«Мы? бір т?н» сюжеттері негізіндегі ?аза? ертегілері, оны орта мектепте о?ыту диплом ж?мысы


«Мың бір түн» сюжеттері негізіндегі қазақ ертегілері, оны орта мектепте оқыту
Мазмұны:
Кіріспе...............................................................................................................8
1 «Мың бір түнді» аудару және оқып-үйрену тарихы
1. 1 «Мың бір түннің» қазақ және басқа тілдерге аударылу
және зерттелу тарихы.............................................................................13
1. 2 “Мың бір түннің” қиял-ғажайып сюжеттері және олардың қазақ
ертегілеріне ауысуы................................................................................31
2 «Мың бір түн» сюжеттерінің қазақтың дәстүрлі
ертегілерінде кездесуі
2. 1 «Мың бір түн» және қазақтың ертегілік эпостарындағы
новеллистикалық сюжеттерге құрылған ертегілер.............................42
2. 2 Шығарма стилі мен көркемдегіш құралдар .........................................53
3 Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегілерді
пайдаланудың әдіс-тәсілдері
3. 1 Ертегілердің тәрбиелік мәні және оларды оқу-тәрбие процесінде
пайдаланудың мүмкіндіктері....................................................................59
Қорытынды...................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................68
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: “Мың бір түн” ең алдымен араб рухани әлемінің ескерткіші және сонымен қатар араб әлемінде дүниеге келіп, араб тілінде жарық көрумен қатар қазіргі күні әлемдік мәдениеттің бір бөлшегіне айналып отыр. Зерттеушілердің бәрі “Мың бір түннің” күрделі, көпқабатты құбылыс деген ой-тұжырымға келіп тіреледі. Ол түрлі дәуірдегі, түрлі этникалық-әлеуметтік топтардың және идеологиялық орталардың фольклорының және әдебиетінің материалдарын жинақтап жүйелеген шығарма болып табылады. Мұнда Үнді, Иран, Шығыстық Араб, сонымен қатар грек, еврей, түрік т.б. халықтардың мәдениеті және әдет-ғұрпымен байланысты поэтикалық құбылыстарды, кейіпкерлерді, сюжеттер мен желілерді кездестіреміз. Бірақ барлық өзге жерлік, өзге тілдік құндылықтар араб қоғамының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында оның өзіндік эстетикалық заңдылықтарына сүйене отырып, қайта жасалып жаңғырған. [1.282-283]. Өзіндік жүйеленген сипатына сәйкес “Мың бір түн” ешқандай әдеби ескерткішпен салыстыруға келмейді. Ол барлық халықтың жанына жақын әрі түсінікті, әркімдер одан өзіндік ұқсастық, өзіндік дүниетанымына жақын жылылық табады және осы бір нәрсе шығарманың мәңгілік өшпес даңққа бөленуіне себепші болып отыр. Атақты Мысыр жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Таха Хусейн бұл шығармаға мынадай мінездеме береді: “Шығарма тілге жеңіл оқылады, оқырман оны парақтай отырып бір тараудан екінші тарауға өткенде бау-бақшаның әсем бақтарын аралағандай рахат бір ойға шомып отырады және ол осындай таңғажайып керемет дүниені тек “Мың бір түннен ғана ала алады”, - дейді [2. ج] Ал даттың “Мың бір түнді” зерттеген ұлы ғалымы Эструп “Мың бір түнді” жоғары бағалай отырып: “Таураттан кейін арабтың “Мың бір түндей” ертегілік жинағы сияқты әлемге кең таралып, танымал болған еңбек жоқ”, - дейді. Дамушы елдердің көпшілігінде осы кітапты өмірінде бір рет болса да ләззат ала отырып оқымаған және оның ғажайып көрініске бай сюжеттерінен қиялын кеңейтпеген бір де бір адам болмаған. Жер жүзінің ақындары, әр заманның ұрпақтары оның ішінен өзіне қажетті сюжеттер алып, өз шығармаларына арқау еткен және әлі күнге дейін осы таусылмас қазынадан сусындап келеді [3. 1].
