Саба?ты? та?ырыбы: «А??улар ?йы?та?анда»поэмасыны? негізгі идеясы мен к?ркемдік ерекшелігі


Қазақ әдебиеті 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Аққулар ұйықтағанда»поэмасының негізгі идеясы мен
көркемдік ерекшелігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Ақын өміріне қысқаша шолу,поэмасына СКТ жасай отырып,ақын өлеңінің көтерген тақырыбын, негізгі идеясын,мақсатын ұғындыру.
Дамытушылығы:Мәтінмен жұмыс барысында аққудың киелі құс екенін таныту үстінде тіркес боларлық ой түйініне,көркем тіркеске мән бере отырып,оқушының өзіндік ойына,шығармашылық қабілетінің дамуына көңіл бөлу.
Тәрбиелілігі:Оқушыларға поэзияны сүйе отырып,сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттеріне тәрбиелеу.Табиғатты аялауға,қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,талдау,ой жинақтау,СКТ.
Сабақтың көрнекілігі:Оқулық,слаид-шоу,интерактитік тақта
Пәнаралық байланыс:Табиғаттану,ән
Сабақтың жүрісі:1Сәлемдесу
2 Қатысын тексеру
3 Оқушылардың құралдарын ретке келтіріп,оқушы зейінін сабаққа аудару
4 Үй тапсырмасын сұрау
М.Мақатаев өмірі мен шығармашылығы және «Аққулар ұйықтағанда»поэмасының мазмұнын айту,үзінді жаттау
Үй тапсырмасын топтастыру әдісі бойынша қорытындылау
1М.Мақатаев кім?
2 Жинақтары
3 Ақын өлеңдеріне жазылған әндер
-Жақсы,оқушылар поэманың өн бойынан қандай құстың бейнесі суреттеледі?
-Аққу
-Ендеше Н.Тілендиев атамыздың «Аққу» күйін тыңдай отыру арқылы ары қарай сабағымызды жалғастырамыз.
Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?
(Сұлулық,зұлымдық,махаббат)
Сұлулықты неден көреміз?
Сұлулық дегеніміз не болды?
Оқушылар өз ойын айтады.
Сұлулыққа қарама-қарсы бұл шығармада зұлымдықта бар.Зұлымдық дегенімізді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар жауап береді.
Бұл поэманың сюжеті не туралы?
Поэманың тіліне талдау жасап көрейік.3топқа сұрақтар беремін.Оқулықпен жұмыс жасау арқылы осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
Енді келесі тапсырмамыз әр топ өз тобының атына байланысты ассосациялық сөздерді табады.
Аққу,табиғат,ана
Бекіту:Бүгінгі сабағымызды СКТ арқылы бекітеміз.(Сызба арқылы талдайды)
Енді әр топ:
1-топ Аққудың әсемдігі
2-топ Табиғат сұлулығы
3-топ Ананың махаббаты
Осы берілген тақырыптар тақырыптар бойынша 5минут өз ойларыңызды
жазып шықсаңыздар.
Қорытынды:Сабағымызды қорыта келе «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,өлмейтұғын артынан із қалдырған»деп Абай атамыз айтқандай,Мұқағали өлген жоқ,ол бізбен мәңгілік бірге,жырлары да мәңгілік жасай бермек.Ендеше,оқушылар,біздің бүгінгі сабағымыз осымен аяқталмайды,әлі де болса өлеңдерін оқи отыра талдаймыз.Біздің халықта «Өлі риза болмай,тірі байымайды»деген сөз бар.Біз бүгін Мұқағали ағаны еске түсірдік.
Нағыз тума таланттың екі өмірі бар.Бірі-шектеулі өмір,екіншісі-мәңгілік өмір.Мұқағали шектеулі өмірінің күні батқанымен,оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып,күні шықты.Мұқағали өмірде көп қиыншылық көрді,жалғыздықтан жапа шекті.Ақынның ой айтудағы өткірлігі,батылдығы,біздерге өнеге,тәлім-тәрбие,сабақ берері сөзсіз.
Иә,өлең өлмейді.М.Мақатаевта көз жұмған жоқ.Олай болса бүгінгі сабағымызды М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнімен аяқтаймыз.
Үйге тапсырма: «Аққу немесе ақын» еркін шығарма жазып келу немесе өлең жазып келу.
«Кейпкерге хат»әдісі бойынша Анаға хат жазу арқылы өз көзқарасын білдіру.
Бағалау:Сабаққа жауап берген оқушыларды бағалау.