?аза? ?дебиеті А.Байт?рсын?лыны? ?ле?деріні? ?зекті ойы (7 класс)


Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынұлының өлеңдерінің өзекті ойы.
Мысалдарының тәрбиелік мәні.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың А.Байтұрсынұлы туралы білімдерін толықтыру. Аудармаларына тоқталу,мысалдары туралы түсінік беру.
Тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге баулу. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Жағымды мінездерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап,мәнерлеп оқу,мазмұнын ашу.
Пәнаралық байланыс:орыс әдебиеті.өзін өзі тану.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу,қатыстарын түгелдеу.Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.
II.Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша балаларға бірнеше сұрақтар қоямын.
а\А.Байтұрсынұлы қай жерде дүниеге келді?
ә\ Оның қандай шығармаларын бәлесіңдер?
б\ «Ақын ініме»өлеңінің мазмұны?
III. Жаңа сабақ:
А.Байтұрсынұлының өлеңдерімен таныстыру,мазмұнын ашу.Оқушылар зейінін ақынның аудармаларына аудару.Тақтаға тірек сызба сызып,сол арқылы түсіндіру.Оқулықтағы материалдармен жұмыс жасау.
«Екі шыбын»мысал өлеңін оқып,жұмыс дәптерге осы өлеңге лексикалық талдау жасау:
Мұрынын көкке көтеру-
Біреудің шылауында жүру-
Өз әддін өзі білген адам-
Мысалда берілген шыбын туралы өз ойларын білдіру.Мысалдың мысал жанрна жататынын кесте арқылы дәлелдеу.
Шыбын қандай жәндік?Ақын оны қалай сипттаған?
Тапсырманы жұмыс дәптерге жазбаша орындайды .
IV. Сабақты бекіту:Тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қою.
а\ мысалда қандай мінезді адамдар сипатталады?
ә\Ақын өлеңдерінің өзекті ойы не?
б\ өмірден қандай мысалдар келтіруге болады?
V. Қорытынды,бағалау: сұрақтарға атсалысып жауап беріп отырған оқушылар білімі бағаланады.
VI. Үй тапсырмасы:хрестоматия оқулығындағы ақын мысалдарын оқып,өздеріне ұнағанын жаттап келу.
VII. Рефлексия кезеңі: Алған әсерлері туралы ой бөлісу.