Осыған байланысты “Мың бір түннің” қазақ мәдениетінде де көрініс табуы заңды деп айтуға болады. Біріншіден, қазақтар бұл қазынаға шығыстағы мұсылман халқы, Шығыстың бір бөлігі ретінде қараса, екіншіден, қазақ халқының Таяу Шығыспен тікелей және жанама байланыстарының болуынан деп ойлаймыз. Осы мәселеге байланысты академик Б.Г.Ғафуров былай дейді: “Орта Азия және Араб елдерінің байланысы тек экономикалық бағытпен ғана шектеліп қойған жоқ. ҮІІ-ҮІІІ ғасырлар арасында осы халықтар тағдыры араласқаны сонша, олардың бір-бірімен байланысты экономикалық, саяси, мәдени және тілдік өзара әсерлерін елеместен қайсібірінің болса да жеке тарихын алып зерттеу мүмкін емес”[ 4.6].
Қазақ-араб әдеби және фольклорлық байланыстарының тарихы өте тереңде жатыр. Араб әдебиетінің Орта Азия елдеріне елдеріне жақындауы ҮІІ-ҮІІІ ғасырлардан-ақ байқалады. Қазақ ауыз әдебиеті шығармаларына, әсіресе, ертегілері мен дастандарына көбірек енген араб элементтерін тек діни байланыстардың нәтижесі деп қарауға болмайды. Араб-қазақ әдеби және фольклорлық байланыстарының тарихын зерттегенде, ең алдымен, тарихи және әлеуметтік жағдайларды және қазақ және араб мәдениетінің жақындасуын, оған қоса шығыстық сюжеттердің қазақ жеріне ену процесінде үлкен рөл атқарғанын ойға ұстауымыз керек.
Қазақ фольклорында “Мың бір түн” шығармаларымен байланысты бірнеше ертегілер бар. Өйткені бұл атақты жинақтың көптеген хикаялары қазақ қоғамына ертеден танымал болды. Олар қазақ әлеміне түрлі жолдар арқылы, түрлі тілдер арқылы ауысып келіп жатты. Сөйтіп, “Мың бір түн” сюжеттері Шығыстың араб, парсы, үндінің басқа да классикалық эпостарымен қатар қазақ халқының арасында өмір сүре бастады. Қазақ әлемін осындай керемет шығармалармен таныстыруда, оларды қазақ тіліне аударып бастырып шығаруда, олардың сюжеттерін пайдалана отырып жаңа эпикалық дастандар тудыруда ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ақын-жыраулар көп қызмет атқарды [5. 363].
Алғашқыда “Мың бір түн” ертегілері қазақтар арасында қолжазба күйінде таралса, кейіннен баспа бетін көріп, кітаптар тарала бастады. Қазақстанда, барлық Шығыс елдеріндегідей, мысал-ертегілер, пайғамбарлар мен әулиелер жайлы аңыз-әпсаналар мен ата-баба шежірелерін тарату дәстүрі кең таралған. Бұл жазбалар үнді, парсы және араб елдерінде де халықтар арасында ауызша таралып, бірте-бірте ұлттық фольклор құндылықтарына айналған [6. 297-298]. Өткен ғасырда көзі ашық қазақ зиялылары «Мың бір түнді» түпнұсдан да оқи алған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі “Мың бір түннің” қазақ фольклорына әсерін арнайы зерттеу арқылы қазақ және араб халықтары арасындағы әдеби және фольклорлық қарым-қатынастың тарихын, типологиялық ұқсастықтарын анықтау; бұл сюжеттер мен желілердің, кейіпкерлердің өзара селбесу қатынастарын тексеруге мүмкіндік береді, осы бағыттағы әрбір зерттеу жұмысы сюжет құрылуының және олардың ауысуының теориялық мазмұнына өз жаңалығын қосып, сонымен қатар, “Мың бір түннің” әсері негізінде белгілі бір халықтың ұлттық фольклорының пайда болу тарихына қосқан үлесін анықтауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты В.М. Жирмунский: “Исландия мен Ирландиядан Еуропа арқылы Таяу Шығыс пен Орта Азияға соншалықты өзгеріссіз тараған ертегі сюжеттерінің элементтеріне қарай отырып, олардың өзіндік шығу тарихында, пайда болған жері мен орнында, таралу жолдарында және т.б. жағдайларында өзара байланыстың болмауы мүмкін емес”, - дейді.
