?аза? ?дебиетінен делікті к?нсаба? жоспары ?ыры? ?тірік


20.10.2016ж Қазақ әдебиеті 5 «д» сыныбы
Сабақ тақырыбы: «Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала бейнесі
Жалпы мақсат: Ертегідегі Тазша бала бейнесін талдай отырып, кейіпкерлерге талдау үлгілерін үйрету.
Сілтеме: «Шың» кітабы
5-сыныпқа арналған Қазақ әдебиеті оқулығы
Интернет материалдары
Электрондық оқулық.
Күтілетін нәтижелер: Оқушылар «Қырық өтірік» ертегісі туралы мәлімет алады. Оның айтайын деген үнін түсінеді. Туған тіліне деген сезімдері оянады.Өз беттерімен білім алуға, нәтижеге қол жеткізеді.Шығармашылық жұмыспен айналысуға төселеді және дағдыланады.
Негізгі идеялар: Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Оқыту нәтижелері: Оқушылар өз пікірін, ойын ашық айта алады. Топпен бірігіп, жұмыс орындайды.
Сабақта қолданылатын материалдар: Оқулық
«Шың» кітабы
Қағаздар,маркерлер т.б
Оқыту әдістері: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (жұптық,топтық,жеке жұмыс,диалог) 2. СТО
3.Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау(критерийлер бойынша бағалау) 3. АКТ.
Тапсырмалар: Миға шабуыл,деңгейлік тапсырмалар,Венн диаграммасы,еркін жазу.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин) 1.Треннинг өткізу Сабақтың ұраны: Өзімді -өзім оқытамын, өзімді-өзім танимын, басқаны да оқытамын. 2.Топқа бөлу. Оқушылар сабак ұранын бірге айтады.Топқа бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7 мин «Өтірік өлеңнен» үзінді жаттау Жеке жұмыс.Берілген сұрақтарға жауап береді
ІІІ.Қызығушылықты ояту 1. «Қырық өтіріктің» тууына себепші болған оқиға. 2.Ханның қырық өтірік айтатын адамды іздеуінің себебі неде? 3.Тазша бала өз өмірін неге өлімге тікті? 4.Тазша баланың ерлігін сіз қалай бағалайсыз? 5. Бұл ертегінің сіз оқыған ертегілерден өзгешелігі неде? Сұраққа жауап береді.Жауап беру арқылы қызығушылығы артады.
ІV Мағынаны тану.
Жаңа тақырып (20.мин) «Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала бейнесі
1,2- топ оқушылары ертегі арқылы Тазша балаға мінездеме береді. Оның жағымды, жағымсыз жағын анықтайды. 3-4 топ ертегідегі мақал-мәтел, көркем бейнелі ойларды теріп жазады 5- топ Өтірік әңгімеден қандай құндылықтар аңғаруға болады ? (тапқырлық,ақылдылық, шешен,байқампаздық, пайымдық)
Оқушылар Тазша балаға мінездеме береді,мақал-мәтелдерді,құндылықтардытеріп жазады.
Тапсырмалар 1,2-топ «Тазша балаға хат жазу»
3,4-топ «Өтірік өлең құрастыру»
5-топ «Өтірік әңгіме құрастыру» Жеке жұмыс. Тапсырманы орындайды.
V.Қорытынды.
(5 мин) Венн диаграммасы арқылы «Аяз би» ертегісіндегі Жаманның бейнесі мен Тазша бала бейнесін салыстыру Топтық жұмыс.2 бейнені салыстырып ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.
VІ. Үй тапсырмасын беру (2 мин) Өтірік өлеңдер жинақтау . Өтірік өлең құрастырып келу. Үй тапсырмасын түртіп алу.
VIІ. Бағалау (5 мин) Критерийлер бойынша оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Қорытынды баға шығару
VIIІ. Рефлексия
(3 мин ) «Білдім», «Білгім келеді», «Үйренемін» Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазбаша айту.