сайысын өткізу.
Көрнекілік: Әр бөлімнің кезеңдері жазылған плакаттар, мақал-мәтелдер.
Мұғалім:  Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Сіздердің назарларыңызға   3 сынып оқушыларының «Тәуелсіз елдің баласы» атты сайыс түрінде өткізгелі отырған тәрбиелі шараны ұсынамыз.
1 оқушы:  Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанғам.
2 оқушы:   Мен, қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен,
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
3 оқушы:    Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
4 оқушы:    Ұлы аманат етейін еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін, жер кіндікті,
Аңсаймын мен сенемін туады ертең,
«Қазақ болу» зор бақыт дер күн тіпті.
 
 
Сайысқа 3 топ қатысады. «Атамұра», «Намыс», «Атамекен».
Оқушыларды қазылар алқасымен таныстыру.
Топ жауабы 5 ұпайлық бағамен өлшенеді.
Сайыс кезеңдері:
1.«Жүзден жүйрік» викториналық сұрақтар.
«Сөз көркі-мақал» мақалдарды жалғастыру.
 
«Талапты бала-талпынған құстай». Шығармалар
бойынша сұрақтар.
«Ойнайық та, ойлайық».ребус, ойындар, т.б.
 
1 кезең: «Жүзден жүйрік» викториналық сұрақтарға жауап беру.
 
1топқа:
ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл)
Әнұран авторларын ата. (сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев,
әні: Ш.Қалдаяқов)
16 желтоқсан-қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
Қазақстанның солтүстік көршісін ата. (Ресей)
Жоңғар шапқыншыларын талқандаған каһарман батырлар.
(Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай)
 
Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)
Абайдың шын аты. (Ибраһим)
Атақты қазақ күйшісі кім? (Құрманғазы Сағырбайұлы)
Солтүстік Қазақстан облысының  әкімі кім? (С.Біләлов)
10.Ана тілі, Отан туралы өлең айту.
 
2 топқа:
ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? (30 тамыз1995ж.)
Тудың авторын ата. (Ш.Ниязбеков )Сәулелі жұлдыз іздеген адам. (Ы.Алтынсарин)
Қазақстан оңтүстікте қандай елдермен шектеседі? (Қытай,                      Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан)
Ұлы Отан соғысының батырларын ата.(Ә.Молдағұлова,
М.Мәметова, М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы т.б.)Қазақтың үш биін ата.        (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)
Шоқанның рас аты қалай? (Мұхаммед-Қанапия)
Аты аңызға айналған ақын, жырау, сәуегей адам. (Қорқыт ата)
1846 жылы туып, 1945 жылы қайтыс болған ақын. (Ж.Жабайұлы)
10.Ана тілі, Отан туралы өлең айту.
 
3 топқа:
1.ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы    сайланды?(1991ж)
2.Елтаңбаның авторларын ата.   (Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков)
3.Білім күні қашан тойланады?  (1-қыркүйек)
 
4.Қазақстан батыста қандай елмен шектеседі?(Каспий теңізі
арқылы Әзірбайжан елімен)
 
5.Желтоқсан жұлдыздарын ата.   (Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова,С.Мұхамеджанова, Е.Сыпатаев т.б.)6.Үш жүздің басын біріктірген хан.  (Абылай хан)
7.Қабанбайдың шын есімі кім?  (Ерасыл)
8.Қазақстанның ежелгі ғалымын ата. (Әл-Фараби)
9.Араб әрпі негізінде балаларға тұңғыш Әліппе жазған кім?
(А.Байтұрсынов)
10.Отан, ана тілі туралы өлең айту.
 Қорытынды.
Ән.Көк тудың желбірегені.