Мені? туып ?скен жерім! Ауыл (1 класс)


Сабақтың тақырыбы: Ауыл
Мақсаты: туған ауылмен таныстыру, өзінің туған жері-үлкен Отанның бір бөлігі екенін ұғындыру.
Көрнекіліктер: Ауыл суреті, көктемдегі ауыл адамдарының еңбегінің суреті, ауылдағы басты көшелердің суреті, жерлесіміз сазгер К.Б.Нұртазинның фотосуреті.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру:
Дүниетану сабағы.
Оқушыларға қажетті оқу құралдарын дайындатып отырғызу.
Үй тапсырмасын сұрау:
Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
М.Мақатаевтың «Мектеп» өлеңін жаттау, суретін салу.
(5-6 оқушыдан өлеңді жатқа айтқызу)
Балалар, біздің мектеп қалай аталады?
Ү-Владимировка орта мектебі
Мектепті кім басқарады?
Директор (аты-жөнін айтқызу)
Директордың көмекшілері оқу жұмысын басқаратын көмекші, тәрбие жұмысын басқаратын көмекшілерді суреттен көрсетіп аты-жөндерін атау.
Мектеп не үшін қажет?
Білім береді, баланы дамытады.
Балалар, осы қазақ даласында ең алғаш «Мектеп» ашқан кім?
Ы.Алтынсарин
Қандай өлеңін білесіңдер?
«Кел, балалар, оқылық!»
Дұрыс. (Өлеңді бір балаға мәнерлеп)
Ендеше, мектепті біз білім ордасы деп айтамыз.
Жаңа сабақ. «Ауыл»
Сөзжұмбақ шешкізу арқылы жаңа тақырыптың атын табу.
Бізді қоршаған орта қалай аталады?
Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер тобы бір сөзбен қалай аталады?
Әке, шеше,ұл, қыз – бәрі қосылыпнені құрайды?
Балық пен бақаның жұмыртқасын қалай атаймыз?
1 2 3 4 Сөзжұмбақта тігінен қызыл сызбаның ішіндегі сөзді оқыту «Ауыл»
Ендеше, балалар, бүгін біз дүнитану пәнінен «Ауыл» деген тақырыппен танысамыз.
Балалар , біз қай жерде тұрамыз?
Ауылда.
(қай облыс, қай аудан, қай ауыл екенін айтқызу)
ШҚО
Бесқарағай ауданы
Бесқарағай ауылы
Бұрын ауылымыз қалай аталады?
Үлкен-Владимировка ауылы.
Дұрыс
Ал, биыл, 2008 жылдың қаңтар айынан бастап, біздің ауылымыз Бесқарағай деп аталатын болды.
Балалар, неге Бесқарағай деп аталатынын білесіңдер ме?
Өйткені, осы бізге жақын ауылдардың қайсысын қарасақ та, түгелінің айналасында немесе жанында қарағайлы орман бар, сондықтан біздің ауылымызға, және де біздің ауылымыз аудан орталығы болғандықтан «Бесқарағай» деп аталды.
Ауыл дегеніміз – өзіміздің туған жер – ең жақын, ең ыстық үлкен Отанның кішкене бір бөлігі.
Ауылыңда жүргенде байқамасаң, алысқа шыққанда қаншалықты ауылды жақсы көретініңді сезінесің . Себебі, сен ауылыңды сағынасың, тез қайтқың келеді. Неге? Ауылда сені ке-келген адам таниды, атыңды атайды. Көрген жерде сенімен амандасып, жағдайыңды сұрайды.
Ауылдағы өзен-көлдер, бәрі өзіңдікі. Әрбір тас, төбешіктің бәрі саған таныс, ауылыңда ойнаған кезде тығылатын, қай жерде жүгіруге болатын жердің бәрін де, жақсы білесің.
Ауылдағы үлкен аталар, әжелер күнде сенің сәлем беретін құрметті адамдарың. Олар сендерге үнемі ақылын айтады, үйретеді, «Байқа», «Сақ бол» деп үнемі қауіптен сақтандырып жүреді.
Мұндай адамдарды қалай жақсы көрмейсің? Міне, көрдің бе? Ауылың қандай?
6877051581154.Сергіту сәтін өткізу.
Суретпен жұмыс:
Біздің ауыл қалай аталады?
Неге солай аталған?
Ауылдың қандай көшелері бар?
(Әр баладан қай көшеде тұратынын сұрау)
Олар неге солай аталатынын білесің бе?
Қандай мекемелерді білесің?
Біздің ауылда көліктің қандай түрлерін кездестіресің?
Қандай мамандарды білесің? Ол мамандар қандай жұмыс істейді?
Сурет бойынша көрсетіп, түсіндіру.
Сурет бойынша Бесқарағай ауданының Картасы, Елтаңбасы, Әнұраны «Бесқарағай – менің елім!» таныстыру.
Әнұранды жазған жерлесіміз, атақты сазгер Нұрғазин Қайлаш
Баймақұлын фотосуретті көрсетіп таныстыру.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізге бүгінгі сабақта танысқан жаңа сөздерді жазу, сөйлем құрату.
Бесқарағай, мектеп, ауыл, аурухана, мешіт.
Кітаппен жұмыс.
114 беттегі сұрақтарды оқып, оқушылардан жауап алу.
«Көршіңді тап» ойынын ойнату.
Әрбір адам қалада болсын, ауылда тұрса да, әрқайсымыздың көршілеріміз болады, сол көршілерімізбен әрқашан тату болуымыз керек, сол сияқты біздің сыныптың ішінде де көршілеріміз бар. (Жанымызда отыратын, алдымызда отыратын, бізден кейін отыратын т.б.)
Оқушыларға көршілерін атату.
Қорытынды
Сонымен, балалар, біз қай жерде тұрамыз?
Ауылда қандай көшелер бар? (атату)
Ауылда алаң бар ма? Ол не үшін қажет?
Ауыл адамдары алысқа қалай қатынайды?
Сенің үйіңде көліктің қандай түрлері бар?
10.Үйге тапсырма:
Ауыл көрінісінің суретін салу
Суретке қарап әңгіме құрастыру
Сабақты «Бесқарағай – менің елім» әнұранымен аяқтау.