Ертегілік сюжеттерге арналған арнайы монографиялардың көптігіне қарамастан, сонымен қатар Аарне жүйесі бойынша құрылған ертегілер каталогіндегі қай ертегінің қай елге қатыстылығы әлі де толық анықталмаған. Сюжет вариантылығы мен олардың мәтіндік ұқсастықтары және олардың жағрафиялық таралу айтақтарына және ең бастысы ұлттың өзіндік тұрмыстық жағдайына, әлеуметтік қарым-қатынасына, ұлттық идеологиясындағы өзіндік ерекшеліктеріне байланысты”, - дейді [7. 189].
Қазақ-Араб фольклор мен әдеби байланыстары және қазақ фольклоры мен әдебиетін басқа елдер мәдениетімен өзара байланысын тексеру және жүйелеу қазақ халқының тарихын, психологиясын, мәдениетін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі: Қазақстанға, қазақтың рухани өмірінде және әдебиеті мен фольклорының тарихи тағдырында үлкен рөл атқарып келген Шығыстық ескерткіштер (“Мың бір түн”, “Қалила мен Димна”, “Тотынама”) салыстырмалы-тарихи жағынан осы күнге дейін нақты зерттелмеген. Тек “Мың бір түн” мен қазақ әдебиетінің байланысына арналған монографиялар мен оқулықтарда қысқаша сипаттамалар беріліп отырған. Онда да негізінен “Мың бір түннің” қазақ әдебиетіне қатысы Абайдың шығармалары арқылы және кітаби ақындар шығармашылығы арқылы байланысатыны жайлы анықтамалар беріледі. Ш.С.Сәтпаева: «Қазақтың сөз өнері Шығыс әдебиетімен тығыз байланысты, олар негізінен фольклорда көрініс табады, кейінірек оны кітаби ақындар дамытты”, - дейді.
Қазақ зерттеушілерінің айтуынша “Мың бір түн” ертегілерінің сюжеттері ең алдымен қазақ фольклорына енген. Ал бұл сюжеттер қазақ жеріне қалай енді деген сұраққа бір жақты жауап беру мүмкін емес. Бір ел әдебиеті мұраларының екінші бір ел әдебиетіне енуінің түрлі жолдары бар. Бұл шығарманың түпнұсқада таралуы не аударма арқылы және делдар тілдердің қатысуы арқылы жүзеге асады. [8. 319-337]. Ал бұл шығармалардың қандай жолдармен ауысқанын анықтау қиын; Мәселен «Мың бір түн” Қазақстанда түпнұсқасымен де танымал болған (кейбіреулерде оның түпнұсқалары болып, оны араб тілінде оқи алған) және аудармалары; басқа тілдердегі аудармалары арқылы келуі мүмкін болды, яғни мүмкін болған жолдардың бәрі қатысты деуге болады. Бұл мәселеге қатысты қазақ ғалымдары түрлі пікірлерді келтіреді.
А.Нұрғалиев: “Мың бір түн”, “Қалила мен Димна”, “Тотынама” шығармаларындағы сюжеттер мен кейіпкерлер және т.б. қазақ фольклорына тәжік әдебиеті арқылы енді. Тәжіктер түркі халқымен ертеден тығыз байланыста өмір сүрген” [9. 15].
