Саба? жоспары ?ыры? ?тірік


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ Қырық өтірік
КҮНІ 18.10.16ж МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ Алимбатырова М.Б.
СЫНЫП 5 «Б» ҚАТЫСҚАНДАР ҚАТЫСПАҒАНДАР
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1.Тыңдалым, оқылым бойынша тақырыпты оқып, негізгі ойды түсіне біледі.2.Айтылым дағдысы бойынша мәтінге талдау жасап ол туралы өз пікірлерін айта біледі.3.Жазылым дағдысын қалыптастыруда мәтінге тілдік талдау жасай біледі.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: Әңгіменің мазмұнын аша біледі, мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, ертегілерге қатысты тірек сөздерді меңгереді, тақырып негізінде ой қорытады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырыпты меңгеріп, ол туралы өзіндік ой-пікірін білдіре алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: «Қырық өтірік» атты әңгіменің тууына себепші болған оқиғаны баяндай алады,әңгіме туралы сыни пікір айта біледі.
Тілдік мақсаты Оқушылар орындай алады: Тазша баланың қырық өтірік әңгімесін оқып, бөлімдерге бөле алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:өтірік әңгіме, даналық, тапқыр сөздер,сөздік.
Диолог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: тіл шеберлігі, Тазша баланың бойындағы тапқырлық.
Талқылауға арналған сұрақтар: - Өтірік әңгіме оқиғасының қызық та күлкілі болып шығуының мәні қандай?
Не себепті Тазша баланың әңгімесіне хан бас иді деп ойлайсыз?
Ишара «Мені түсін»стратегиясын қолдану
Алдыңғы оқу: Керқұла атты Кендебай тақырыбы бойынша ойларын қорытындылады, сұрақ-жауап арқылы түсініктерін пайымдады.
«Кіру билеті» стратегиясы бойынша өткен тақырыпқа қатысты сұрақтарды ұсыну, жауап берулері
ЖОСПАР
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы
Білу.Түсіну. Мұғалімнің түсінік қалыптастыруы.Ертегі оқиғасы проза түрінде де, өлең түрінде де болады. «Қырық өтірік» ертегісі – соның бір мысалы. Бұл ертегінің басқа ертегілерден өзгешелігі айтушыдан аса таланттылықты талап етеді. Ертегінің шартының өзі – бір түйір шындық қоспау керек. Сюжетінің тартымды, қызық болатыны да сондықтан. Ал өлең сөзбен баяндауда автор оқиғаны баяндап жеткізумен бірге өлең сөз талабын (ұйқас, ырғақ, т. б.) орындауы қажет. 1.Оқушыларға жаңа сабақ материалын оқу ұсынылады. Кітаппен жұмыс:
2.-Топта талқылау; ойларын айту.-айтылымҚазақ әдебиеті оқулығы
Оқушы
Кумулятивтік әңгіме
Ортасы
Қолдану
Талдау
Әр топқа ертегі бөлімдері беріледі , сол бөлімдер бойынша өз түсінгендерін ортаға салады.Ертегінің мазмұнын сұрау. айтылымДәптермен жұмыс .
Таныс емес сөздерді теріп жазыңдар. (Сөздік жұмысы)
Бүлік- дау-дамай, қақтығыс.
Ділмәр - тілге шешен, сөзге байСүймен - құрал түріКездік – кішкентай пышақАбжылан - үлкен жылан, қан ішер «Аквариумдағы алтын балық» стратегиясы
айтылымЖазылым
«Әдебиет» оқулықтарының мәтіндері бойынша анықтамалық.
Соңы
Жинақтау
Бағалау
Үйге тапсырма
Рефлексия «БББ кестесі
Білемін Білдім Білгім келеді
а) Ертегіні оқу.
ә) Оқиға кейіпкері Тазша балаға мінездеме беру
б)«Егер мен Тазша бала болса…»
шағын әңгіме құрау.
«Екі жұлдыз, бір тілек» «БББ»стратегиясы
САРАЛАУ
Саралау- оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс – денсаулық, қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (Тәрбие элементтері)
Рефлексия
1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
2.Бүгін оқушылар не үйренді?
3.Сабақ қалай өтті?
4.Қандай деңгейде өтті?
5.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
6.Тапсырмалар сәйкес болды ма?
7. Уақытты қалай пайдаландым?
8.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге енгіздім? Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)1:2:Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытумен оқуға қатысты)?
1:2:Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1: 2: