Т.Молда?алиевті? балалар?а арнал?ан ?ле?деріні? к?ркемдік ерекшелігі ж?не оны орта мектепте о?ыту диплом ж?мысы


Т.Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі
және оны орта мектепте оқыту
Мазмұны:
Кіріспе...............................................................................................................8
1 Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің
басты тақырыптары
1. 1 Өлең болып өрілген ақын өмірі ............................................................13
1. 2 Жасөспірімдерге арналған өлеңдер ......................................................20
1. 3 Табиғат тақырыбына арналған өлеңдер ...............................................29

2 Т.Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің
өзіндік ерекшеліктері
2. 1 Ақын өлеңдерінде кездесетін троптар мен
фигуралардың түрлері.............................................................................32
2. 2 Ақын өлеңдерінің негізгі ерекшеліктері ...........................................37
3 Т.Молдағалиев жырларының тәрбиелік мәні және
оның орта мектепте оқытылуы
3. 1 Т.Молдағалиев жырларының тәрбиелік мәні ......................................46
3. 2 Т.Молдағалиев шығармашылығын орта мектепте
оқыту әдістемесі.....................................................................................52
.

Қорытынды..................................................................................................57
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................60
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ балалар поэзиясының түп-төркіні тереңде жатыр. Сонау ертедегі ауыз әдебиеті үлгілерінің өзіне қарап отырсақ, қазақ халқының бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, небір тамаша ертегілер, тақпақтар мен жаңылтпаштар, жұмбақтар шығарғанын және оны бала санасына үздіксіз сіңіріп отырғанын байқаймыз. Сондықтан да ондай өлмес мұралар мән-маңызын, көркемдік ерекшеліктерін жоғалтпай бүгінгі күнге жетіп отыр.
ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында қазақ балалар әдебиеті, оның ішінде балалар поэзиясы ерекше қарқынмен дамып, жаңа туындылар, тың ізденістер дүниеге келіп, бала жанын тәрбиелеп, ойы мен санасын қалыптастыратын әдеби шығармалар болашақтың бастауы ретінде де, сол өмірдің жаңа жыршысы ретінде де жалпы қазақ поэзиясының дамуын соны бағыттарға жетеледі. Бұл кезеңде қазақ балалар поэзиясы тақырыптық ізденістермен бірге, форма, түр жағынан да түрленіп, олардың ішкі мазмұн үйлесімдерін, балаға әсер ете алу тұстарын керемет шеберлікпен суреттеп, шынайы балалар поэзиясының қабырғасы кеңейіп, бұғанасы қатая бастаған өрелі де, сәтті жылдар болған еді. Бүгінде сол кездегі поэзияның рухымен түлеп ұшқан ақындардың бір шоғыры өздерінің жеке мектептерін қалыптастырып үлгерген, айтар ойы салмақты, жазар тақырыбы алуан түрлі, қаламы берік қаламгерлердің дәстүрлі жалғасы болып отыр. Поэзия әлеміне жаңа келген үміткерлер өздерінің таланттарының, үлкен еңбек пен ізденістерінің нәтижесінде осы саланы дамытуға үлес қосты. Солардың бірі де бірегейі – Т.Молдағалиев.
Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, оның қас-қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны Тұманбай ақынның поэзиясынан танып, көруге болады. Қазақ елінің тәуелсіздік алған кезеңінде Т.Молдағалиев мұрасына бұрынғыдан әлдеқайда басым жаңаша көзқарас қалыптасты, ақын мұраларын танудың жаңа бір кезеңі басталды.
Т.Молдағалиев шығармашылығы өзінің ерекшелігімен жыр сүйер қауымды балалар әлеміне саяхаттатып, жетелеп алып кетеді. Ақынның балалар ойының өрісін кеңейтіп, оны жаңа белеске алып шығуға жасаған еңбегі елеулі. Оның шығармашылығы сол кездегі балалар поэзиясының табиғатын байытып, оны жан-жақты түрлендіре түсті. Суреткердің әр кезеңде балаларға арнап жазған туындыларының көркемдік-эстетикалық табиғатын, жалпы поэтикалық мәселелерін жаңа заманның талаптарына сәйкес және тың әдіснамалар арқылы саралау бүгінгі ғылым сұраныстарынан туындайды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Поэзия әлемінде өзіндік өрнегі бар Тұманбай Молдағалиев қаламынан шыққан әр сөзге үңіле қарасақ, ақынның адам жан дүниесін суреттеудің, оны бар ерекшелігімен сезініп жырлаудың шебері екенін аңғарамыз. Қазақ поэзиясының табиғатын барынша ашып, көркем сөзді дамытушылардың бірі де бірегейі, ол – Тұманбай. Ақын шығармашылығынан адамның ішкі дүниесіне тереңдей еніп, тебірене толғаған лирикалық сипатты молынан кездестіреміз.
Тұманбай дүниетанымы өзі өсіп-өнген жұрттың ауқымынан асып, бүкіл адамзаттық мазмұндағы ойлармен сабақтасып жататындықтан оның поэзия әлеміндегі әрбір сөз қолданысы мен ой образының ерекшеліктері жан-жақты қырынан қарастырылғанымен, балаларға қатысты өлеңдері сошалық ерең зерттелінбеген.
Т.Молдағалиевтің балаларға арнап жазылған өлеңдерінің ерекшеліктерін тану жолында жасаған еңбегіміз үстінде біз де осындай қиындықтарға жолықтық. Әрине бұл табиғи құбылыс. Дегенімен біздің тақырып әлі күнге дейін тың, қалам тартылмаған, бет қабыршағына дық түспеген тақырып болатын. Жұмыстың ерешелігі мен қызықтығы осында болды. Ақынның өмірі, шығармашылық жолы, оның басқа да өлеңдері жайында айтылған пікірлер жеткілікті болғанымен, оның балалар әдебиетіндегі орны туралы материалдар азғантай. Балалар әдебиетінің соңғы кездерде көзден тасалау, елеусіздеу қалып келе жатқандығынан болса керек деп ойлаймыз. Жеке пікірлер айтылса айтылып та жүрген болар. Ал жүйелі еңбек етіп ескіні жаңартып, сол кездегі көзқарастарға өзгертулер енгізіп жеке кітап етіп шығарған қазіргі балалар әдебиеті мен оның өкілдері, олардың әдебиетке енгізіп жатқан ерекшеліктерімен немесе өзіндік таңбалары жөнінде жазып жүрген ешқандай ғалым ағаларымызды не әпкелерімізді кездестірмедік. Сондықтан да біздің жұмысымыз өзімізге аздап қиындық туғызады. Жұмысымызға арқау еткеніміз ақынның балаларға арнап жазған өлеңдері болды.
Тақырып тың болғандықтан оның айтар пікірі де көп болуы табиғи құбылыс. Біз оның жолында барымызды салдық. Диплом жұмысын үш тараудан құрап, бірінші тарауда ақынның балалар әдебиетіндегі орны, оның өлеңдерінің негізгі тақырыптары және сюжеттік желісін қарастыра отырып, көркемдік ерекшеліктері мен өлең құрылысына мән бердік. Ондағы мақсатымыз ақын өлеңдерінің тақырыптық жақтан талдап сюжет құрылымдағы, тілдік қорындағы ерекшеліктерді танытып, көркем сөзге деген шеберлігімен жете таныстыру болды. Яғни, ақын ұстанған бағыттың бетін ашып көрсету болды деп айтсақ та болады.
Екінші тарау – әдебилігінен гөрі, ғылымилылығы басым тарау. Онда біз ақын өлеңдерінің құрылымдық жүйесіне, оның өз өлеңдерінде көркемдік тәсілді қалай және қай дәрежеде пайдаланғанын, көркемдік тәсілдердің қайсысы ақын өлеңдерінен көп кездескенін және не үшін олай қолданылғанына өз пікірімізді айтуға тырыстық. Бұл оның поэтикасын айтуда жасалынған жұмыс. Екінші тарауда ақынның өлеңдерін өзімен үзеңгілес, дәуірлес үндес ақындар және балалар әдебиетінің өкілдерімен салыстыра отырып қарастырдық. Ол ақынның өлеңдерінің өзіне тән ерекшеліктерін, жалпыға тән бірлігін көрсету мақсатында жүргізіледі. Бұнда да біз тың әрі айтылмаған ойларға баруға тырыстық.
Үшінші тарауда Т.Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің орта мектепте өтілу мәселесі жіне онда қолданылатын қазіргі әдіс-тәсілдер тиімділігі сөз болады.
Қорытынды бөлімінде диплом жұмысының жалпы мақсатының орындалу барысындағы өзгешеліктер, кездескен қиындықтар мен жалпы тараулардағы айтылған ойлар қорытынды жасадық. Бұл тың тақырып жөнінде балалар әдебиетіндегі алатын орны, оны дамытудағы негізгі қажеттіліктер өзіміздің пікірлеріміз бен ұсыныстарымызды ортаға салдық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ балалар әдебиеті әр жылдардың белеңінде жаңа зерттеулермен толығып отырғаны белгілі. Бұл әдебиеттің жанды процесс екенін көрсетсе, екіншіден әдебиет өкілдерінің осы саладағы тың ізденістері мен ерен еңбектерін паш етеді. Әр кезеңдерде балалар поэзиясын зерттеуге үлес қосқан ғалымдар, ақын-жазушылар, сыншылар бұл саланың қырларын соны ізденістермен, ғылыми-зерттеу еңбектерімен байытып келді. Бұл күнде сол мұра балалар поэзиясының дамуына ерекше ықпал жасап отырғанын атап өту шарт.
Әр кезеңде балалар әдебиетінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы жолындағы Ы.Алтынсарин “Қазақ хрестоматиясы” (1879 ж.), М.Дулатов “ Қирағай”, “Балаларға тарту” (1927ж.), І.Жансүгіров  “Ел өтірігі”, Х.Досмұхамедов  “Қазақ халқының әдебиеті”  зерттеулері. Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаиылов, Х.Бекхожин, М.Ғабдуллин, Ш.Ахметов, Б.Г.Ерзагович, Б.Уахатов, Қ.Ергөбеков, Б.Ыбраимов, Қ.Ісләмжанұлы  т.б. жазушылар мен әдебиеттанушы-ғалымдар балалар әдебиетіне назар аударып, жан-жақты зерттелуіне үлес қосты. Зерттеу еңбегімізде нысана етіп алып отырған осы  және Т.Молдағалиев туралы әр жылдары жарық көрген баспа материалдары.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты – қазақ балалар поэзиясының көрнекті өкілі Т.Молдағалиев шығармашылығын зерттей отырып, оған жан-жақты талдау жасау. Сондай-ақ ақынның қазақ балалар әдебиетіндегі орнын айқындау, шығармаларын тақырыптық тұрғыдан жүйелеу, көркемдік-эстетикалық ерекшелігін, авторлық қолтаңбасын, ақындық шеберлігін анықтау. Негізгі мақсатты орындау үшін дипломдық жұмыста мынандай басты міндеттерді шешу алға қойылды.
- Зерттеуде Тұманбай Молдағалиев шығармашылық өмірінің негізгі кезеңдеріне тоқталу;
- Тұманбай шығармаларында мол көрініс табатын шеберлік тұғыры – тіл тазалығына, ой саралылығына, тебіреніс тереңдігіне көңіл бөліп, ұлттық тіл байлығын құбылтуы, қолданудағы көркемдік бейнелеу ерекшеліктеріне назар аудару;
- Балалар поэзиясына қойылатын көркемдік талаптарды ойға ала отырып, ақынның жеткен жетістіктерін саралау;
- Ақынның балаларға арналған әдеби мұрасын талдап, көркемдік мәнін, мазмұндық тұстарын жан-жақты ашу.
- Т.Молдағалиев шығармашыларының ұлттық рухын айқындау, тәрбиелік мәнін ашу.
- Қазіргі орта мектептерде ақын шығармаларының өтілу үлгісімен таныстыру.
Зерттеу тәсілдері. Зерттеу жұмысын жазу барысында алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін ақынның балаларға арналған өлеңдеріндегі көркемдік жүйелерге, ұлттық белгілерге, образдардың сұрыпталу ерекшелігі мен сомдалу дәрежесіне үңіліп, көтерілген идеялардың мәнділігіне назар аударылып, кешенді әдеби талдау әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Дипломдық зерттеу жұмысын жазуда әдебиетттану ғылымындағы осы зерттеудің тақырыбына қатысы бар отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-теориялық талдаулары, тұжырымдары басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Тұманбай Молдағалиев шығармашылығындағы балаларға арналған бөлігі түгелге дейін дербес зерттелмеген. Зерттелсе де белгілі ортақ тақырыптардың аясында, не әлденеше авторлардың айналасында қарастырылатын. Бұл жолғы зерттеу арнайы әрі нысанды мақсатта жүргізілді. Сондықтан дипломның ғылыми жаңалығы көтерілген тақырыптың мәнділігімен, көкейкестілігімен айқындалады.
- Тұманбай шығармашылығының сүйенген үш тағаны, байланған үш қазығы бар. Оның біріншісі – ақынның әрқашан да жанымен ақтарылып айтқан бүкпесіз де қарапайым сыршылдығы. Екіншісі – асқақтық яғни өмірді сындарлы санамен екшеп, елеп парасатты пайым жасап, күрделі қорытындылар шығаратын сыншылдық көркемдеу жүйесі. Үшіншісі азаматтығы – қоғамдық әлеуметтік мәселелерді, күллі тыныс-тіршілікті өлеңіне арқау еткен ақын кемелдігі дәлелденеді.
- Еңбекте Тұманбай шығармаларындағы ұлттық айшықтар кең ауқымда, алдыңғы толқындармен ұштастырыла, кейінгі буындармен сабақтастырыла, ұлттық идея мен идеология негізінде, өмірмен өзектестіріле қарастырылады.
- Тақырып аясында көркемдік ой-санаға қозғау салып, ұлттық рухтың оянуы мен терең тамырлануына жетелеуде әдебиеттің орны Тұманбай поэзиясы мысалында ғылыми тұрғыдан тұжырымдалады.
- Көркемдік – поэзия үшін жырдың сұлулығы, әсем нақышты сүйкімділігі, адам болмысын билер әсерлілігі. Жүйе – бір қалыпқа түскен арна, тоғыз ағыстың тоғысуы. Т.Молдағалиев поэзиясының көркемдік жүйесі біршама саралынып көрсетілді.
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік мәні: Жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары орта мектептерге, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар жазуда, хрестоматиялар құрастыруда, бағдарламалар жасауда, сондай-ақ қазақ әдебиеті бойынша арнаулы курстар мен семинарлар жүргізуде, қазақ халқының тарихына, мәдениеті мен өнеріне қатысты зерттеулерде ғылыми мағлұматтар беруге көмектесері анық.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Диссертация кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
1 Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің басты тақырыптары
1. 1 Өлең болып өрілген ақын өмірі

Балалық кез – әрбір адамзат ғұмырының ұмытылмас естен кетпес кезеңінің бірі. Өмірінің балалық балдәурен кезі қандай болмасын, мейлі ол қиындық пен қасіретке толы болсын, мейлі қуаныш пен еркеліктің құшағында өтсін, ол бәрібір адам өмірінің ұмытылмас та тәтті кезеңі болып қала бермек. Әрбір адам жасы есейе келе өткен күндерін, сол бір балалық шағы, бала болып ойнаған кездерін есіне ала отырып толғанысып: сағынышты ыстық леппен айтары сөзсіз.