Сонымен қатар, бұл процестің өзбек және татар әдебиеттері арқылы да енуі мүмкін дейді. Осындай пікірді С.А. Қасқабасов та қолдайды. Қазақтың араб әлемінен хабар алуының бір жолы – дейді Ш.К.Сәтпаева, - ол қасиетті жерлерге қажылыққа бару. Сапарға шыққандар әртүрлі ғылыми және көркем шығармалар әкелетін болған.
Кейбір зерттеушілер ену тарихы жайында төмендегідей болжамдар келтіреді: ІХ-ХҮ ғасырлар Орта Азия, Иран және Солтүстік-Батыс Индия тарихында гуманизмнің гүлденген дәуірі болды. Бұл кезең әл-Фараби, аль-Хорезми, Ибн-Сина, аль-Бируни сияқты ғалым, тарихшы, философтармен Рудаки, Фирдауси, Омар Хаям, Хұсрау Насыр, Саади, Хафиз, Джами, Навои сияқты ақындар есімімен танымал. Арабтық “Мың бір түн”, үнділік “Бес бәйіт” пен “Рамаянадағы” шығыстық сюжеттердің қазақ даласына енуі осы кезеңдерге сәйкес келсе керек. Фольклорлық дәстүр бізге “Атымтай Жомарт”, “Сейфүлмәлік-Бәдіғұлжамал”, “Қамұрұззаман” т.б. дастандарды жеткізген. Халық арасында кеңінен тараған шығыстық шығармалардағы идея, сюжет, желі, кейіпкерлер ерекше бір жанр – дастандардың дүниеге келуіне әсер етті. Олар алғашқыда ел арасында ауызша тараса, кейіннен қолжазбаға айналып, одан соң баспа бетінен біртіндеп басылып шыға бастады [10.7]. Академик М.О.Әуезов қазақ ұлттық ертегілер тарихының реформадан кейінгі кезеңдегі жағдайын суреттей отырып (ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап Ұлы қазан революциясына дейін) “Мың бір түннің қазақ жеріне енуін біршама кейінгі кезеңдерге жылжытады және шығыстық сюжеттердің қазақ фольклорына орыс тілі арқылы да енуі мүмкін дегенді айтады: Бұл ретте татар, башқұрттар айтатын өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз сияқты тілі жақын елдердің көп замандар байланысы көрші елдер арасында қиял-ғажайып ертегілердің кең тарағанын айтады. Осы топқа: “Мың бір түн” ертегілері, “Тотының тоқсан тарауы”, “Бахтиярнаме” атты мол шығармалар… Осы тұрғыдан қарағанда кейбір Шығыс ертегілерінің мысалы: “Мың бір түн”, “Тотының тоқсан тарауы” сияқты ертегілердің үлгілері ең алдымен, орыс тілінде жарық көріп, сосын қазақ тіліне аударылған. Бұл да болса соңғы дәуірлердегі қазақ ортасында айтылып жүрген ертегілердің молаюына , таралуына жүргізілетін зерттеулерді тереңдете түсуді қажет етеді” [8. 248-249].
Біз де “Мың бір түннің” қазақ жеріне ену жолдары мен кезеңдерін анықтап беруді мақсат тұтпаймыз, біз де оны болдай аламыз. Бұл арнайы зерттеу объектісі.
Осылайша біздің қарастырып отырған тақырыбымыз көптеген ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан қаралып, әңгімеленген нәрсе болғанымен, көбіне олар жалпылама және қысқаша мәліметтермен берілген. Бірнеше мақалалар жарық көргенімен, ондағы “Мың бір түн” сюжеттері енген қазақ фольклорының шығармаларына және жекелеген ертегілік эпостарта талдау жасалып, арнайы текстологиялық зерттеулер жүргізілмеген.
Зерттеудің мақсаты: Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - “Мың бір түн” ертегілері сюжеттерінің қазақ ертегілік эпосында мазмұндық көрінісі және берілу дәрежесін айқындау.
