?ыры? ?тірік ашы? саба? 5 кл


№ 20 жалпы орта мектебі
Ашық сабақ
36195195580«Қырық өтірік» ертегісі
00«Қырық өтірік» ертегісі


Сыныбы: 5 А
Пән мұғалімі: Шорабекова Жансая
Күні: 19.10.16ж.
Сыныбы: 5 «Ә»
Пән аты: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: «Қырық  өтірік» ертегісі
Сабақтың мақсаты: оқушыларды ертегі мазмұнымен  таныстыру, басқа ертегілермен салыстыру. Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Күтілетін нәтиже: оқушылар ертегі мәтінімен танысады, басқа ертегілермен салыстыра отырып, ерекшеліктерін анықтайды. Мәнерлеп оқу дағдыларының дамуына ықпал жасалады, қосымша деректермен танысып, теориялық білімдері кеңейеді.
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Шаттық шеңберін ұйымдастыру, оқушыларды «Жеміс-жидектер» арқылы топқа бөлу. Оқушыларды түгелдеу. Келмеген оқушыларды журналға белгілеу. Назарын сабаққа аудару.
Сабақ кезеңдері Әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білім
«Моншақ» әдісі Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушылардан «Моншақ» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрап, диалогқа түсіремін. Яғни, берілген суреттер арқылы ертегі сюжеттерін ретімен моншақ етіп тізіп шығады.
Үй тапсырмасы «Қырық өтірік» ертегісі «Моншақ» әдісі арқылы берілген суреттер арқылы ертегі сюжеттерін ретімен моншақ етіп тізіп шығады.
Түсіну Жаңа тақырыппен танысу Қиял-ғажайып ертегі мен шыншыл ертегі туралы салыстыра отырып, қысқаша мәлімет беремін. Оқушыларға «Өтірік өлең» ертегісін мәнерлеп кезекпен оқытамын. Өлең мазмұнына ауызша талдау жасатамын. Шыншыл ертегі туралы қысқаша мәліметпен танысады. «Өтірік өлең» ертегісін мәнерлеп кезекпен оқиды. Өлең мазмұнына ауызша талдау жасайды.
Қолдану Оқулықпен жұмыс
Сұрақ-жауап Оқушыларға өтілген тақырыпты негізге ала отырып,оқулықта берілген тапсырмаларды орындатып, сұрақтарға жауап аламын:
Өтірік әңгімеден тұтастай қарағанда қандай құндылықтар аңғаруға болады?
Ертегінің басталуы мен аяқталуында өздерің бұрын оқыған ертегілермен ұқсастық бар ма?
«Қырық өтірік» ертегісін ертегілердің шыншыл түріне қандай сипаты жағынан жатқызуға болады? Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, өз пікірлерімен бөліседі.
Сергіту сәті Болмасаң да, ұқсап бақ... Ой сергіту және көңіл көтеру мақсатында үш топқа бір шумақ өтірік өлең құрастыруды тапсырамын. Өздері қалаған тақырыпта өтірік өлең құрастырады.
Талдау «Т» кестесі Оқушыларға «Т» кестесіне берілген тапсырмалардың ұқсастығын жазуды тапсырамын:
І топ. Аяз би мен Тазша бала
ІІ топ. Қиял ғажайып ертегісі мен шыншыл ертегі
ІІІ топ. Өтірік әңгіме мен өтірік өлең Оқушылар «Т» кестесіне берілген тапсырмалардың ұқсастығын жазады.
Жинақтау Қос бетті күнделік Топтарға өтірік өлең жазылған парақшаларды тарқатып беремін. Оқушылар мәтінді пайдалана отырып, күнделіктің екінші бетіне өлеңнен алған әсерлерімен бөлісіп, пікір білдіреді. Топтарға өтірік өлең жазылған парақшаларды тарқатып беремін. Оқушылар мәтінді пайдалана отырып, күнделіктің екінші бетіне өлеңнен алған әсерлерімен бөлісіп, пікір білдіруі тиіс.
Бағалау Өзін-өзі бағалау
Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату Өзін өзі топпен бағалайды
Үйге тапсырма «Қырық өтірік» мультфильмін тамашалап, кітаптағы нұсқасымен салыстырып келу Үй тапсырмасын орындайды.
Рефлексия Ақ қоржын мен қара шелек Сабақты түсінгендер стикерді ақ қоржынға, түсінбегендер стикерді қара шелекке салуды тапсырамын. Сабақты түсінгендер стикерді ақ қоржынға, түсінбегендер стикерді қара шелекке салады.
Т