Қазіргі қазақ балалар поэзиясы – кең тынысты поэзия. Бала сезіміне, оның ой өрісіне ыңғайлай отырып, бүгін ол біздің бай қоғамдық және азаматтық өміріміздің барлық мәселелелерін поэзия тілімен әңгімелеуге көтерілді. Оның таырыптық байлығын айтқанда, алдымен еске түсетіні осы. Поэзия тек баланың дүниетану мөлшерін кеңейту ғана емес, өмірдегі жақсы-жаман әрекеттің бәріне де бала сезімін ортақ етеді, оны ойлантады, шешім қабылдауға үйретеді. Мұның бәрі бала бойында адамгершілік сезімді оятуға, оларды ерлік пен ізгі мінезге тәрбиелеуге қызмет етеді.
Бұл күнде білім іздеп, білгенін үстемелеуші қаламгер ғана табиғи талантын қырнап, ұштайды, тапқырлықтың жаңа жолдарын, тың тәсілдерін таба алады. Жанрдың ішкі мүмкіншіліктерін игере отырып, балалар поэзиясының кемелденуіне едәуір үлес қосқан ақын Т.Молдағалиевтің қазақ әдебиетінің көркейіп, гүлденуінде өзіндік орны бар. Оның өлеңдері ой-пікір анықтылығы, жинақылығы, тапқырлығы, бала сезіміне әсер етер сөз ойнақылығы жағынан әсерлі келеді.
Поэзия – сөз өнері. Поэзия арқылы қаламгер әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарды бейнелеп көрсете алады. Оны жанды көрініске айналдыра алады. Ол айналамыздағы дүниені, өмірді танып-білудің күшті құралы, біздің қоғамдық ой-санамыздың, көркемдік-эстетикалық сезіміміздің үлкен өнімді саласы. Сөз қолдану шеберлігі, көркемдік шеберлік дегеніміз – өмір құбылыстарын танып-білу, ұғып-түсіну қабілетімен көркем ой-сезім қуаттылығымен терең тамырланып, қабысып жататындығында.
Поэзияда тек тіл, сөз ғана емес, ой да көркем, бейнелі. Өлең тіліне көркемдік қуат дарытатын, сипат, өң беретін сол ой-сезім тереңдігі, өткірлігі, әсерлілігі.
Өлеңге, өлеңмен жазылған шығармадағы әрбір суретке, әрбір сөзге поэзиялық сәулет, поэзиялық нәр, көрік беретін нәрсе – ақындық ой-сезімнің таңдауы, талғауы, көркемділігі.
Ғасырлар қойнауынан жол тартқан бай тарихы, сан-салалы дәстүрі, алуан стильдік тармағы бар әдебиеттің даму жолына тыңнан соқпақ қосу – кез-келген қаламгердің қолынан келе бермейтіні белгілі. Әр ақын сөз өнеріне айтарлықтай жаңалық алып келе бермеуі мүмкін. Ақын өз шығармалары арқылы танылып, кейінгі әдебиетке үлгі боларлықтай дәрежеде болса, ұлттық болмысты таныта алса ғана рухани қазынаға қосылған өміршең жаңалық болмақ.
Қазақ балалар әдебиетінен өз орнын алып, жалпы әдебиет деген «қазына аралында» ғасырдан-ғасырға жететін байлық қалдырып отырған көрнекті ақынымыз Тұманбай Молдағалиев те балалық шақ, оның қызығы жайлы, қала берсе балаларға тәрбие берерлік көптеген өлеңдер жазды. Сол өлеңдері жинақ болып, балалардың сүйікті кітаптарына айналып, жарты ғасырдай олармен бірге өмір сүріп келеді. Бұдан кейін де өмір сүре бермек. Оның басты себебі, ақынның түсінікті де жеңіл тілі, адам психологиясын жете түсінуі, балаларды үлкен адамдарша елеп, олармен тез тіл табысып кетуінде сияқты. Себебі ол да бала болды. Артықшылығы, өсе келе жұртына танымал ақын болып жетілді. Оның өмірі туралы деректері көбінесе мынадай болып келеді
Ақынның осы қысқаша өмір хронологиясына мән берсеңіз, балаларға жақын жүргенін аңғару соқырға таяқ ұстанқандай-ақ белгілі болып отырады. Ол алғаш жұмысын сол кездегі балалардың сүйікті журналы «Пионерден» бастайды. Кейінен бүлдіршіндердің сүйіктісі «Балдырғанда» жауапты хатшы міндетін атқарады.