Аталған мақсатқа жету жолында мынадай міндеттер алға қойылды:
“Мың бір түн” аудармаларымен таныса отырып, оның қазақ ертегілік эпосына енуін анықтау мақсатында зерттеу;
“Мың бір түннің” қазақ ұлттық ертегілерінде салыстырмалы текстологиялық талдау жасау арқылы сюжеті, желісі, кейіпкерлері мен поэтикалық құбыстарын анықтау, жаңа мәдени ошақтағы олардың сіңісу және трансформациялану дәрежесін анықтау;
Қазақ-араб ертегілеріндегі ұқсастықтар мен ұлттық ерекшеліктерді анықтау;
Ауысқан сюжеттер мен желілер негізінде қазақ ұлттық ертегілерінің жанрлық ерекшеліктерін сипаттау;
Арабтық сюжет, кейіпкер және көркемдік құралдарды салыстыра отырып қазақтың ертегілік дәстүрінің ұлттық ерекшеліктерін айқындау;
“Мың бір түнді” таратуда қазақ фольклорының жетекшілік қызметі мен қазақ аудармашыларының қатыстық дәрежесін ашып көрсету.
Зерттеу көздері: Зерттеу көздеріне “Мың бір түннің” түпнұсқасы, қазақ ұлттық ертегілерінің баспалық және қолжазбалық варианттары. Сонымен қатар, қазақ әдебиеті мен фольклорының антологиялары, өзге түркітектес халықтардың ертегілері, этнография материалдары, архивтік материалдар және қазақ фольклоры бойынша жарық көрген материалдар, Таяу Шығыс фольклоры материалдары.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі ретінде ірі шығыстанушылардың, ТМД фольклортанушыларының және қазақ фольклорын зерттеушілердің көпшілікке танылған еңбектері жатады. Зерттеу жұмысында араб-қазақ сюжеттік варианттарын жүйелік элементтерін салыстырмалы текстологиялық талдау әдістемесі қолданылады және кейіпкер поэтикасы, классификация және жүйелеу әдістері қолданылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: “Мың бір түн” сюжеттері мен желілері қазақтың осы тәрізді сюжеттері мен желілерінде жетілдірілген формалары салыстырылып талдау жасалады. Зерттеуде “Мың бір түннің” қазақ фольклорына қатысы айтыла отырып, осы атақты шығарманың әлем халықтарының рухани мәдениетіне тигізген әсері ашылады.
Зерттеудің теориялық маңызы. “Мың бір түн” қазақ ертегілік эпосында көрініс беруін салыстырмалы түрде терең зерттеу қазақ фольклорының өзімен-өзі томаға тұйық дамымай, басқа елдермен, оның ішінде араб халқының мәдениетімен өзара қарым-қатынаста дамуын зерттеу жұмыстың теориялық маңызын білдіреді. Қазақ халқы өзге елден алып қана қоя салған жоқ, оны шығармашылықпен қайта өңдеп, өз қажетіне жарата білді, сөйтіп рухани әлеуетін байыта түсті.
Қазақ фольклорын құраған қазақ халқы “Мың бір түн” эстетикасының жекелеген элементтерін этностардың бірі ретінде өзіндік ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолдана білді. Әлемдік шығарманың қазақ ертегілік эпосын салыстырмалы зерттеуде халықаралық құндылықтардың қазақ жеріне бөтен еместігін көрсетеді.
