?аза?ты? ?лы т?л?алары


Қазақтың ұлы тұлғалары
Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ халқының тарихында өшпестей орын алған қазақ зиялылары туралы мағлұматтар беру, олардың есімдерін қастерлеп, құрметтеуге, Отаншылдық сезімге, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақтың ұлы тұлғаларының портреттері, нақыл сөздер.
Тәрбие сағатының барысы:
Кіріспе (мұғалім сөзі)
Өткен 20 ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалды. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды.
Өркениетті қоғамға қадам басқан еліміз үшін ел басынан өткен ауыр нәубет жылдардың оқиғаларынан сабақ алу - өте қажетті іс.
Бүгінгі сынып сағатымыздың мақсаты сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру, ұлы есімдерді ұмытпау, оларды мәңгі құрметтеп өту.
Тарих парақтары
1 Жүргізуші:
Өлкелік басшылыққа келген Ф.Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен Қазақстанда «жаңа революция» жасамақшы болды.
Наразы болған Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, С.Сейфуллин т.б. ұлы зиялыларын «ұлтшыл» деп айыптап, қуғынға ұшыратты.
2 Жүргізуші:
Жер-жерде кедейлер мен орта шаруаларды орынсыз соттау, шаруалардың малын жөнсіз кәмпескелеу, меншік құқығынан айыру, тұрақты тұратын жерінен күштеп көшіру орын алды.
1 Жүргізуші:
Республикадағы 6,2 млн тұрғынның 1931-1933 жылдары аштықтан 2,1млн қырылды, оның ішінде келімсек халықтың 0,4 млн адам шығыны болды.
2 Жүргізуші:
1937-1938 жылдарда террор жаппай санат алды. Бұл жылдары кеңес өкметін орнату мен нығайтуға қатысқан «Алаш» партиясының көрнекті қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы жазаға ұшырап, «халық жауы» деп қудаланды.
1 Жүргізуші:
Жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушылар Ш.Құдайбердіұлы, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М.Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді.
Портреттер сөйлейді (слайд арқылы ұлы тұлғалар сөзі)
Ә.Бөкейханов
А.Байтұрсынұлы
М.Дулатұлы
Ш.Құдайбердіұлы
М.Жұмабаев
С.Сейфуллин
І.Жансүгіров
Б.Майлин
1 Жүргізуші:
Қазақстанда 101 мың адам репрессияға ұшырады, қазір олардың бәрі ақталды.
Енді бізге қайта оралды заңғарлар
Сталиндік тозақтарда жанғандар
Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер
Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар
2 Жүргізуші:
Өзіңдікі елің де, өзіңдікі жерің де
Өзіңді өзің еткен бақ
Тәуелсіздік төрінде
Өзіңдікі туың да, от пен ауа суың да
Жаса, Қазақстаным, белді бекем буын да!
1 Жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын тәуелсіздік
Ғасырдың тойы болшы келе берер
2 Жүргізуші:
Тәуелсіз ел Қазақстан тұғырым
Жарқыратқан нұрлы өмір шырағым
Көк байрағым еркіндікті паш етіп
Қыран қанат көкке самғар жыр әнім
«Атамекен» әні орындалады.