Тұманбай Молдағалиев – 1935 жылы 20-наурызда Алматы облысы, Еңбекші-қазақ ауданы, “Жарсу” совхозында дүниеге келді. Тұманбай Молдағалиев – сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның халық жазушысы.
1973 жылдан “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен “Жалын”-ның бас редакторы болып істеді.
Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты. 1954 жылы Т.Молдағалиевтің тұңғыш өлеңі “Украина қызына” жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы “Студент дәптері” 1957 жылы жарық көрді. Т.Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды. 1960 ж. ”Кәмила”, 1961 ж. ”Көктем таңы” , 1963 ж. ”Алатау қызы”, 1964 ж. ”Ферюза туралы жыр”, 1965 ж. ”Зулайды күндер”, 1966 ж. ”Жүрегім менің сапарда” т. б. жинақтары шықты. 1967 жылы жарық көрген “Жаңа дәптер” атты кітабы үшін 1968 жылы ”Қазақстан комсомолы” сыйлығының лауреаты атанды. “Ескерткіш” (1969), “Шақырады жаз мені” (1970), “Жүрек ояу қашанда” (1972) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді. Оның “Қош, көктем” атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971), “Хаттар” атты поэмалар жинағы (1974) жарық көрді. Т.Молдағалиевтің орыс тілінде “Я — сын Семиречья” (1962), “Первая встреча” (1968), “Новая тетрадь” (1969) атты өлеңдер жинақтары шықты.
Т.Молдағалиев көптеген ән мәтіндерін жазды. Оның “Құстар қайтып барады” (музыкасы Н.Тілендиевтікі), “Бақыт құшағында”, “Әнім сен едің” (музыкасы Ш. Қалдаяковтікі), “Ертіс вальсі” (музыкасы Жамақаевтікі), “Шақырады көктем” (муз. Ә.Бейсеуовтікі) атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең тараған. Ол Байрон, М.Ю.Лермонтов, Т.Г.Шевченко, Туманян, С.Канутикян, Ғ.Ғұлам, Х.Ғұлам, Р.Ғамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д.Жалсараев және т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Ақынның 1990 жылы 13 томдық шығармалар жинағы, 2004 жылы 14 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. 1992 жылы оған Физули атындағы Халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды. Тұманбай Молдағалиев шығармашылығының ең басты ерекшелігі – оның өлеңдері сезімге толы.
Ол поэзияға келген кездерден-ақ балаларға арналған көптеген өлеңдердің авторы болып саналады. Өзі туралы «Менің есімім» [2, 25-б.] деген өлеңінде былай дейді.
Бір, бұйырмаған бір бала,
Жатыпты өтіп өмір – нала, жыл нала.
Қабағына бұрым орнапты әкемнің,
Құдайына жалыныпты мұңлы ана.
Жалыныпты: «Жалғыз шырақ бер!» – депті,
Күңің болып күн кешейін мен, – депті.
Біреу емес көріпті анам бес шырақ,
Бәрін бірақ әкем ерте жерлепті, –
дейді де, өзінің анасының тағдырын айта келіп, екі адамның оны калай күткенін анасының дәрменсіз жағдайы мен әкесінің қайғысын, өзінің алдыңғы туылған бауырларының жасқа толмай суық тиіп, көз тиіп өмірден өтіп кете бергендігін айтады. Онан соң:
Тағы анам зар қылыпты құдайға,
Бақытым аз сорлымын ғой былай да.
Ғұмырлы ғып бір перзент бер және
Ұқсамай-ақ қойса қойсын түрі айға –
Диплом жұмысының толық нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына
(ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне
2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа ақша аударылған түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған диплом жұмысының толық нұсқасы салынады.
(Диплом жұмысы барлық талапқа сай, жоғары сапада дайындалған)
Осы сайттан басқа да диплом жұмыстарын, сабақ жоспарларын, сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!