Практикалық маңызы: Зерттеудің негізгі бөлімі қазақ әдебиеті мен фольклорынан араб-қазақ фольклорының және әдебиетінің байланысы жайлы зерттеу жұмыстарында, салыстырмалы әдебиеттану, ауыз әдебиеті шығармалары, фольклор теориясы бойынша арнайы курстардақарастыруға және талдама жасауға болады. Фольклорист пен шығыстанушы мамандардың, қазақ-араб халқының мәдениет бастауларының негізгі көзі ретінде, сонымен қатар көпшілік оқырман қауымға, тарихи-мәдени мәселелер бойынша қызығатын оқушыларға арналған.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспе, 4 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1 «Мың бір түнді» аудару және оқып-үйрену тарихы
2 «Мың бір түннің» қазақ және басқа тілдерге аударылу және зерттелу тарихы

Адамзат тарихында ұлттық шеңберден асып, бүкіл халықтың ықыласына бөленген Гомер мен Шекспирдің ұлы шығармалары тәрізді ескерткіштер бар. Осылардың қатарына ұлттық ой-қиялдың керемет туындысы, тарих бойында Інжіл мен Құраннан кейін “шын мәнінде бүкіләлемдік және бүкілхалықтың маңызға ие болған” көпшілікке кең танымал болып, көп оқылған шығарма “Мың бір түн” енеді. [5.12] “Мың бір түн” расында да шығармашылық өнердің ұлы туындысы, бүкіләлемдік әдебиет пен фольклорлық мұраның бір бөлшегі болып табылады. Бұл шығарманы таза фольклорлық туындыға жатқызуға болмас, себебі, ол жазбаша түрде кең таралды, сонымен қатар оны әдеби жанрға да жатқыза алмасымыз мәлім, өйткені оның нақты авторы жоқ. Соңғы дәлелдемені арабтың ғалымдары да мойындайды. /Бұл әңгімелер жинағы баспа бетінде сақталу үшін емес, ауызша айтылып, тыңдаушылардың ықыласына бөлену үшін құрастырылған”, - дейді./
Жинақ орта ғасырда Шығыста, нақтырақ айтқанда араб жұртының кең таралған “ұлттық әдебиетінің” мұрасы болып табылады. Араб классикалық әдебиеті бәрімізге белгілі болғандай көптеген ғасырлар бойы канондық заңның қыспағында болды. Әдебиетте қалыптасқан “жазылмаған заңдарды” қатаң сақтай отырып, тек қана сұлулықты, ұлылықты, теңдессіз кереметтерді ғана суреттеу қабылданған еді. “Джахилия” дәуіріндегі жағдай осылай болатын (исламға дейінгі кезең), кейінірек осы мазмұндағы әдебиетті исламдық кезең мұраға алса, Араб халифатының әлсіреп, сонымен қатар, таза арабтық элементтердің әлсірегеніне дейін шындық өмірге жақын және қарапайым халықтың қажеттілігін өтейтін халықтық әдебиет дүниеге келген жоқ. Бірақ оған қарамастан “Мың бір түнді” халық әдебиетінің ескерткіші ретінде тани отырып, “орта ғасырда жазба әдебиет пен фольклор арасында екеуін ажыратып тұратын алшақтық” болмағанын ұмытпау керек. Сондықтан фольклорлық шығармалар мен әдеби шығармалар тек бейбіт өмір сүріп қана қойған жоқ, олар өзара селбесе отырып, бір-біріне әсер етті.
Сондықтан “Мың бір түнді” фольклорлық-әдеби шығарма деп тануға болады. Шығарманың алғашқы элементтері фолклор болғандықтан кейбір “Мың бір түнді” зерттеуші ғалымдар оны бірінші дәрежелі фольклорлық шығарма деп тани отырып; бұл тек арабтардың емес, сонымен қатар, көптеген Шығыс халықтарының: үнді, парсы, еврейлердің нағыз фольклорлық энциклопедиясы”,- деп таныған. К.Брокельманның айтуынша: “1001 түн” шеңберінде бүкіл Шығыс ертегілерінің сюжеттері жинақталған”. Арабтың біраз ғалымдарының да шешімдері осындай: көптеген әңгіме-хикаялар қаншалықты әдеби болғанымен айналып келгенде өз негізіне – фольклорлық элементке қайта оралады, оған қоса “түндерде” фольклорлық элементтер жеткілікті; және олар барлық уақытта халықтық әсерімен ғасырлар бойы дамып, өзгеріп отырады және оған қосылған әрбір элемент халықтық бояу алып отырады [2. 34].
