«Біз-Т?уелсіз елді? болаша? ?ырандарымыз, Ата-анамызды? ?міт еткен ?ландарымыз, ?стазды? жемісіміз,т?рбиелі елді? т?т?асымыз!»


«Біз-Тәуелсіз елдің болашақ қырандарымыз,
Ата-анамыздың үміт еткен ұландарымыз,
Ұстаздың жемісіміз,тәрбиелі елдің тұтқасымыз!»
Мақсаты:1.Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын,бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2.Білім берер ордасы-мектепті,ұстаздарын құрметтеп,білімге деген құштарлығын арттыру.Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
1.Ануар: «Біз қазақпыз» автор: Набиолда Кемешев
(слайд Қазақстан)
Батырлар ұрпағымыз ел қорғаған,
Ұл-қызы аналардың дара туған.
Қазақтай текті атаның баласымыз,
Құрсақтан бостандықты ала туған.
Көтерген қиындықты басқа салған,
Маңдай термен басына бақыт қонған.
Ат үстінде жүріп ақ найзаменен,
Байтақ жерін қазақтың қорғап қалған.
Достығы сан ұлттың жарасады,
Жарқырап көрініп тұр болашағы.
Бағы жинап,кең далам гүлге оранар,
Түйіннен ашылғандай қауашағы.
Елімнің ауырлығын арқалаған,
Астана әсем сұлу бар қаладан.
Көркейіп жылдан-жылға көз алады,
Өрімтал арудай боп алқалаған.
Әлемді бір өзіне қаратады,
Атылғалы тұрғандай жанар тауы.
Қосылса елу елдің қатарына,
Мықты ел деп Қазақстанмен санасады.
Байлығы дархан елдің тасығандай,
Ертіске арна келіп қосылғандай.
Теңдік пен Егемендік жарасады,
Тынысы бәйге аттың ашылғандай.
Бақ дәулет қонғандай-ақ асқарыма,
Қуанам күліп таңым атқанына.
Қазақ боп туғаныма мақтанамын,
Тәуелсіз елде тұрып жатқаныма.
«Біз-Тәуелсіз елдің болашақ қырандарымыз,
Біз -ата-анамыздың үміт еткен ұландарымыз,
Біз- ұстаздың жемісіміз,
Біз-тәрбиелі елдің тұтқасымыз!»атты бастауыш сыныппен және алғашқы ұстазымызбен қоштасуға арналған мерекені бастауға рұқсат етіңіздер!
Алдияр:
Қош міне,келдіңіздер,қауымдастар
Шығатын шың,қол бұлғайды биік асқар
Төрт жыл оқып,өрелі білім алдық
Кез келді,енді,ілгері қадам тастар.
Әсем:
Бақытты балғын баламыз,
Өседі ой-санамыз.
Білімнің нәрін сусындап,
Биікке самғап барамыз.
Даниал:
Шырқаймыз асқақтата жыр-әнді біз,
Қашаннан қайсар елдің ұланымыз.
Білімнің басқышына қадам басқан,
Қорғаны болашақтың қыранымыз.
Еркежан:
Қазақстан менің елім,аңсағаным,
Кең байтақ жеріңменен тамсанамын.
Асқар тау,белдеріңмен мақтанып,
Күлімдеп, мен де бір шаттанамын.
Алдияр:
Отаным-Қазақстан туған елім
Ойнап күліп ер жеткен, туған жерім.
Өсе бер, өркендей бер, елім менің
Ардақтап мәңгі мен сені өтермін.
(слайд Ұланым)
Әлтаир:
Ұланым,сенің қойныңнан,
Аналық иісін аңқиды.
Уызын беріп тойдырған,
Балауса буын балқиды.
Дильназ А:
Ұланым,жусан иісің
Сепкендей жұпар жаныма.
Тірліктен кетсе күйісім,
Ұмтылам үміт таңыңа.
Талим:
Ұланым,махаббатымды
Жеткізе алман тілменен.
Аналық асыл атыңды
Теңеймін жалғыз Күнге мен.
Рината:
Ұланым,құшақ ашқаның,
Сағыныш шығар сарғайған.
Өтеді өмір қас-қағым,
Шірене тартып шалғайдан.
Алишер:
Көп жасап,көпті көргенмен,
Сен үшін сәби күйдемін.
Күтпеймін орын төрден мен,
Өзімді туған үйдемін.
Сұлужан:
Ұланым,мені тартатын,
Өзің мен жасыл жусаның.
Сағыныш сырын сарқатын,
Сырласар күнге сусадым.
Кентім.(слайд)
Санжар:
Қаһарман Қасым атамыз,
Партизан болып жау алған
Ерлікке толы аты аңыз,
Атауы кенттің жаңарған!
Тәуелсіз мынау заманда,
Жеңіспен жүлде аламыз,
Қадамам-азат, қол-құрыш.
Қарыштап алға барамыз!
Ән: Туған жер (Ұлдар).
Мектебім. (слайд)
Мирас С.:
Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Сулужан:
Мектебім Алаш атында,
Райымжан-Арыс бабамыз.
Тәуелсіз мынау заманда,
Білімнен жүлде аламыз.
Өнеге алып асылдан,
Оқуда озат боламыз!
Ажар:
Мектебім менің, мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын
Мақтан етем сені мәңгі мектебім!
Ән: Мектебім.

