Ата-аналар жиналысы Бала т?рбиесі-барша?а орта?


26. 01. 2017 ж Түрі: Ата-аналар жиналысы Тақырыбы: Бала тәрбиесі-баршамызға ортақ Коуч: С. Мирманова
А. Меделова
Мақсаты: Бала тәрбиесіне баса назар аудара отырып, елімізде болып жатқан оқушы, ата-ана, мұғалім арасындағы жағдаяттардан шығу жолын қарастыру.
Күтілетін нәтиже: Бала тәрбиесіне қатысты түйінді мәселелер жөнінде пікір алысып, қорытынды пікір жасайды. Еліміздегі мектеп, ата-ана, оқушы арасындағы жағдаяттардың алдын алу жағын қарастырып, шешімін табады.
Кезеңдер Коуч әрекеті Ата-аналар Ресурс
Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері
2.Танысу
3. Топтасу 1. Шаттық шеңберіне тұрғызу
Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.
2.Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.
3. Топтасу: «Аталар айтқан асыл сөз»  (сөздер жазылған қималарды біріктіріп,  мақал мәтелдерді табу арқылы топқа бөлінеді).
 
Шаттық шеңберіне дөңгеленіп тұрады:
Дөңгеленіп тұрайықКерегені құрайық.Уықтар боп иіліп,Шаңыраққа киіліпКиіз үйді құрайық.
Ата-аналар өз есімдерінің алдына сын есім қойып өздерін таныстырып шығады. «Аталар айтқан асыл сөз»  (сөздер жазылған қималарды біріктіріп,  мақал мәтелдерді табу арқылы топқа бөлінеді).
І тапсырма: Мақал-мәтел мәнін түсіндіру.
І -  топ:   Ата – асқар тау,  ана – бауырындағы бұлақ,
бала - жағасындағы құрақ.
ІІ – топ:  Біреу әкеге      тартып туады,
Біреу әкеден       артып туады.
ІІІ – топ: Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер,
                Он бес жасқа дейін құлдай жұмса,
                Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас.
ІV топ.Қарағайға қарап тал өседі, жанұяяға қарап бала өседі. Стикер,
Түсті қағаздарға жазыл
ған қанатты сөздер
Кіріспе сөз: Коуч кіріспесі: Қай елде , қай кезде болмасын , бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушыда – балалар, яғни бүгінгі ұрпақ ертеңгі елдің болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады Ата-аналар тыңдайды, негізгі мақсатты түсінеді.
Негізгі мақсат:и Бала тәрбиесі Ой қозғау:
«Өзіңді-өзің танысаң — істің басы»
Бала кім?
Бала туралы өз пікірлерін қорғайды.
1-топқа: Отбасында ата-ана ретінде өз балаңыздың бойында қандай құндылықтар басым болғанын қалайсыз?
2-топқа: Бала тәрбиесі үшін отбасының жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым деп ойлайсыз ба?
3-топқа:Балаңыздың қандай жағымсыз қылықтан аулақ болғанын қалар едіңіз?
4-топқа: Балаңыздың қандай игі істерін мадақтап, үлгі етесіз? Постер
«Отбасы-тәрбиенің ұясы».
Бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын тірек-сызба, сурет арқылы қорғап шығады.
.
1-топқа: Бала жақсы білімді болу үшін ата-аналардың міндеті қандай болу керек?(------
2-топқа:Сіздің балаңыз сырт көзге жақсы, оқу үлгерімі де жақсы. Бір күні сынып жетекші сіздің балаңыздың екі күннен бері сабаққа келмегенін айтты. Сіздің әрекетіңіз. (------------
3-топқа:Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз? (Рөлдік ойын)
4-топқа:Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз?(----------- Рөлдік ойынға қажетті заттар
Бейнеролик «Мектеп өмірі» бейнежазбаны көрсетіледі Бейнероликті көреді, оқушы әрекеті мен мұғалім әрекетіне сараптама жасайды, тығырықтан шығу жолы қандай деген сұраққа жауап табады. Интер
тақта
«Сіз үшін ең қымбат…»
тренинг
Мен үшін ең қымбат…
Мен үшін ең бағалы…
Мен үшін ең сыйлы…
Мен үшін ең маңызды…
Мен үшін ең қымбат…
Мен үшін ең бағалы…
Мен үшін ең сыйлы ..
Мен үшін ең маңызды ..
Сөйлемді аяқтайды
Маркер, тақта
«Сөйлемді аяқтаңыз»
топтық жұмыс
Әр топқасөйлемді аяқтауды ұсынады.топтық жұмыс
І топ.1. Егер баланы үнемі сынап отырса…(оқуға құлқы болмайды).2. Балаға үнемі күлсе…(бұйығы болып өседі).ІІ топ 1.Баланы қолдап отырса…(өз қадірі үшін оқиды).2. Бала кекшілдікте өссе…(ол қатыгез болып өседі).
ІІІ топ1.. Бала адалдықта өссе…(адал болып жетіледі).
2.Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе…(бұл әлемнен махаббат табуғаүйретеді)
ІV топ
1. Бала төзімділікте өссе…(адал болып жетіледі).2. Бала қауіпсіз жағдайда өссе…(ол адамға сеніммен қарайды).
Парақ
шалар
Қорытынды: Қай елде , қай кезде болмасын , бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушыда – балалар, яғни бүгінгі ұрпақ ертеңгі елдің болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады
Қателігін түсіне білетін,
Дұрыс жүріп ,күтіне білетін,
Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,
Білімді жинап, дүниені шолатындай
Балаларыңыз үлкен азамат болып өссін!
Ата-аналар қорытынды сөз айтады:«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.
Кері байланыс Кері байланыс
Оқушының аты-жөні:___________________
1 Жаттығу барысында мен нені ұқтым? _______________
_____________________________________________________
2.Маған ұнады __________________________________________
3.Маған ұнаған жоқ______________________________________
4.Коучингтің соңындағы көңіл-күйіңіз.
Ата-аналар өз кері байланыс береді. Кері байла
ныс парағы
Кері байланыс
Оқушының аты-жөні:___________________
1 Жаттығу барысында мен нені ұқтым? _______________
_____________________________________________________
2.Маған ұнады __________________________________________
3.Маған ұнаған жоқ______________________________________
4.Коучингтің соңындағы көңіл-күйіңіз.
Құрметті ата-ана сіздің шын жүректен жауап бергеніңізге көптен-көп рахмет!