Бұл шығарма әлемдік әдебиеттің құрылып дамуында үлкен рол атқарды. Әлі күнге дейін оған барлық халық назар аударып, көңіл бөледі және одан мол әсер алады. “Мың бір түн” кинода да, мультфилмде де, театр, опера, балет, би және эстрадалық өнер, шоу-бизнес, көркемдік қойылымдардың бәрінде де көрініс тапқан. Осылайша, Verne ‘Les Mille et une Nuts’ пьесасын қойса, ағылшынның атақты жазушысы Lessing “Аладдин” пьесасын, ал француз Beakmarchais – музыканттарды ұлы шығармаларға жетелейтін “Севильский цирульник” пьесасын; “Мың бір түннің” кейбір желілері Россинидің “Севильский цирульник” операсында, Моцарттың “Фигаро” операсында және “Маруф-башмачник” операларында кездеседі. Батыста “Rovalt in the Harem” (Революция в гореме). Шығыс әдебиетінің маманы Мишель Лютерми айтқандай: Шахерезадаға бір кітап аз болады, ол туралы Римский-Корсаков тамаша симфониялық сюита (1988(, ал Равель –поэма (1903) жазады. Дагилева көмегімен Шахерезада орыс балетін жеңсе (1910), ал 1914 жылы мамырда “Опера комик”, “Маруф, каирский башмачник” спектаклін қояды. Содан кейін сансыз таусылмас Синдбадтар, Аладдиндер және т.б. Шахерезада кейіпкерлерімен кино өнері келеді [15.42]. Оған қоса, Кеңес Одағы кезінде Н.А. Римский-Корсаков музыкасына жазылған “Шахерезада” спектаклі және “Аладдиннің сиқырлы шамы” спектаклі қойылады. Азербайжан композиторы Ф.Амиров “Мың бір түн” балетін қояды. Шахерезада ертегісінің сюжеттері негізінде бірнеше кинофильмдер ( Бағдаттың қулары – АҚШ, 1927; Синдбаттың жетінші сапары – АҚШ, 1958; Аладдиннің сиқырлы шамы – СССР, 1967; Али Баба және қырық қарақшы – СССР, 1982 және т.б.) және көптеген мультипликациялық сериалдар [1. 277].
Харун сарайының патшалық өмірі, гаремдері, құлдық әрекеттері бейнелеу және сурет, скультурада кең көрініс тапты. Құл базарының көрінісін суреттеген Джерома полотносы үлкен атаққа ие. [2.64]. Француз суретшісі Поль Гаверни және атақты француз кітап безендірушісі Гюстав Доре де өздерінің біршама суреттерін “Мың бір түнге арнаған” (Бұл суреттердің фотоиллюстрациясын М. Летюрмидің мақаласынан көре аласыз 15).
Небір ұлы ғалымдар “Мың бір түнді” жоғары бағалады. Мысалы, Пушкиннің балалық кезден Шығыстық ертегілерге, әсіресе, өзі “араб ертегілері – керемет”, - деп бағалаған “Мың бір түн” ертегілеріне ерекше қызыққан. М.Горкий “Академия” баспасынан шыққан “Мың бір түн” ертегісінің алғашқы аудармасына жасаған алғысөзінде: Ауыз әдебиеті ескерткіштерінің ішінде “Шахерезада ертегілері ең керемет шығарма болып табылады. Бұл ертегілер өзінің таңғажайып құрылымымен еңбекші халықтың тәтті қиялдың жетегіне берілуіне, Шығыс халықтары – араб, парсы, үнділердің гүлді қиялының құдіретті күшінің арқасы.Сөз кестесімен туындаған әдемі өрнек өте ертеде дүниеге келіп, оның түрлі-түсті жібек жіптері өзінің сұлу сөзден тоқылған кілемімен бүкіл жер жүзін жауып жатыр”, - дейді [12.6].
Диплом жұмысының толық нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына
(ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне
2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа ақша аударылған түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған диплом жұмысының толық нұсқасы салынады.
(Диплом жұмысы барлық талапқа сай, жоғары сапада дайындалған)
Осы сайттан басқа да диплом жұмыстарын, сабақ жоспарларын, сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!