Даниал: (слайд Аналар)
Айналайын,айналайын,анашым!
Бәрімізге тыянақсың,панасың.
Қыр гүліндей құлпырасың жайқалып,
Жақындатып туыстардың арасын.
Сенің нұрлы қабағыңнан шат көрем,
Әрбір айтқан сөздеріңнен көктегем.
Асыл жарқын тілегіңнен қуат ап,
Сен болмасаң осы күнге жетпес ем.
Ақ сүтіңді ақтай алсам жарады,
Керегімді анам іздеп табады.
Күлкі кернеп қуанышқа бөленсің,
Аналардың жарқыраған жанары.

Алтын:
Аналар қаншама жыл сүрсе де өмір,
Ұрпағының қызығына тоймай жүрер,
Мейірімі ананың есіме түсіп кетіп,
Ағыл-тегіл жүрегіме жыр келіп тұр.
Аналар өмірге аяқтарын нық тіреген,
Ана қандай қажымайтын мықты неден.
Қимылы,әрбір сөзі тәжірибе,
Көрінеді ана ыстық өзгелерден.
Өмірдің ащы-тұщысын көрген олар,
Білместік оларда емес,бізде болар.
Сыйлаңдар,құрметтеңдер аналарды,
Ананың сонда ғана көңілі толар.

Дәулет:
Анашым,құтты болсын мерекеңіз,
Бұл күнде Егеменді ел екенбіз.
Елбасы ана үшін бала үшін,
Жағдайды жасап жатыр көлеңкесіз.
Жанарын бала десе жаутаңдаған,
Сырым бар өзіңе ашып айта алмаған.
Сен мені бұл өмірге алып келген,
Қарызын ешбір адам қайтармаған.
Шуақты әрбір атқан таңым менің,
Сүйкімді,сүйіктісің жаным, менің.
Жарасам керегіне қазағымның,
Аман боп ата-анам,туған елім!
Әсем. Ән. «Аналардың тілегі»
(слайд отбасы)
Айлум:
Ыстық-ау,кім-кімге әке деген,
Суыққа шалындырмай,мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Дильназ С:
Әкешім, тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,
Ақылды балаларың оны білген.
Алдияр:
Қамқорсың,әке өмірде
Арманым едің аңсаған.
Теңіздей шалқып жүремін,
Қуатым сенсің көңілге.
Әкелем бақыт мен саған
Сүйенер сенсің-тірегім.
Әлпештеп мені өсірдің
Ұрпағың болып жалғасам.
Ануар. Ән «Әкелер»
Еркежан:
Әлі есімде мектепке алғаш барғаным,
Өз қолыммен Әліппені алғаным.
Санай ашып,әліппенің парағын.
Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым...
Мен үшін жұмбақ болып калар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Диас:
Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз сыныпқа енгеніміз.
Жасқаншақтап, тосырқап тұрған шақта.
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз.
(видео,слайд)
Мадияр:
Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А» әріпін алғаш өзіңмен жаттадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
Санжар:
Есімде ұстазым алғаш қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті,
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
Аслан:
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз,қалам қолыма өзің,
Ерінбей үйреттің де әр әріпті.
Амир:
Алдыңа келіп ұстазым,
Тұнғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен,
Мейірімді сезінгем.
Ұстазым менің,ұстазым
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Әмірің бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.
Дильназ А.
Үйретіп алғаш бізге әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Дильназ С.
Әр үйдің еркін өскен еркесі едік
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін уйрендік кеп.
Алишер:(видео слайд 20 жылдық)
О,ұстаз неткен мықты төзімдісің,
Қол бастаған батырдың дәл өзісің.
Шаршасаң да сездірмей күлімдейсің,
Шәкіртім білім алсын,білсін дейсің.
Әлтаир:
Ұстазым-ұлағатты саябағым,
Шәкіртті өз балаңдай аяладың.
Қолыма әліппенің кілтін берген,
Адалдық ақ жолыңды бағаладым.
Асан:
Жүзің жылы құшағын кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен,
Биіктерге шығамын мен.
Б.Мирас:
Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз ұстаздарды жаны ізгі.
Пана болған,дара болған біз үшін,
Жанымыздан артық көреміз біз сізді.
Ән. « Ардақты ұстазым»
Ануар:
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмтылмастай көңілде мәңгі қалатын,
Сағына әркез суреттерді парақтап,
Шәкірттерін жиі еске алатын.
Рината:
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
Алтын:
Ұстазым!Ұстазым өзің едің асқақ әнім,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Әсем:
Шәкірттер сізді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.
Вальс.
Ұстаздың сөзі
Хор. «Ұстазым»
Мирас С:
Қадірлісіз,менің асыл ұстазым!
Өтті бізбен көктем,күзің,кыс,жазың,
Төрт жыл бойы тәрбиелеп,аялап,
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.
Найля:
Ұмытпаймын, Сізден алған тәлімді,
Жүрегімде сіз сіңірген әр үлгі.
Көңіліме жыр мен сырды қоса егіп,
Сіз жақтыңыз көкіректе шамымды.
Дәулет:
Кем көрмеймін Сізді асыл анамнан,
Сізге ұқсап,қудық біз де сан арман.
Сіздей адам дүниеде көп емес
Балалардың бақыты үшін жаралған.
Ануар:
Жүрегімде ұстаз берген сабағы
Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймын салған жолын,ақылын,
Мәңгі,мәңгі,мәңгі есімде қалады.
Құттықтау сөздер.