Т?рбие отбасынан басталады т?рбие са?аты 7 сынып


Сынып сағатының тақырыбы: «Тәрбие бастауы - отбасында!»Сынып сағатының мақсаты: Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, топ бастайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға: ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру. Жас жеткіншектерді ата-ананың қадірін, қасиетін, өнегелі өмірін, үлкеннің ақыл кеңесін тыңдауға, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Бала тәрбиесінде ата-ананың орынының ерекше екендігін түсіну. Сынып сағатының өту формасы: дөңгелек үстел Сынып сағатының көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ой толғау сұрақтары, шақыру билеті, фото-сурет, үй-ішілік альбомдар.Сынып сағатының барысы: Ұйымдастыру кезеңі1.Тақырыппен таныстыру Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мем лекетіміз мықты болуы мүмкін емес.. Бала- ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы. Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ бо-лып, балаға үлгі бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру ата-ананың парызы. 2. Топқа бөлу «АНА» , «ӘКЕ»Әр топтың оқушылары отбасы туралы тақпақтар айтады.3. Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке – біз жақсы көретін ең жақын адамдар. «Ата – бәйтерек,бала –жапырақ», «Әкеден – ақыл,анадан- мейір», «Ағасы бардың- жағасы бар,інісі бардың – тынысы бар»,-дейді халық. Осындай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүріп жатқан біз-бақыттымыз (хормен).4.Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға қонаққа келіп отырған отбасымызды таныстырайын. Бала таныстыруды айтады.Таныстырылым. «Әке көрген от жонар, шеше көрген тон пішер!» Ата-әже туралы.5.Оқушылардың көрінісін тамашалаңыз. Ситуациялық көрініс.Апа, Апа, маған ұялы телефон (сотка, сотка) алып берші! деп анасын мазалайды .Анасы әртүрлі сылтау айтып, көңіл бөлмейді. -Кейін алып берермін -Не қажеті бар? Осы ситуацияны үлгілі отбасына талқылауға беру.Сұлтаналы отбасына сұрақ: Осындай жағдайда сіз не істер едіңіз?6.Оқушылар постар қорғайды «ӘКЕ» , «АНА»7.Үлгілі отбасының арнауы «Ата-әже, әке-шеше» туралы ән орындайды. 8. Қортыныды:«Әке- асқар тау. Ана- ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ» таныстырылымын көрсету.Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады.Әлем өзгеруде. Мысалы: Жапонияда ата-аналар мен мектеп тығыз байланыста болып, әр сабағына қатыса отырып, демалыстарда да «ашық есік» күнін өткізеді екен. Біздер де үнемі осылайша мектеппен байланыста болып, өзгеруге, дамуға әзір боламыз деп ойлаймын.2013-2014 оқу жылыДастарқанның басындаӘдептен біз озбаймыз:Үлкендердің қасындаҚолды бұрын созбаймыз.Тамақ ішер кезде ендіСөйлемейміз,күлмейміз,Астан басқа өзгеніЕлемейміз,білмейміз!Атамнан басталар,Әжемнен қосталарОтбасым мынылар:Ең жақын адамдар-Әкем мен анам бар,Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар...Бәрін жақсы көремін,Еркелеймін,еремін!Титтей бөбек кезімнен Әлдилеген емізген,Еркелетіп күлгізген,Алғаш «апа» дегізген.Кішкентайы-мен үшінТағат,байыз таппайтын,Не жемесін, не ішсін,Менсіз тағам татпайтын.Шомылдырып кешкісін,Мен жатпасам,жатпайтын-Анам менің қандай-ды!Ерте кетіп жұмысқа,Үйге кештеп қайтатын,Болған күндіз құрылыстаҚызықтарды айтатын.Жаз келісімен,күн қызып,Машинасын жүргізіп,Барлық көрші баланы Маған қоса мінгізіп,Аралайтын даланы,Қыдыртатын қаланы-Әкем менің қандай-ды!Қарағанда басқаға,Қызықты көп бастайтын.Күнде ертемен бақшағаМені апарып тастайтын.Талай-талай істердеҮлгі болар біздерге Ағам менің қандай-ды! Төрт жас үлкен өзімнен,Оқи,жаза білетін.Мені титтей кезімненОйнатуды сүйетін.Кітабынан кіл қызықӘңгіме оқып беретін-Әпкем менің қандай-ды!